Бүгін Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзін толықтай оқырман назарына ұсынамыз.

 

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр.

Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды.

Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды.

Енді Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады.

Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды.

Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.

Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.

Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады.

Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады.

Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты.

Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады.

Саябақтар ашылады.

Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді.

Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады.

Көптеген шектеулер алынып тасталды.

Алайда, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн.

Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек.

Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс.

Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді.

Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді.

Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі.

Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек.

Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді.

Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс.

Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе.

Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет.

Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін.

Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек.

Індет қайта өршіген жағдайда Үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайды.

Өздеріңізге мәлім, менің тапсырмам бойынша елімізде дағдарысқа қарсы шаралардың екі топтамасы жүзеге асырылуда.

4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілуде.

1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілуде.

Коммуналдық төлемдердің тарифі төмендетілді.

Оны төлеу үшін аса мұқтаж жандар қосымша көмек алады.

2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді.

Қолжетімді несие беру, көктемгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау үшін айтарлықтай қаражат бөлінді.

700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылды.

Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік алды.

Жұмыс барысында олқылықтардың болғанын да мойындауымыз керек.

Індет көп таралып, экономикалық мәселелер қатты ушығып кеткені рас.

Соған орай, біз дер кезінде шұғыл шаралар қабылдадық.

Көптеген мәселе қоғам өкілдерінің белсене қатысуы арқылы шешілді.

Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды кезеңіне айналды.

Коронавирус пандемиясы әлемдік рецессияның басталуына себеп болды.

Тіпті ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін.

Жер-жерде протекционизмнің күшеюі белең алуда.

Экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатыр.

400 миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр.

Әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайды.

Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр.

Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді.

Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас.

Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз.

Енді дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі дамудың басымдықтарына тоқталып өтейін.

Ең бастысы, барша азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Азаматтардың табысын арттыру.

Бизнесті қолдау және оны дамыту. Білім және ғылым жүйесін жетілдіру.

Жуық арада ең өзекті деген мынадай мәселелерді шешуіміз керек.

Первое. Повышение самодостаточности казахстанской экономики.

Для этого следует развивать новые переделы в промышленности на основе имеющейся мощной сырьевой базы.

Нам придется по-новому взглянуть на будущую структуру казахстанской экономики. Определить роль каждого из ее главных секторов: промышленного, энергетического, сельскохозяйственного, сервисного. Другими словами, нужно в срочном порядке выстроить новую структуру экономики.

Очевидно, что значительных реформ потребует энергетический сектор. После кризиса он не будет прежним. В среднесрочном периоде движение в сторону «зеленой энергетики» – насущная необходимость.

Потребует пересмотра наш подход и к индустриализации – следует определить реальные возможности на экспортном и внутреннем рынках, наметить достижимые цели, инструменты и идти вперед.

Грамотное использование госзакупок и закупок квазигоссектора необходимо рассматривать как средство восстановления экономической активности.

Особый порядок государственных закупок, направленный на поддержку отечественных товаропроизводителей, продолжит свое действие до августа текущего года.

Максимальное использование отечественных материалов и оборудования будет зафиксировано как приоритетное условие развития бизнеса.

По инфраструктурным программам предстоит повысить текущий уровень локализации с 40 до 60-70%.

Оценка работы Правительства, акимов и руководителей компаний квазигоссектора будет основываться, в основном, на этом показателе.

Текущая ситуация наглядно, подтвердила известную истину: продовольственная безопасность – ключевой элемент безопасности государства в целом.

Поэтому мы продолжим оказывать максимальную поддержку аграриям.

Дополнительно к уже реализуемым форвардным закупкам будут расширены механизмы финансирования путем введения оффтейк-контрактов и реструктуризации задолженности по кредитам «КазАгро».

В Казахстане порядка 1 миллиона 700 тысяч личных подсобных хозяйств.

Однако их продукция не продается официально через торговые объекты и не поступает на перерабатывающие предприятия.

Государство не получает от них налогов, занятые в таких хозяйствах практически не защищены социально.

Поручаю Правительству совместно с НПП «Атамекен» запустить в нескольких регионах пилотный проект по развитию кооперационной цепочки на селе «от поля до прилавка».

Затем можно приступить к масштабированию проекта и к середине 2021 года разработать полноценную Программу.

В ходе реализации данной программы будет применено льготное микрокредитование по ставке 6% годовых по линии «КазАгро» с использованием инструментов гарантирования Фонда «Даму».

Следует также наладить систему постоянного закупа и сбыта, запустить обучение и повышение агрокомпетенций участников.

Все это повысит доходы около 2 миллионов сельчан, увеличит загрузку отечественных сельхозпредприятий с 53 до 70% и снизит импорт социально-значимых продуктов.

Екінші. Біз «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөліп отырмыз.

Бұл – қомақты қаражат. Оны шағын бизнесті несиелеуге де пайдалануға болады.

Соның бәрі құзырлы орындардың бақылауында болып, толығымен мақсатқа сай жұмсалуға тиіс.

Осы күрделі кезеңде қаржыландырылып жатқан жобалар арқылы ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашу қажет.

Бұған жұмысшыларды барынша көптеп тарту керек.

Үнемі экономикалық табыс әкелетін немесе адами капиталды дамытатын бастамалар қолға алынуы қажет.

Осыған орай, мектеп, аурухана және басқа да нысандар салынып, жаңғырту жұмыстары жүргізілуге тиіс.

Біркелкі нысандардың әр аймақтағы құны өте алшақ болуына жол бермеу аса маңызды.

Өкінішке қарай, мұндай жағдай бізде көп кездеседі.

Жүзеге асқан жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне талдау жасалады.

Третье. Мощным стимулом развития экономики, роста занятости и фактором социальной поддержки должно стать строительство доступного жилья.

Инициированная Елбасы программа «7-20-25» придала большой импульс ипотечному кредитованию и жилищному строительству.

Для решения вопросов очередников поручаю запустить новый проект по обеспечению кредитным жильем «5-10-20». На эти цели в рамках антикризисных средств мы направим 390 млрд. тенге.

В этом году запланированы рекордные объемы строительства в стране – 15 млн. кв. м или 150 тысяч квартир и домов.

Важно продолжить работу по улучшению жилищных условий наших граждан. По сути, это одно из стратегических направлений работы Правительства. Для этого предстоит модернизировать институциональную структуру.

Правительству следует до конца года создать на основе АО «ЖССБК» («Жилстройсбербанк Казахстана») полноценный институт развития и поддержки – «Отбасы банк», который будет централизовано осуществлять учет, постановку и распределение жилья.

Продолжением системных преобразований в этой сфере станет использование нашими гражданами части своих пенсионных накоплений на цели улучшения жилищных условий.

Я ранее давал такое поручение, но в связи с режимом ЧП обсуждение затянулось. Пора принять решение. Правительство должно определиться со своими подходами до 1 июля.

Четвертое. Считаю, что во имя социальной справедливости пришло время проработать вопрос введения прогрессивной шкалы ИПН в отношении заработных плат и других видов дохода.

Смысл прогрессивной шкалы в том, что граждане с невысокими зарплатами будут платить меньше, чем сегодня, а для высокооплачиваемых работников сумма уплачиваемого налога возрастет.

Наша основная цель – вывести из «тени» наиболее массовый, непрозрачный нижний сегмент заработных плат. Если ставка по ним сократится, будет меньше стимулов платить в конверте.

В условиях снижения доходов населения важно продолжить мониторинг состояния рынка потребительского кредитования, чтобы не допустить рост долговой нагрузки граждан.

Агентство по регулированию финансового рынка должно рассмотреть возможность реабилитации заемщиков, имеющих проблемные займы.

Следует также пересмотреть подходы к расчету ставки вознаграждения по займам в зависимости от типа заемщика и типа продукта.

Для защиты интересов граждан будет усилен контроль за небанковскими кредитными организациями, а со следующего года вводится лицензирование микрофинансовой деятельности.

Хочу остановиться еще на одном аспекте нашей социальной политики.

Условием получения новой социальной выплаты была уплата ЕСП. Более 40% ее получателей – люди, впервые выплатившие ЕСП.

Это именно те граждане, которым нужна реальная государственная помощь. Их необходимо максимально вовлекать в экономику.

Нельзя допустить, чтобы эти люди опять ушли «в тень», остались один на один со своими проблемами.

Ведь на государственную поддержку, социальную защиту при наступлении неблагоприятных условий, достойную пенсию в будущем может рассчитывать прежде всего тот, кто работает официально, платит налоги.

Поэтому именно такие граждане наряду с временно безработными должны стать предметом пристального внимания Правительства и акимов.

В рамках рыночной экономики временно потерять работу может каждый, в связи с чем Правительству следует максимально упростить регистрацию на бирже труда, сократить процедуры, время получения статуса безработного и соответствующего пособия.

Пятое. Поддержка национального бизнеса.

В условиях падения спроса, снижения рыночной стоимости активов и залогов крайне важно использовать инструмент гарантирования кредитов Фондом «Даму».

Гарантии фонда будут распространены на займы, выдаваемые в рамках программы Нацбанка по кредитованию оборотных средств.

Ее объем, напомню, составляет 600 млрд. тенге и при необходимости будет увеличен.

Для расширения кредитования экономики Агентством по регулированию и развитию финрынка приняты меры по ослаблению пруденциальных нормативов и снижению давления на ликвидность.

Это позволило высвободить в банковском секторе около 600 млрд. тенге, которые должны быть направлены в экономику страны.

Следует выработать дополнительный комплекс временных пруденциальных мер, расширяющих возможности банков кредитовать экономику.

Отдельного внимания требует микро- и малое предпринимательство. Их возможности полноценно пользоваться стандартными банковскими продуктами сильно ограничены.

В связи с чем поручаю предусмотреть специальные меры для малого бизнеса в рамках программы «Дорожная карта бизнеса».

Правительства и «Атамекен» должны определиться по объему финансирования данного направления.

Еще одной мерой поддержки бизнеса станет расширение перечня отраслей, которым банки и другие финансовые организации предоставляют отсрочку платежей по кредитам.

Туда должны быть включены торговля, обрабатывающая промышленность, транспорт и складирование, проживание и питание, информация и связь, образование и здравоохранение.

Создание диверсифицированной экономики с упором на обрабатывающую промышленность остается нашим приоритетом.

Для реализации долгосрочных проектов в этом секторе нужно обеспечить дополнительную капитализацию Банка развития Казахстана.

Кроме того, за счет средств, собираемых в рамках расширенных обязательств производителей, можно создать Фонд развития промышленности. Его работа будет направлена на обеспечение доступного кредитования прорывных обрабатывающих предприятий по ставке не более 3%.

Шестое. В условиях усиленной конкуренции за иностранный капитал следует перейти на прямую работу с каждым держателем капитала.

Предстоит разработать индивидуальные меры поддержки для каждого инвестора на основе приоритетности и потенциального эффекта на экономику в целом.

В рамках этой важной работы Правительство должно обеспечить режим стабильности всего инвестиционного законодательства для стратегических инвесторов в приоритетных отраслях.

Предстоит активизировать использование потенциала Международного финансового центра «Астана» для привлечения инвестиций и развития фондового рынка.

Это особенно важно в свете предстоящей приватизации госактивов.

Следует также обеспечить доступ казахстанских предпринимателей к использованию преимуществ английского права и арбитража МФЦА при решении бизнес-споров.

Нужно начать работу по поэтапному переводу отдельных структур, принадлежащих национальным компаниям, из иностранных юрисдикций в МФЦА.

Мы не сможем добиться доверия иностранных инвесторов, если наши собственные компании выбирают иностранные юрисдикции.

Правительство, МИД и загранпредставительства должны усилить продвижение программы инвестиционного налогового резидентства МФЦА.

Администрация Центра работает над новой Стратегией до 2025 года.

В текущих непростых условиях ключевую роль приобретает доверие инвесторов, бизнеса к национальной валюте, денежно-кредитной политике.

В этой связи чрезвычайно важно добиться уменьшения спекулятивных атак на национальную валюту. Это задача Национального Банка и Агентства по регулированию финансового рынка.

Седьмое. К сожалению, как и во всем мире, нам не удастся сохранить все предприятия и все рабочие места, обеспечить стабильность каждого бизнеса.

Поэтому важно на нормативном уровне признать введение режима чрезвычайного положения форс-мажорным обстоятельством для секторов экономики, наиболее пострадавших от введения режима ЧП.

При этом при обращении в суд представителей индивидуальных предпринимателей и малого бизнеса чрезвычайное положение должно признаваться форс-мажорным обстоятельством.

Также важно в этот непростой период поддерживать экономическую активность действующих предпринимателей, защищать частную собственность и конкуренцию.

С целью недопущения давления со стороны недобросовестных кредиторов поручаю приостановить возбуждение процедуры банкротства в отношении юридических лиц и индивидуальных предпринимателей до 1 октября текущего года.

Далее. В результате предыдущих кризисов на балансах банков скопилось значительное количество неработающих активов, которые исключены из экономического оборота.

Банковским структурам необходимо разработать предметные планы по реализации неработающих активов, одновременно усилив контроль и оценку ответственного персонала банков.

Агентству по регулированию и развитию финансового рынка в рамках риск-ориентированного надзора требуется усилить мониторинг и контроль работы банков со стрессовыми активами.

Системным решением является создание цивилизованного рынка неработающих активов. Следует создать простой и рабочий механизм секьюритизации и страхования.

* * *

Азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға арналған осы және басқа да шараларды жүзеге асыру үшін Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп жатыр.

Бұл жоспар жуық арада бекітіледі.

Мемлекеттік органдар оны жүзеге асырудың барлық жолдарын мұқият пысықтауы қажет.

Сондай-ақ, олар өздерінің орынсыз әрекеттері арқылы бұл шаралардың маңыздылығын жоққа шығаруға жол бермеуі керек.

Дағдарыстың күрделі кезеңін қалай еңсеретініміз, елімізді және экономиканы одан әрі дамуға қалай бейімдейтініміз осыған байланысты.

Біз дағдарыс салдарынан әлемдегі ахуалдың және ұлттық экономиканың түбегейлі өзгергенін анық көріп отырмыз.

Қазіргі ахуал мен факторлар, алдағы өзгерістер 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жаңа нұсқасында ескерілуге тиіс.

Жоспарда экономиканы және мемлекетті басқару ісін барынша жандандыратын институционалдық және құрылымдық реформалар қамтылуы қажет.

Уважаемые коллеги!

Текущий кризис показал всему миру, насколько важны вопросы социальной сферы: медицины, образования, социальной защиты.

Нам необходимы коренные преобразования, направленные на повышение качества системы охраны здоровья, полноценное технологическое переоборудование медучреждений, повышение компетенций медицинского персонала.

Требуется адаптация системы к быстрому реагированию на чрезвычайные ситуации любого характера.

Должны быть выработаны подходы для инфекционного контроля населения, внедрения телемедицины и удаленной диагностики.

Предстоит кардинально усилить национальную санитарно-эпидемиологическую службу.

По всей видимости, COVID-19 и подобные ему вирусы не являются одноразовым явлением. Поэтому нам следует быть постоянно готовыми не только с практической, но и с научной точки зрения.

Правительству следует сформировать Совет по биологической безопасности с привлечением авторитетных ученых и экспертов.

Образование следует сделать гораздо более гибким, следует разработать протоколы и методики обучения детей и студентов в удаленном режиме, завершить реальную цифровизацию всех учебных заведений страны.

Необходимо форсированно внедрять современные дистанционные технологии. Предстоит пересмотреть содержание образовательных программ, сделать их доступными и интерактивными.

Подготовка самих педагогов должна осуществляться с учетом новых требований.

Важнейшим направлением Стратегического плана страны станут преобразования системы государственного управления.

Новые подходы будут внедряться, в том числе и в соответствии с постпандемическим переосмыслением обстановки.

Успешно реализованный удаленный формат работы показал востребованность и адекватность применения современных технологий при принятии важных государственных решений.

Предлагаю в качестве устоявшегося новшества максимально проводить совещания и заседания Правительства, министерств, акиматов в дистанционном формате.

Следует исключить ненужные процедуры, согласования, совещания, пустую трату времени и средств. Эта практика изжила себя. Решения нужно принимать быстро, и, самое главное, выполнять их.

Важно сохранить определенный заряд инициативности, принятия ответственности на себя и в поствирусный период.

Нам нужен обновленный эффективный и компактный госаппарат, быстро и оперативно принимающий решения в ответ на изменение обстановки.

Продолжится реформа государственных институтов развития.

В рамках реализации моего Послания народу реформирование их структуры, уточнение целей и задач, наконец, началось.

Предстоит до конца решить вопросы дублирования ряда функций, вопросы дальнейшей приватизации, доступа отечественных предпринимателей к закупкам квазигоссектора.

Следует переосмыслить суть концепции электронного правительства, полностью вывести в режим онлайн операции по получению консультаций, справок, подачи заявлений, а язык «egov» сделать простым и понятным для населения.

Общение между бизнесом и государством полностью перейдет в цифровой формат и станет бесконтактным.

Для этого будет завершена оцифровка всего процесса получения государственных услуг и мер поддержки.

Важно придать новый импульс всем процессам цифровизации экономики и общества.

Құрметті әріптестер!

1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында су тасқыны болды.

Бұл – техногенді сипаттағы төтенше жағдай.

Мақтаарал ауданына қарасты 5 ауылдың 1 мыңнан астам тұрғын үйін су басып қалды.

Сондай-ақ 9 елді мекенді су басу қаупі туындады.

Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында су тасқынының әрі қарай таралуына жол бермедік.

Қазір су тасқынының зардаптарын жою, тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету басты назарда.

Біз ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдаймыз.

Жалпы күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынады.

Зардап шеккен әрбір адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны өтеледі.

Жалпы, зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Оларға жәрдем береміз.

Зардап шеккен ауданға көмектесіп жатқан азаматтардың бәріне ризашылығымды білдіремін.

Тасқын болған жерде әкімдік, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдай жөніндегі комитет бөлімшелері және полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Отандық және шетелдік ірі бизнес өкілдері де зардап шеккен тұрғындарға айтарлықтай көмек бергенін ерекше атап өткен жөн.

Мұндай азаматтарды халқымыздың шынайы патриоттары, тілеулестері деуге болады.

Баршаңызға алғыс айтамын!

Қазақстандықтар бұл жолы да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді.

Біз бірге болсақ, барлық қиындыққа төземіз.

Кез келген міндетті орындауға мүмкіндігіміз жетеді.

* * *

Біз күрделі кезеңді бастан өткерудеміз.

Халқымыздың бекем бірлігі бәрімізге күш-қуат береді.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Біз бұған дейін талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да еңсереміз деп сенемін.

Дүйсенбі, 11 Мамыр 2020 09:35

Ерлердің ерлігі ұрпаққа үлгі

"Батырлық, ерлік деген не?" деген журналист сұрағына біздің Кеңес Одағының батырлары, Даңқ орденінің толық иегерлері, қысқартып айтқанда, былай деп жауап қатқан еді кезінде: "Ерлік - қаруыңды қатты сыйлап, қолдана білу". "Қорқынышыңды жеңе біліп, жауды үрейлендір!". "Соғыса білу - ауыр еңбек, үйрену, оқы". "Ең бастысы, кімді қорғап, кімді сақтап отырғаныңды біл! Отан - біреу, отбасың - қымбат. Ұрпағың үшін қаныңды да, жаныңды да аяма!"

Осыны айтқан ерлеріміз бүгін жоқ жанымызда. Майдан шебінде қаза тапты, соғыстан кейінгі жылдары өмірден өтті. Ерліктері елге, ұрпақтарға үлгі болып қалады. 

 

 

Жүнісбай Қайыпов

 

Неміс фашистері 1942 жылы Ленинград қорғанысын бұзып өтуге соңғы әрекет жасағанда, танкке қарсы қолданатын зеңбірек командирі Жүнісбай Қайыпов әскери шеберлік пен асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Жаудың он танкісін Жүнісбай Қайыповтың зеңбірекшілері бірінен соң бірін қиратты. Жау қарсы шабуылға төтеп бере алмай кейін шегінді. Осындай жанқиярлық ерлігі үшін Ж.Қайыпов ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Қаланы  қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылдың қаңтарында 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1944 жылдың қаңтарында Ленинград облысының Колцы, Мотырово елді мекендерін азат ету ұрысында старшина Жүнісбай Қайыпов басқа жауынгерлермен бірге миномет батереясын, 4 дзот пен танкке қарсы қолданатын зеңбіректің үнін өшірді. Сөйтіп, жаудың алғы шебін басып алуға мүмкіндік жасады. Ал, 20 қаңтарда оның басқарған жауынгерлік тобы Новогород қаласына бірінші болып кіріп, жау қолын көп шығынға ұшыратты. Ақпан айында осындай бір кескілескен ұрыста ол ерлікпен қаза болды. Ж.Қайыповқа ерлігі үшін 1944 жылдың шілдесінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Батырдың атында Қазақстан ауылында мектеп, көше бар. Өзі туған Жаңатұрмыс ауылы Жүнісбай Қайыпов деп аталады.

 

Рақымжан Тоқатаев

Еңбек жолын Есiк қаласында ұстаз болып бастады. 1942 жылы Кеңес әскерiнiң қатарына алынып, Украина майданы құрамында Курск, Киев, Житомир бағытындағы шайқастарға қа-тысып, Чехословакияны жаудан азат етуге қатысты. Старшина дәрежесiнде танкке қарсы зеңбiректiң көздеушісi болды.

1945 жылдың көктемiнде Карпат жотасында болған ұрыста 13 немiс бронды техникасын жойды. Сол шайқаста көрсеткен ерлiгi үшiн «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелi «Даңқ орденiмен» марапатталды.

«Сталинское знамя» атты майдан газетi бұл оқиға туралы 1945 жылы былай жазған: «Н… елдiмекенi маңайында болған оқиға бiздiң бөлiмге, тiптi, бүкiл әскери құрамға танымал болды. Сержант, 76 мм. зеңбiректiң көздеушісi, Рақымжан Тоқатаев танкке қарсы жауынгерлiк ерлiк көрсетiп, бiр ұрыста 13 немiс танкiсi мен броньды техникасын жойды.

Түн. Кеңес жауынгерлерi автомат, мылтық, пулемет арқылы немiстерге қарсы атыс жүргiздi. Артиллерия атысқа қосылмады – оқты бұдан маңызды шайқасқа сақтады. Тез арада танк ша-буылы басталуы мүмкiн. Қарымта шабуыл сағат 14:00-де басталды. Жау, түтiн бүркеуiн пайдалана отырып, 18 бронебiрлiгiн шайқасқа шығарды. Сол кезде сақтаған артиллерия оқтары iске жарады. Зеңбiректiң көздеушісi Тоқатаев Рақымжан бұл ұрыста 13 немiс танкiсiн жойды. Әдiсшiл және ержүрек жауынгер бұл күшi тең емес ұрыста жеңiп шықты».

Соғыстан кейiн Рақымжан Абай атындағы пединститутының физика-математикалық факуль-тетiн бiтiрiп, бiлiм беру жүйесiнде дәрiс берiп, еңбек жолымен ұстаздықтан мектеп директорына дейiн өттi. Есiк қаласында Рақымжан аға директор болып қызмет жасаған мектепке және осы мектеп орналасқан көшеге Р. Тоқатаев аты берiлдi.

 

Төле Кенжебаев

Төле Кенжеба-ев 1942 жылдан Ұлы Отан соғысы-на қатысқан. 60- гвардиялық атты әскер полкінің жауынгері. Кенжебаев 1943 жылы 27 қыркүйекте Нивки деревнясы жанында Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өтті. Өзеннің оң жағалауында жауып тұрған оқтың астында қалтқысы бар екі салды 200 м жерден сүйреп, Кеңес әскері тұрған жағалауға жеткізді. Осылайша бөлімшелердің оң жағалауға өтуін қамтамасыз етті. Кенжебаев жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысып, 3 жауынгерін өлтіріп, бір офицерді тұтқынға алды. 30 қыркүйекте Галки селосы үшін болған ұрыста ол жаудың 2 әскерін жойды. Қыркүйектің соңында Кеңес әскері Днепр өзеніндегі ұрыстарда шешуші табыстарға жетті. Осы кезде көрсеткен ерекше ерлігі үшін Кенжебаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.9. 1944).

 

Петр Вихрев

Мәскеу шайқасында генерал-майор  И.В.Панфилов қол-басшылығындағы 316 ат-қыштар дивизиясы жауға қарсы тұрды. Мәскеу түбіндегі Волоколамск тас жолы бойындағы қанды қырғында панфи-ловшылардың, әсіресе Бауыржан Момышұлы басқарған құрамалардың ерлігі жауды қайран қалдырды. Сол жылдың 16 қарашасында 1075 атқыштар полкінің 28 танк жоюшылар тобы Дубосеково разьезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Осы полктің 8 гвардия ротасының саяси жетекшісі, Шелектің тумасы П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгері 5 танкі мен 2 взвод жау әскерін жойды. Қиян-кескі ұрыста Петр Борисович Вихрев жалғыз қоршауда қалып, гранатамен жаудың екі танкісінің күлін көкке ұшырды, өзі де ерлікпен қаза тапты. 1943 жылдың 31 наурызында ерлік жасап мерт болған Петр Вихревке бір жарым жылдан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Масим Разухунович Якубов

Масим Якубов 1914 жылы 25 ақ-панда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Амангелді ауылында өмір-ге келген. 1942 жылы 836-атқыштар полкында қа-тардағы жауынгер болып со-ғысқа кірген. 1943 жылдың қыркүйегінде Кеңес одағының қарулы күштері Днепр өзенінің жағасына шығып, арғы бетке батыс жағалауға шығуға дайындалды. Жау әскері өзеннің оң жағалауына мықты бекіністер салып, өзеннен өту-ге мүмкіндік бермей үздіксіз артиллерия, миномет снарядтарын жаудырумен болды. Осы жағдайда старшина Якубов құрамында болған дивизияға арғы бетке өтіп, плацдарм, яғни әскерлер шабуылын дайындайтын алаңды алып, кеңейту бұйрығы берілген болатын. 27 қарашаның түнгі мезгілінде полк бөлімшелері балықшы қайықтарымен, салмен қарша борап тұрған оқ астында 25 жауынгер өзеннен өтіп, шағын алаңға бекініп алды. Бұл топтың құрамында старшина М.Якубов та бар еді.Ержүрек жауынгерлер тәулік бойы плацдармды ұстап батальонның Днепрден өтуін қамтамасыз етті. 4 қазанда дивизия жау қорғанысының тас-талқанын шығарып, плацдармды сенімді бекініске айналдырды. Бұл операцияға ержүректікпен қатысып, жауынгерлік ерліктің үлгісін көрсеткен дивизия сарбаздарының қатарында жерлесіміз Масим Якубов та бар еді. 1943 жылы 13 қарашада қабылданған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен старшина Масим Якубовқа Батыр атағы берілген.

 

Николай Иванович Терехин

Николай Иванович Терехин родился 25 декабря 1901 года в с.Михайловское, ныне с.Тургень Енбекшиказахского района в крестьянской семье. В 1920 году вступил в Красную Армию, участвовал в Гражданской войне. В 1924 году окончил Оренбургскую кавалерийскую школу, стал кадровым военным. С первых дней войны в действующей армии. Сражался на Южном, Западном, Юго-Западном и Воронежском фронтах, оборонял Молдавию и Украину, участвовал в битве за Москву, Ржевско-Вяземской, Киевской и других наступательных операциях. Служил  заместителем командира 5 гвардейского кавалерийского полка 1 гвардейской кавалерийской дивизии, в звании гвардии подполковника командовал 4 гвардейским Катовицким Краснознаменным полком 2-й Крымской дивизии.

Полк под командованием Н.И.Терехина особо отличился в ходе Сандомирско-Силезской и Берлинской операций. В ходе наступления на Берлин    кавалеристы Н.И.Терехина захватили плацдарм на западном берегу р.Эльба близ г.Майсена и стойко удерживали его, отражая контратаки противника. Н.И.Терехин награжден двумя орденами Ленина, тремя орденами Красного Знамени, орденами Александра Невского, Отечественной войны второй степени, боевыми медалями. За личное мужество и умелое руководство полком при форсировании рек Одер, Нейссе, Шпрее и Эльба подполковнику Терехину Николаю Ивановичу было присвоено звание Героя Советского Союза.

 

Әлікбай Қосаев

Москва  түбіндегі  Дубосеково  разъезінде  жиырма  сегіз  панфиловшылар күші басым  фашистермен теңдесі  жоқ  шайқаста жаудың 18  танкісін жойып, бір  адым кейін шегінбеген ерлігі  елге аян. Сол      жиырма  сегіздің ішінде жерлесіміз  Есік  ауылында 1905 жылы 11  мамырда  өмірге  келген  Әлікбай Қосаевқа алғашқы болып  батыр  атағы  берілген. Туып өскен елді  мекенінің  іргесінде  тиіп тұрған Алматы қаласында  еңбек  етіп, өмір  кешіп жүрген  Әлікбай алғашқылардың бірі  болып әскер қатарына әйгілі 316 атқыштар  дивизиясының  1075 атқыштар  полкінің 2-батальоны 4-ротаның  құрамында соғысқа кірген.

 Дубосеково шайқасында танктер шабуылына  тойтарыс беру  үстінде Әлікбай Қосаев ауыр жарақат алады. Соған  қарамастан қолына бумалап  байлаған  гранатасымен  қарсы  келген  танкті жарып өзі де ерлікпен қаза  табады.

 

Төлен Қабылов

Асысаға ауылының тумасы Төлен Қабылов 1942 жылы майданға аттанды. Ол Сталинградты, Қырымды, Донды, Украинаны, Белорусьті, Литваны азат ету үшін болған ұрыстарға қатысты. Әсіресе, кешегі Кенигсберг қазіргі Калининград қаласы үшін болған шайқаста батылдығымен ерекшеленді. 1945 жылы 10 сәуірде жау басым күшпен Кенигсбергтің шығыс жағындағы Модиттен ауданы жағынан қарсы шабуылға шықты.

«Фердинанд» танктері қорға-ған жау жендеттеріне қарсы сержант Төлен Қабыловтың бөлім-шесі қарсы тұрды. Бір адым да артқа шегінбей, ерлікпен соғысуға тура келді. Төніп келе жатқан танкке Төле граната атып қиратып, өзі де мерт болды.

1945 жылдың 19 сәуірінде Төлен Қабыловқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ол бұдан бұрынғы шайқастарда ерлігімен еленіп, «Қызыл Жұлдыз», ІІІ Дәрежелі «Даңқ» орденімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

 

Иван Федорович Беляков

1926 жылы 30 тамызда Есік қаласында шаруа отбасында өмірге келген. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Бірінші Белорусь майданының 61-армиясындағы 12-атқыштар дивизиясының құрамындағы гвардиялық атқыштар полкында пулемет көздеушісі болды. Германия жеріндегі Одер өзенінен шайқаса отырып, өту операциясында ерекше көзге түседі. Осы шабуыл барысында Иван Беляков Одерден алғашқылардың бірі болып өтіп, бірнеше жау пулеметтерінің үнін өшірген. Өз пулеметі істен шығып қалғанда Иван Беляков автоматпен оқ жаудырып, граната лақтырып, өз бөлімшесімен плацдармды күні бойы жауға бермей ұстап тұрған. Осы ерлігі үшін Есік қаласының тұрғыны болған жерлесіміз Иван Федорович Беляковқа Кеңес одағының батыры  атағы берілген.

Соғыстан кейін Иван Беляков көп жылдар бойы Алматы қаласындағы Ішкі істер органдарының қатарында қызмет атқарған.

 

Сушков Николай Семенович

(полный кавалер ордена Славы)

Николай Семёнович Сушков родился в 1922 году в с.Евгеньевка (ныне с.Байдибек би) Енбекшиказахского района. После семилетки с 1939 года трудился в колхозе. В октябре 1941 года призван в действующую армию. Служил наводчиком ПТР 1339 горно-стрелкового полка 318 горно-стрелковой дивизии в звании рядового. Отличился в осеннем наступлении 1944 года в бою в районе Новый Мизунь Ивано-Франковской области (Украина). Был награжден орденом Славы 3 степени. В 1945 г. Н.С.Сушков  за участие в    боях под г.Кошице (Словакия), где был тяжело ранен, удостоен ордена Славы  2 степени. В марте-апреле 1945 г. рядовой Н.С.Сушков под огнем противника первым ворвался в населенный пункт Охабы (Польша), поразил пулеметную точку противника, поджег самоходное арторудие и истребил его экипаж, вновь получил ранение. В 1946 г. за этот бой награжден орденом Славы 1 степени.

В 1946 году Николай Семенович демобилизовался из армии в звании старшины, вернулся на родину, в Енбекшиказахский район. Жил в с. Тургень, работал на Тургенском  ремонтно-механическом заводе.

 

Шахворостов Сергей Михайлович

Сергей Михайлович Шахворостов родился 29 августа  1924 года в с.Евгеньевка (ныне с.Байдибек би) Енбекшиказахского района в семье рабочего, окончил 7 классов школы, фабрично-заводское училище. В 1942 году был призван в действующую армию. Участник Сталинградской битвы, в боях за Сталинград удостоен медали «За отвагу». В должности командира отделения саперного взвода 273 гвардейского стрелкового полка 89 гвардейской стрелковой дивизии во время форсирования Днепра обеспечивал переправу передового отряда. В ночь на 30 сентября 1943 года под огнем противника С.М.Шахворостов сделал 8 рейсов через Днепр, доставив на правый берег 50 бойцов и 30 ящиков с боеприпасами. В декабре 1943 года был тяжело ранен, демобилизован в 1944 году. Указом  Президиума Верховного Совета СССР от 22 февраля 1944 года за мужество, отвагу и героизм гвардии младшему сержанту С.И.Шахворостову присвоено звание Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали «Золотая Звезда».

В 1948 году Сергей Михайлович окончил Казахский государственный институт физкультуры. Жил в г.Алматы, работал в спортобществе «Трудовые резервы». На месте форсирования Днепра установлен бюст Героя.

 

Қашаған Жаманқараев

Курск облысының  Романова деревнясында болған шайқаста жаудың екі  танкісін  өртеп,  қалғандарын  тым-тырақай қашуға мәжбүрлеген  Қа-шаған  Жаманқа-раевтің  1943-тің тамызындағы ерлігі  дәл сол жылғы қазан айында Украинаның  Киев  облысындағы Днепрдің оң  жағалауындағы алынған  плацдармды алып, жаудан қорғау барысында тағы екі танкті отқа орап, бір взвод  фашистерді жаһаннамға жіберген батырлығы үшін гвардия аға сержанты Қ.Жаманқараевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріл-ген еді. Міне, қаракемерлік қос   батырымыздың бірі қазақтың  хас батыры Қашаған  ағамыздың  сырттан  келген жаудың  бетін  қай-тарған  ерлігі.

 

Ыбырайым Қалдыбаев  

(Даңқ (Слава) орденінің толық кавалері)

Ыбырайым Қалдыбаев 1942 жылы майданға аттанып, туған жерге жеңіс  туын желбіретіп оралды. Душанбе қаласында әскери-оқу дайындығынан өткен соң, ол 4-ші кавалериялық корпустың 61-ші кавалерлік диви-зиясындағы 13-ші жекелей атты-артиллериялық дивизонының құра-мында артиллерист-барлаушы болып, сол жылдың 19 қарашасында алғаш Сталинград түбінде ұрысқа қатысты. Бұл шайқас екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.

Жеңіс жолындағы шайқасты Ы.Қалдыбаев Орлов-Курск иінін-дегі, Днепр өзенінен өтердегі, Лоева қаласындағы қырғындарда жалғастырды. Сондай-ақ, батыр жерлесіміз І-ші Белорусь майданының құрамында Мозырь, Варшава қалаларын азат ету ұрыстарының бел ортасында жүріп, ерлігімен ерекшеленді. Эльба өзені жағасында соңғы шайқасқа қатысып, ауылға аман-есен оралды. Отан қорғау барысында ерліктері ескеріліп, «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Бұл деген Кеңес Одағының Батыры атағымен тең еді. Бірнеше медальдармен, сондай-ақ жоғарғы бас қолбасшы И.Сталиннің 10 рет алғысына ие болды.

Соғыстан кейін Ы.Қалдыбаев Нарынқол және Шелек аудандарының ауыл шаруашылығы өндірісі салаларында еңбек етіп, 1978 жылы құрметті еңбек демалысына шықты

 

 

Василий Ильич Харламов

1921 жылы 14 қаңтарда Есік қаласында өмірге келген. Жамбыл қаласындағы теміржол училищесін бітіріп, теміржол бекетінде электротех-ник мамандығы бойынша жұмыс істеген. Жұмысшы-шаруа қызыл армия қатарына шақырылып қызмет атқарып жүргенде 1942 жылы желтоқсан айынан  бастап Ұлы Отан соғысы майдандарындағы шайқастарға қатысқан. 1944 жылы кіші командирлер курсын аяқтап, Белорусь майданы құрамындағы 4-і атқыштар дивизиясының 220-атқыштар полкінде пулемет взводының командирі болды. Украинаның Волын облысын фашистерден азат етуде ерекше көзге түседі.

1944 жылғы   маусымында Ковель ауданының Властник деревнясы маңында жаудың он шабуылына тойтарыс беріп, ондаған фашистердің солдаттары мен офицерлерін жойған. Осы ерліктері үшін кіші лейтенант Василий Харламовқа Батыр атағы берілген. 1947 жылы капитан шенінде запасқа жіберіліп, Алматы қаласында еңбек етіп, 1998 жылы өмірден озған.

 

Александр Фёдорович Петров

 

Участник Великой Отечественной войны, командир отделения миномётной роты 231-го гвардейского стрелкового полка 75-й гвардейской стрелковой дивизии 30-го стрелкового корпуса 60-й армии Центрального фронта, Герой Советского Союза (1943).

Родился 14 августа 1920 года в селе Тургень ныне Енбекшиказахского района Алматинской области. Окончил 6 классов школы в городе Алма-Ата, работал электромонтёром.

В Красную Армию призван в 1940 году. Служил на Дальнем Востоке, в городе Комсомольск-на-Амуре. Во время Великой Отечественной войны был командиром расчёта, затем отделения миномётной роты 231-го гвардейского стрелкового полка 75-й гвардейской стрелковой дивизии.

Участвовал в битве на Курской дуге.

Особым героизмом гвардии ефрейтор Петров А. Ф. отличился при форсировании реки Днепр.

Указом Президиума Верховного Совета СССР от 17 октября 1943 года за успешное форсирование реки Днепр севернее Киева, прочное закрепление плацдарма на западном берегу реки Днепр и проявленные при этом мужество и героизм гвардии ефрейтору Петрову Александру Фёдоровичу присвоено звание Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали «Золотая Звезда»

 

Сенбі, 09 Мамыр 2020 08:18

Өнегелі өмір

Кадыров Магруф Гапбасұлы 1957 жылы қыркүйек айының 12 жұлдызында өнегелі, тәрбиелі отбасында дүниеге келген. Ұлты – татар, білімі – жоғары. 1964 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алдабергенов ауылында Матай Байысов атындағы орта мектепке барып, 1974 жылы тәмамдап шықты. Қарағанды қаласындағы Коопертивтік институтты зооветеринар мамандығы бойынша және Алматы қаласындағы Ұлттық аграрлық университетін тауартану және орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Мектеп қабырғасынан бастап кәсіпке бейімделіп өскен Магруф Гапбасұлы еңбек жолын 1975 жылы Алакөл ауданы, Киров атындағы орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. 1976 жылдан бастап 1978 жылға дейін Отан алдындағы борышын өтеп келіп, Алакөл ауданы оқу ағарту бөлімінде автокөлік жүргізушісі ретінде жұмыс істеді. 1980-1993 жылдар аралығында Талдықорған қалалық тұтынушылар қоғамында дайындаушы, қойма меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1989-1993 жылдар аралығында «Береке» Агроөнеркәсіп мекемесінің бастығы қызметін атқарды. 1993-1999 жылдар аралығында «Лингвист» акционерлік қоғамының бастығы. 1999-2013 жылдар аралығында орталық базардың бастығы қызметін атқарады. 2013-2017 жылдар аралығында «Жаркент мал өнімдері» ЖШС мекемесінде басшы болып жұмыс істейді. Сонымен қатар 2017 жылдан бастап жеке шаруа қожалығын ашып осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығының дамуына орасан зор үлесін қосып келеді.
Кадыров Магруф Гапбасұлы біртоға ірі тұлға, кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол, өз ісінің шебері, досқа адал, жомарт, қарапайым, мейірімді, сабырлы жан. Ұжымда, туған-туыс, дос-жаран арасында адамгершілік қасиеттері, білім-білігі үшін сый-құрметке ие.
1999-2005 жылдар аралығында «МКС- Ақбоз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, аудан көлемінде асыл тұқымды «Симанталь» сиырын Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан «Дегерес», «Байыс» асыл тұқымды қой, Ақтөбе облысынан асыл тұқымды жылқының « Жебе» түрін алып келіп Республикалық ғылыми өндірістік зерттеу орталығынан ғалым мамандарымен тұқым сапасын арттыруда еңбек етіп, асыл тұқымды шаруашылыққа айналдырды.
2012 жылы өңірімізге асыл тұқымды «Әулиекөл» сиырларын алып келіп, жерсіндіріп, Республикалық палатада тіркеуге қойылған. Қазіргі уақытта ауданымызда мемлекеттік бағдарламамен салынған мал сою «Жаркент Мал Өнімдері» пунктінің жұмысын жолға қойып, ауданымыздың экономикасына үлесін қосуда. Аудан намысын республикалық облыстық сайыстарда бәйгеге жүйріктерін қосып жүлделі орындарға ие.
Қоғамдық әлеуметтік іс шараларға белсене араласып, сыбағалы үлесін қосуда. Қайырымдылық шараларымен тұрақты түрде шұғылданып жүрген азамат 18 жыл ұдайы Талды селолық округіне қарасты елді мекендерде тұратын Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерін және Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген ардагерлерді сый-құрметке бөлеп, марапаттауда. Сонымен қатар, балалар үйіне, спорт кешендерін, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жеке азаматтар мен азаматшылардың өтініші бойынша көрсетілген қаржылай көмектері қаншама. Сонымен қатар 75 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп келеді. 22 наурыз мерекесіне байланысты 500-ден аса адамға наурыз көжемен қонақ қылып, ел алғысына бөленді. Кейінгі жас шаруа қожалықтарына өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында асыл тұқымды «Әулиекөл» ірі қара төлдерінен беруде.
Сонымен қатар бала кезінен 50 жылдан астам уақыт мерзімінде атбегілік кәсібімен айналысып келеді, асыл тұқымды жүйрік сәйгүлікетерімен облыс, аудан рейтингтерін көтеріп жүлделі 1 орындарға ие болып жүр, көптеген шәкіртер дайындауда.
«Суан баба» қорына 1500000 теңге қаржылай аударып, қордың жағдайын жақсартып, шежіре шығаруға сүбелі үлесін қосты. Елбасының нақтылы қойған баршаға бірдей осы заманғы 5 реформасын жүзеге асыру жолында «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» стратегиялық бағдарламасына өзінің үлесін еңбек майданында қосып келеді.
Кадыров Магруф Гапбасұлы Панфилов ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының және Астананың қалыптасуына үлес қосқаны үшін «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес – рейтинг ұйымдастыру комитетінің «Сапа көшбасшысы» номинациясының жеңімпазы атанып, «Қазақстан Даңқы» орденімен марапатталған.
2014 жылы Женева қаласында ауыл шаруашылығының дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін халықаралық «Европалық сапа Гран-При» медалімен және Дипломымен марапатталған.


Отбасының отағасы, бес баланың әкесі
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Бейбіт өмірге 75 жыл. Алматы облысы Панфилов ауданында «Кадыров мал өнімдері» шаруа қожалығын басқарамын. Бұл шаруа қожалық Талды ауылдық округінде 18 жыл бойы ұдайы 9 мамыр Ұлы Жеңіс мейрамына орай соғыс және тыл ардагерлеріне демеушілік көрсетуде. 18 жыл бұрын Талды округінде 11 соғыс ардагері, 35 тыл ардагері болған. 75 жылдыққа 13 тыл ардагері және 1 соғыс ардагері жеткен. Ардагерлер ерлігі мен тың еңбектері өлшеусіз. Осыған орай аудан әкімі Талғат Өмірәлиев мырза жеке өзі барып, Көктал ауылдық округінде тұратын соғыс ардагеріне өзінің марапатын, сый-құрметін жасап қайтты. Барлық тыл ардагерлерінен Ресей Федерациясынан мерекелік медальдар тапсырылуда.
Осы ерлікті, отанға деген патриоттық сезімді болашақ ұрпаққа қалдыру үшін, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен 18 жыл бойы кездесулер, кештер ұйымдастырылып келеді. Биыл төтенше жағдайларға байланысты мұндай іс-шаралар тоқтатылды. Талды ауылдық округінде жыл сайын 9 мамырда Дәне Рақышев атындағы орта мектептің ұйымдастырумен театрландырылған көріністер көрсетіліп, соғыс ардагерлерінің ерліктерін ұлықтайтын. Биыл төтенше жағдайға байланысты әрбір мектепте онлайн сабақтар өткізіліп жатыр. Соған орай, осы Ұлы Жеңіс күніне арнап онлайн құттықтаулар, ізгі тілектер мен онлайн жобалар жасалынып жатыр.
Жыл сайын демеушілік пен қайырымдылық жқмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Мүгедектер қоғамына, зағиптар қоғамына, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектер көрсетіліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балаларға арнап Жаңа жыл шыршасын ұйымдастыру, 20 бойы демеушілік көрсетіп келеді. Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғалар кезінде Арыс апаты кезінде, облыстағы бөгеттің жарылуы кезінде де көмегін аяған емес. Енді мынау Түркістан облысындағы жағдайға байланысты «НұрОтан» партиясының «Біз біргеміз!» қоры арқылы көмектерін көрсеткелі отыр.
Ай сайын 2 отбасыға азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Шаруа қожалығынан басқа ет комбинаты жұмыс істейді. Ет комбинаты ветеринарлы-саниталық нормаларды қатаң сақтап, таза ет өнімдерін сатылуына көңіл бөлуде. 57 отбасын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жетімдер үйінен шыққан 2 баланы қамқорлығына алып, тәрбиелеп, ары қарай отбасын құруына дейін көмектесіп бауырына басқан. Біреуі кәмелеттік жасқа толып, отбасын құрып, жеке шаңырақ көтеріп, бүгінде елге қызмет етіп отырған азамат.
Төтенше жағдай кезінде көпбалалы аналарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлікпен көмек көрсеткен және 7 ірі қара малын сойып таратты. Наурыз мерекесі, аудан көлеміндегі қорларға, балалар үйіне, спорт шараларына, спортшыларға демеушілік көрсетіп келеді.
Кадыров Магруф: Мен еңбек жолымды бала кезімде әкеме мал шаруашылығына қолғабыс етіп бастадым. Әкем Гапбас жылқы бағып, жүйрік ат мінген. Әке жолын қуып жүйрік ат баптап, тұлпар тізгіндеп, қадір-қасиетін бағалап дәріптеп өстік. Нағашыларым әйгілі Мусиндер әулеті ат шаптырып, жүйрік аттарды өсірген. Семей қаласында 1918 жылдары мешіт салған, қазіргі кезде Семей қаласында музей ғимараты болып есептелінеді. Кеңес үкіметі кезінде тұтынушылар қоғамында еңбек еттім. Бірақ ешқашан атбегілік кәсібімді тастаған емеспін. Ауыламызда бір сәтте жүйрік ат үзілген емес. Бақ пен бап бір болып, талабым оң болып Доллар, Телқоңыр, Тимуджин, Барыс, Қарқара, Жұлдыз атты аттарым жүлделі орындар алып, 5 темір тұлпарға ие болдым. Егемен Республикамыз ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында шаруа қожалығын тізгіндеп асыл тұқымды мал 1999 жылы МКС – Ақбоз ЖШС құрып аудан көлемінде асыл тұқымды Сименталь сиырын, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан дегерес, байыс асыл тұқымды қой, Ақтөбе облысынан асыл тұқымды жылқының Жебе түрін алып келіп, Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының мамандарымен тұқым сапасын арттыру мақсатында еңбек еттік.
2012 жылдан бастап өңірімізге асыл тұқымды Әулиекөл сиырларын алып келіп жерсіндіріп, Республикалық палатада тіркеуде қойылған. Жастарға әрдайым мал шаруашылығының пайдалы және тиімді екенін айтып, зоотехникалық, ветеринарлық талаптарды, тұқым сапасын қатаң қадағалау маңыздылығын түсіндіріп, көптеген азаматтарға ағалық кеңесімді беріп істеріне практикалық көмек көрсетудемін. Спорт адам баласының қалыптасып, өсуіне пайдасы өте мол. Өзім еркін күрестен спорт шеберімін. Ата-бабмыздан келе жатқан ат спортының орыны ерекше. Ауданымызда көптеген жастар атбегілікпен айналысуда, сонымен қатар көкпар ойындары үнемі ұйымдастырылуда. Ат спорты дененің шымыр, саулығына, бірлік пен татулықты, ата дәстүрді жалғастыруға үлкен ізет көрсетуге көптеген үлесін қосады. Жастарға көңілім толады. Қазіргі жастар заман талабына сай өте мәдениетті, білімді, ғылыми жаңалыққа құмар болып өссіп келеді. Бұл орайда айтарым, Елбасының, Президенттің үкімет алдында қойған бағыт-бағдарлары құнды азық болуда.
Қазіргі уақытта ауданымызда мемлекеттік бағдарламамен салынған мал сою «Жаркент Мал Өнімдері» пунктінің жұмысын жолға қойып, ауданымыздың экономикасына үлесімді қосудамын. Қоғамдық, әлеуметтік іс-шараларға белсене араласып, сыбағалы үлесімді қосудамын. Суан баба қорына 1500000 тенге қаржылай аударып, қордың жағдайын жақсартып, шежіре шығаруға сүбелі үлесімді қостым. Ел басының нақтылы қойған баршаға бірдей осы заманға сәйкес бес реформасын жүзеге асыру жолында «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» Стратегиялық бағдарламасына сай еңбек майданында үлесімді қосып келемін.
Қайырымдылық шараларымен тұрақты түрде шұғылданып, 18 жыл ұдайы Талды ауылдық округіне қарасты елді мекендерде тұратын Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлерін және Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген ардагерлерді сый құрметке бөлеп, сый-сияпат жасап келемін. Сонымен қатар балалар үйіне, спорт кешендерін, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жеке азаматтар мен азаматшылардың өтініші бойынша көрсетілген қаржылай көмектер көрсетіп, Наурыз мерекесіне байланысты шараларға қатысып, ел алғысына бөленіп келемін. Биыл да Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлерін және Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген ардагерлерді сый құрметке бөлеймін деп отырмын. Сонымен қатар шаруа қожалығымда бақташыға тұрғын үй алуға көмектестім.

Алматы облысы бойынша қар көшкіні, ауыл және өзен арналарының бойында су тасқыны қаупі бар аймақтарға тексеру жүргізілді. 1-тоқсанда 13 ауданда 56 тілсіз жау алатын аумақ тексерістен өтті. Бұл туралы "Jetisy media" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Асқар Тойшыбеков хабарлады.

Тексеру нәтижесіне адамдар баратын және автокөлік жүретін жерлерде қар көшкіні қаупі бар ауданында Сарқан, Есік, Түрген, Қорғас өзендері бойынша 24 ақпараттық-ескерту орнатылды. Қазгидрометтен қар көшкіннің болу қаупі туралы дауылды ескерту алған кезде Ұлттық парктің бақылау - өткізу бекеттерінде Қаскелең, Есік, Түрген өзендерінің шатқалдары бойынша адамдар мен демалушылардың кіруіне уақытша шектеулер салынды»,- деді ол.

Облыста төтенше жағдайлар департаментінің бақылауындағы 223 сел қаупі және 185 көшкін қаупі тіркелген аумақ бар.

Баспасөз-мәслихаты барысында Асқар Тойшыбеков орман өрттерінің шығу себептерін айтты. Оның айтуынша, 2020 жылдың басынан бері ауа райының қолайсыздығына байланысты (жауын-шашынсыз) облыс аумағында елді мекендерден тыс жерлерде шөп жанған.

"Облыс аумағында орман және дала өрттерін жою бойынша міндеттерді жедел шешу мақсатында Департаменттің әрбір аудандық бөлімшесінде 40 жедел мобильді топ құрылды. Олардың қатарында азаматтық қорғау, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бар.

194 бірлік техника мен әр түрлі қызметтер мен ведомстволардың жеке құрамының 1341 адамы, сондай-ақ 1278 бүріккіш құрал, 131 матор сорғысы 12 мың 975 бірлік бекіністік құралдар пайдаланылады" - деп атап өтті полковник.

Ақсу ауданында 28 мемлекеттік орган 99 мемлекеттік қызмет көрсетеді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау шеңберінде ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында «Open space» қағидаты бойынша сервистік әкімдік ашылды. Ауданның 6 мемлекеттік мекемесі қызмет көрсетеді. Әкімдікте жалпы 49 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету залында келушілерге қолайлы жағдай жасалған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға да жағдай қарастырылған. «Сервистік әкімдік»кеңсесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, аудандағы азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында «Жетісу- адалдық алаңы» кеңсесі жұмыс істейді. Бұл жобалық кеңседе жергілікті атқарушы органдар мен бөлім қызметкерлерінің қызметі ұйымдастырылатын болады.

Дереккөз: http://zhetysu-media.kz 

Бейсенбі, 07 Мамыр 2020 12:17

Ескерткіштер қалпына келтірілуде

Кешегі күннің айғағы, тарихтың таңбасы - ескерткіштер. Өткен күннің белгісі болған осынау мұраны болашаққа аманаттау, бүтіндей жеткізу - біздің міндет. Осы орайда жасалып жатқан жұмыстар жоқ емес. Соның бірі Алматы облысында қолға алынған.

Облыс аумағындағы ҰОС ардагерлеріне қойылған 238 ескерткішті жөндеу және абаттандыру жұмыстары бүгінде басталып кетті. 119 ескерткішті ағымдағы және күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді. Осы қаражатқа зақымдалған ескерткіштердің бар бөлшегі қалпына келтіріліп, түгенделмек.
Қажет болған жағдайда мамандар жаңа қаптаманы жасап, стеланы бояйды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 35 ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Батырларды мәңгі есте сақтау үшін біз Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткіш пен монументті әрдайым қарғауымыз керек!

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Ардагерлер туралы

Осы Заң ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдас­т­ы­рушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайды.

1-бап. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясына негіз­деледі және осы Заң мен Қазақстан Респуб­ликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күші ардагерлер деп танылған немесе осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға жататын Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел­діктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

3-бап. Ардагерлер және осы Заңның кү­ші қолданылатын басқа да адамдар

  1. Осы Заңға сәйкес мыналар ардагерлер болып танылады:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғы­сының ардагерлеріне теңестірілген арда­герлер;

4) еңбек ардагерлері.

  1. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар осы Заңның 8-бабында айқындалған.

4-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Мыналар Ұлы Отан соғысының арда­гер­леріне жатады:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiм­дерде, штабтар мен мекемелерде қыз­мет өт­керген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғы­сының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер.

5-бап. Басқа мемлекеттердiң аума­ғын­дағы ұрыс қимылдарының ардагер­лері

Мыналар басқа мемлекеттердiң аума­ғындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады:

1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес бас­қа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қи­мыл­дарына қатысқан Кеңес Армия­сының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемле­кеттiк қа­уiпсiздiк комитетiнiң әскери қызмет­шiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер минис­трлiгiнiң басшы және қатардағы құра­мы­ның адамдары (әскери мамандар мен кеңес­шiлердi қоса алғанда);

2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контин­гентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медаль­дарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

6) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тә­уелсіз Мемлекеттер Достастығының ше­кара­сын қорғауды күшейту жөніндегі мем­лекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Респуб­ликасының әскери қызметшілері;

7) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызмет­шілері;

8) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақ­тығысты реттеуге қатысқан әскери қызмет­шілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы іш­кі іс­тер және мемлекеттік қауіпсіздік орган­дары­ның басшы және қатардағы құрамының адамдары.

6-бап. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

Мыналар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер деп танылады:

1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғы­сына қатысушыларға теңестірілген адам­дар, атап айтқанда:

майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қа­лаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қыз­мет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мем­лекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауа­зым­дар атқарған не сол кезеңдерде май­дан­дағы армия бөлiмдерiнің әскери қыз­мет­шіле­ріне қалалардың қорғанысына қатыс­қаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарт­тармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жыл­дарына есептеліп жазылған, сол қала­ларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құра­мының адамдары;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiм­дердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар;

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар;

бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комис­сариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кеме­лерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас бас­қар­масының ұшу-көтерілу құрамының ар­наулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тыл­дағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы­ның бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порт­та­рында еріксіз ұсталған көлiк флоты кеме­лерi экипаждарының мүшелерi;

Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ле­нинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар;

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәме­летке толмаған тұтқындар;

1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авария­лардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қа­тыс­қан адамдар;

2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғы­сының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қыз­меттiң өзге де мiндеттерiн басқа кезең­дерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүге­дек болған әскери қызметшiлер;

қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салда­рынан не майданда болуына немесе ұрыс қимыл­дары жүргiзiлген мемлекеттерде қыз­­меттік мiндеттерiн орындауына байла­нысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

басқа елдердегі майдандағы әскери кон­­­тингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қи­мылдарын жүргiзу кезеңiнде жа­ра­­лануы, контузия алуы, мертігуі не ауру­ға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi са­наттардағы жұмысшылар мен қыз­метшiлер;

1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халық­ты қорғаушы жойғыш батальондардың, взвод­тар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиа­циялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генети­калық байланысты олардың балалары.

7-бап. Еңбек ардагерлері

Еңбек ардагерлеріне мыналар жатады:

1) Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

2) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;

3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы ең­бегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұ­рын­­ғы КСР Одағының ордендерiмен және медаль­дарымен наградталмаған адамдар.

8-бап. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар

Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға мыналар жатады:

1) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қыз­меттiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiн­­дет­терді) атқару кезiнде жаралануы, кон­тузия алуы немесе мертігуі салдарынан неме­се майданда болуына байланысты ауруға шал­дығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әске­ри қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, осы Заңның 4 – 6-баптарында аталған адамдардың отбасылары;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жер­гiлiктi әуе шабуылына қарсы қорға­ныстың объектiлiк және авариялық коман­даларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ле­нинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыс­кер­лерінiң отбасылары;

бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс минис­трлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiп­сiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қай­тыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақ­саттағы объектiлердегi басқа да радиа­ция­лық апаттар мен авариялардың салдар­ларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиация­лық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солар­дың әсеріне байланысты болған азамат­тардың отбасылары;

2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

3) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақта­рынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

4) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жыл­ғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауған­станға және ұрыс қимылдары жүр­гізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiл­ген жұ­мысшылар мен қызметшiлер;

5) бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.

Ескертпе. Осы баптың 1) тармақшасының мақ­сатында әлеуметтік қолдауға құқық берi­летiн отбасы мүшелерi мыналар болып табылады:

қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен басқа да асырауындағылары;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгер­лердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрма­ған зайыбы (жұбайы).

9-бап. Ардагерлердің мәртебесiн белгілеу

Ардагерлердің мәртебесi осы Заңға сәйкес айқындалады және Ұлы Отан соғысы жыл­дарында, бұрынғы КСР Одағын қорғау бо­йынша ұрыс операциялары кезiнде, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимыл­дары кезінде майдандағы армияға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объек­тiлердегi басқа да радиациялық апат­тар мен авариялардың салдарларын жоюға қа­тысуды, сондай-ақ ядролық сынақ­тарға тiке­­лей қатысуды растайтын анық­тама­лардың, әскери билеттердiң және өзге де құ­жат­­тардың, жаралану, мүгедектiк тура­лы анықтамалардың, сот-медициналық қоры­тындылардың негiзiнде белгіленеді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне осы құжаттардың негiзiнде Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлiгiн бередi. Қалған ардагерлерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақылар) алу­шы куәлігіне белгi қойылады.

10-бап. Ұлы Отан соғысының ардагер­лерін әлеуметтік қолдау шаралары

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мы­надай әлеуметтік қолдау шаралары ұсы­нылады:

1) Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәр­демақы төлеу;

2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;

3) егер олар Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылса және бұрын тұрғын­жайды бiрiншi кезекте алу құқығын пайда­ланбаған болса, жергiлiктi атқарушы орган­дар­дың, ұйымдардың біржолғы бiрiншi кезекте тұрғынжаймен қамтамасыз етуi;

4) жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаске­лерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу;

5) коммуналдық тұрғын үй қорының үйле­рiндегi өздерi тұратын тұрғынжайларды Қа­зақстан Республикасының тұрғын үй заңна­масында белгiленген тәртiппен мен­шiк­ке беру (Ұлы Отан соғысының тұрғын­жай берілген ардагері қайтыс болған жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүше­леріне өтеді);

6) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қыз­мет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу;

7) Қазақстан Республикасының заңнама­сында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу;

8) протездермен (тіс протездерінен басқа) және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету;

9) Ұлы Отан соғысының ардагерлері жұ­мыс iстеп жүрген кезiнде тіркелген ем­хана­­ларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;

10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қыз­меттердің кепілдік берілген көлемін бірін­ші кезекте алу;

11) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;

12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.

  1. Ұлы Отан соғысының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады.
  2. Отбасы мүшелеріне не Ұлы Отан соғы­сының қайтыс болған ардагерін жер­леуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Респуб­ликасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
  3. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сай Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
  4. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаhарманы», Социалистiк Еңбек Ерi атақта­рына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен, «Отан» орденiмен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға әскери құрмет көр­сетіле отырып, тегiн жерлеу және қабiр­лерi­нiң басына құлпытас орнату құқығы беріледі.

11-бап. Басқа мемлекеттердiң аума­ғындағы ұрыс қимылдарының ардагер­лерін, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне те­ңес­тiрiлген ардагерлерді әлеуметтік қол­дау шаралары

  1. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерге мы­надай әлеуметтік қолдау шаралары ұсы­нылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;

2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;

3) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы ор­гандардың тұрғынжаймен қамтамасыз етуі;

4) жеке тұрғын үй салу үшiн жер учас­келерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу;

5) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қыз­мет көр­сету және ауруханаға кезектен тыс жат­қызу;

6) Қазақстан Республикасының заңнама­сында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу;

7) ардагерлер жұмыс iстеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;

8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қыз­мет­тердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу;

9) білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемле­кеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде балдары тең болған жағдайда артықшылықты құқық;

10) техникалық және кәсіптік, орта білім­нен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді;

11) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;

12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.

  1. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерді жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады.
  2. Отбасы мүшелеріне не басқа мемлекет­тердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерді жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржол­ғы төлем төленеді.
  3. Осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында аталған ардагерлерге мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сай Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасына сәйкес қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

12-бап. Еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары

  1. Еңбек ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;

2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;

3) жұмыс iстеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;

4) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;

5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.

  1. Отбасы мүшелеріне не қайтыс болған еңбек ардагерін жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңда­рына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

13-бап. Осы Заңның күшi қолданылатын басқа да адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары

Осы Заңның күшi қолданылатын басқа да адамдарға мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдем­ақы төлеу;

2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;

3) жұмыс iстеп жүрген кезiнде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы.

14-бап. Қаза тапқан әскери қызмет­ші­лердің отбасылары үшін қосымша әлеу­меттік қолдау шаралары

  1. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақ­шасында санамаланған қаза тапқан әскери қыз­метшілердің отбасыларына мынадай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсы­нылады:

1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғынжаймен қам­тамасыз етуi;

2) амбулаториялық-емханалық көмек көр­сететін ұйымдарда артықшылықпен қыз­мет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу;

3) Қазақстан Республикасының заңнама­сында айқындалатын тәртiппен бiлiктi м­еди­циналық көмек алу;

4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қыз­мет­тердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу;

5) жерленген жерге тегiн баруға және кері қайтуға (бiрақ үш адамнан аспайды), сондай-ақ әскери қызметшi қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде отбасы таңдаған тұрғылықты жерiне тегін жол жүруге құқық;

6) қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшiні тегін жерлеу өзiнiң соңғы қызмет өткерген орны бойынша жүзеге асыры­лады (бейбiт уақытта әскери (азаматтық) бо­рышын өтеу кезiнде қаза тапқан немесе жалпы аурудан қайтыс болған әскери қыз­­метшiнiң мәйiтiн отбасының қалауы бойынша басқа жерлеу (қайта жерлеу) орын­дарына тасымалдау Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк коми­тетiнiң және Мемлекеттік күзет қызме­тінің шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкін).

  1. Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде, сондай-ақ әскери мiндеттiлер жиындарына шақырылған қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызмет­шiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерлерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
  2. Ауғанстандағы ұрыс қимылдарында қаза тапқан не сол кезеңде жараланудың, контузия алудың, мертігудің немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң жұбайларына не асырауында аталған әскери қызметшiлердiң балалары бар басқа адамдарға жұмыс ор­ны­нан балаларымен бiрге демалу үшiн демалыс үйлерi мен пансионаттарға жол­дамалармен, сондай-ақ аталған әскери қыз­метшiлердiң балалары үшiн балаларды сауықтыру мекемелерiне жолдамалармен артықшылықты қамтамасыз ету ұсынылады.
  3. Отбасылары осы Заң бойынша әлеумет­тік қолдау шараларына құқығы бар және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын генералдардың, адмиралдардың және әскери қызметшiлер қатарындағы зейнет­керлердiң жұбайларына «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмір бойы сақталады.

15-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыру

Осы Заңда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты және Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.

16-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды тоқтата тұру және тоқтату

  1. Осы Заңда көзделген әлеуметтік қол­дау шараларын ұсыну осы Заңның күші қолданылатын адам сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түрiндегі қылмыстық жазасын өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады.
  2. Осы Заңда көзделген әлеуметтік қолдау ша­раларын ұсыну осы Заңның күші қолда­нылатын адамдар қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады.

17-бап. Жергілікті өкілді органдар мен ұйымдардың құқықтары

Жергілікті өкілді органдар, ұйымдардың басшылары өз құзыреттері шегінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын және емделуге жол жүру (екі жаққа), сондай-ақ ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету бойынша жеңілдіктерді белгілей алады.

18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

  1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  2. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №6, 45-құжат; №14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №7, 79-құжат; №12, 184-құжат; 1999 ж., №8, 247-құжат; №23, 925-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №5, 41-құжат; 2014 ж., №16, 90-құжат; 2018 ж., №14, 42-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 6 мамыр

№ 322-VI ҚРЗ

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Бүгінде әскеріміз Тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді.

Бұл мерекеде біз өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік шекарамыз бен әуе кеңістігімізді күзетіп, армия және флот бөлімшелерінде әскери борышын өтеп жатқан барлық сарбазға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметшілер, соның ішінде арнаулы жиындарға шақырылған азаматтар да алғысқа лайық. Олардың ерен еңбегі – шынайы патриотизм мен елге қызмет етудің жарқын көрінісі.

Мемлекетіміздің қорғаныс әлеуетін күшейту, әскери қызметшілердің өздерін және отбасын қолдау басты міндетіміз болып қала береді.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және елдік мүдде жолындағы абыройлы әрі мәртебелі қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ҚазАқпарат оқырмандарына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери атақтары, әскери шен жайлы ақпаратты ұсынады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері сапындағы қызмет ететін азаматтарға әскери мамандығына, қызмет бабына, сіңірген еңбегіне, әскери және арнайы дайындығына, әскери қызмет түріне қарай арнайы әскери атақ (шен деп те айтылады) беріледі. ҚР Қарулы Күштерінің әскери шені Қазақстан Республикасының «Жалпыға ортақ әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылдың 19 қаңтарындағы заңына сәйкес офицерлік және сарбаздық (сержанттық) болып бөлінеді.

Сарбаз атағы өз ішінде екіге, яғни сарбаздар мен матростар және сержанттар мен старшиналар санатына бөліп қарастырылады.

Ал офицер атағы үш санатқа: кіші офицерлік, аға офицерлік және жоғары офицерлік құрамға бөлінеді.

Сонымен қатар, әскери шендердің жауынгерлік және кемелік (флот) деп бөлінетінін ұмытпаған абзал. Медициналық және заңгерлік әскери-тіркеу мамандықтарына ие офицерлердің әскери шеніне «медициналық қызметтегі» және «әділет» сөздері қоса аталады.

Ал жоғары офицерлік құрамға жататын авиация саласындағы (ұшқыш, инженерлік, инженерлік-авиациялық білімі бар) әскери шендерге «авиация» сөзі қоса айтылады.

Ал запасқа немесе отставкаға шығып кеткен азаматтардың әскери атағына «запастағы» немесе «отставкадағы» сөзі жазылады.

Әскери атақтардың реті қандай?

Сонымен әскери атақтардың ретін сарбаздық, яғни сержанттық құрамнан бастасақ. Бұл құрамның әскери бөлігіндегі рет төменнен жоғарыға санағанда мынадай: қатардағы жауынгер, ефрейтор, кіші сержант, сержант, аға сержант, үшінші сыныпты сержант, екінші сыныпты сержант, бірінші сыныпты сержант, штаб-сержант және шебер-сержант. Ал кемедегі құрамда сержанттық атақтың тәртібі мынадай: матрос, аға матрос, екінші сатылы старшина, бірінші сатылы старшина, бас старшина, үшінші сыныпты старшина, екінші сыныпты старшина, бірінші сыныпты старшина, штаб-старшина және шебер-старшина.




Әскери саладағы офицерлік құрамның реті: лейтенант, аға лейтенант, капитан, майор, подполковник, полковник, генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник және Армия генералы.

Кеме саласындағы офицерлік құрамның реті: лейтенант, аға лейтенант, капитан-лейтенант, үшінші рангтағы капитан, екінші рангтағы капитан, бірінші рангтағы капитан, контр-адмирал, вице-адмирал, адмирал.




Жалпы сержанттан (старшиналар) құрамы әскерді басқару жүйесі мен Қарулы күштердегі командалық құрамның сан жағынан ең көп отрядына жатады.

1993 жылдың 19 қаңтарында шыққан «Жалпыға ортақ әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңға 2002 жылдың 29 қаңтарында өзгерістер енгізіліп, әскери шендердің атауы біршама өзгеріске ұшырай бастады. 2005 жылы заң нақтылана түсіп, старшина, прапорщик, аға прапорщик, кіші лейтенант секілді шендер алынып тасталды. Алайда олардың орнына кіші сержант, үшінші сыныпты сержант, екінші сыныпты сержант және бірінші сыныпты сержант секілді әскери атақтар пайда болды.

Әскери атақтар погондар арқылы айқындалып, ажыратылады. Погондар әскери қызметкерлердің шерулік (парадтық), күнделікті, далалық және жұмыс киімдеріне тағылады.

 

В мире наблюдается стремительный переход на возобновляемые источники энергии. За последние несколько лет в Казахстане были введены в эксплуатацию большие солнечные и ветро- станции.
Также важно чтобы малые установки ВИЭ широко использовалась и в других сферах жизнедеятельности. Особенно в тех местах, где нет доступа к линиям электропередач. Эти установки экологичны и удобны. И в отдаленных селениях их применяют не так часто, отдавая предпочтение бензиновым и дизельным генераторам. Но это лишь вопрос привычки и времени. Чтобы малые установки ВИЭ быстрее стали частью каждодневной жизни, важно показывать их преимущества на практике.

И именно этим занимается Вадим Ахтямов, Председатель общественного фонда поддержки культуры и экологии «Сердце Азии». Он помогает фермерам Алматинской области переходить на возобновляемые источники энергии, реализуя проект при поддержке Программы Малых Грантов Глобального Экологического Фонда. По его словам, целью данного проекта является показать все преимущества перехода на возобновляемые источники энергии тем, кому они жизненно необходимы.
«До сих пор высок процент населения, проживающего в отдаленных местах, где нет доступа к линиям электропередач. Вдали от центрального электрообеспечения находятся пастбища и полевые станы скотоводов-кочевников, пчеловодов и фермеров. И значительные площади особо охраняемых природных территорий: заповедников, национальных парков. В Казахстане в настоящее время также есть около 100 очень маленьких населенных пунктов, где нет сетевого энергоснабжения.

И чтобы обеспечить себя электроэнергией, сельчане и фермеры пользуются переносными бензиновыми и дизельными генераторами электричества, в бытовом выражении именуемых «чабанками». А для приготовления горячей воды жгут уголь и дрова»,- говорит он.

Между тем, Вадим Ахтямов отметил и ряд проблем которые влечёт за собой использование «чабанок».
«Выбросы парниковых газов, пожароопасность, сложная транспортировка, финансовые затраты на закуп топлива и ремонт. А, самое главное, постоянная зависимость семей фермеров, крестьян и пчеловодов от наличия топлива и стабильной работоспособности «чабанок». В добавок к выбросам ПГ, одна «чабанка» выбрасывает в атмосферу около полутора тонн токсичных газов в год. Это — оксиды серы и азота, сажа и альдегиды, бензапирен и свинец и другие. В результате — чистый воздух полей, пастбищ, лугов, медоносных угодий загрязняется токсичными выбросами».

И его проект основанный на этих важных фактах, стремительно внедряется в деятельности фермеров Алматинской области.

Так, в крестьянских хозяйствах, личных подсобных хозяйствах нашего региона были установлены автономные солнечные мини-электростанции с мощностью 1-2кВт. А в некоторых из них есть даже небольшие солнечные водонагревательные установки (СВУ) мощностью 2,5-7,5кВт.

«Благодаря этим установкам в некоторых крестьянских хозяйствах, как, например, в КХ «Аумолдаев Б.С.» и КХ «Ынтымак», КХ «Рахат су», ЛПХ Кусаинов Г.Г.», появились появилось электричество и горячая вода. Их установили в пустовавших ранее фермерских домиках, а теперь там поселились семьи чабанов.
Появилось освещение, стало возможным использование бытовых электроприборов, не говоря уже о зарядке сотовых телефонов, что было для скотоводов большой проблемой. Теперь в этих хозяйствах стало возможным освещение коровников, что намного облегчило труд рабочих.В домах крестьян появился в достатке и такой компонент комфорта, как горячая вода («солнечная»!!!)»,- поделился Вадим Ахтямов.
Председатель фонда » Сердце Азии», рассказал и о экономической выгоде ВИЭ.

«Показательным примером экономической выгоды от использования ВИЭ стала солнечная водонагревательная установка в тепличном хозяйстве Агробизнесцентра села Чилик. Она отапливает помещение для рассады. Благодаря ей рассада овощей теперь выращивается на полтора месяца раньше. Значит, и урожай можно будет собирать на полтора месяца раньше, чем в других хозяйствах. Получается прямая финансовая выгода, ведь ранние овощи всегда стоят дороже!».

Согласно его словам, возобновляемые источники энергии всё настойчивее вытесняют традиционные виды топлива, особенно такие анахронизмы, как уголь и дрова. Люди уже забывают про мазут и другие виды углеводородного топлива, источником которых является нефть. Сейчас все страны вслед за Западом, массово переводят энергетику на альтернативные виды топлива. Даже в некоторых странах северной Европы, где солнце — редкий гость, солнечная энергетика активно внедряется в государственных масштабах, в частных домовладениях и в бизнесе.

В Казахстане, где мощность солнечного излучения -одна из самых высоких в мире, сам бог велел использовать такой кладезь энергии. Особенно в тех местах, где нет линий электропередач и в сельскохозяйственной сфере. Кроме того, солнечные мобильные станции малой мощности являются палочками-выручалочками для туристов и других любителей активного отдыха на природе, охотников и рыболовов, служб МЧС и геологов, служб национальных парков и заповедников. Энергия солнца приносит блага цивилизации, уют и комфорт.

Но несмотря на это, в нашей стране переход на малые ВИЭ еще не стал массовым. И на его взгляд, это связано с разницей в цене.

«Солнечные батареи и ветрогенераторы, вызывают к себе большой интерес. Но все же они не сравнимы по цене с дизельными и бензиновыми станциями. И, если солнечные батареи, благодаря развитию конкуренции производителей, за последние 10-15 лет подешевели в 5-7 раз, то аккумуляторы не дешевеют. Спрос на них растёт благодаря росту потребления ипроизводства электромобилей и другого оборудования. Есть и некоторые сложности в сервисном обслуживании малых установок по использованию ВИЭ.

Внедрение солнечного энергооборудования даётся пока не просто, но это правильный вектор движения! Ведь не зря сейчас весь мир взял четкий курс на прекращение использования угольных и атомных станций, планируя переходить на 100% использование ВИЭ. С каждым годом технологии производства солнечных батарей, солнечных водонагревательных установок и ветроустановок совершенствуются и дешевеют. Недалек тот день, когда человечество прекратит сжигать природные недра, а ВИЭ будут использоваться повсеместно»,- подытожил руководитель проекта.

Источник: zhetysu-media.kz

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет