Сенбі, 04 Мамыр 2024 14:38

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол болады жеңісің мен жемісің

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта әскери саламызды үздіксіз дамытып, күшейте түсу аса маңызды. Отан қорғаушылар мерекесінің қарсаңында әкери саланың тыныс-тіршілігімен таныс болайық деп Қаракемер ауылындағы елімізге беделді Ұлттық ұлан 6654 әскери бөліміне ат басын бұрып, әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік жөніндегі орынбасары, полковник Жандос Көлбаевпен тілдестік.

– Құрметті Жандос Жамалұлы, Отан қорғау-шылар күні де таяп қалды. Айтулы мерекені атап өтудегі дайындықтарыңыз қалай?

– Иә, 7 мамыр – әскери саладағы орны бөлек төл ме-рекелеріміздің бірі. Сол себепті де жақсы деңгейде атап өту үшін дайындығымызды пы-сықтаудамыз. Биылғы жылы аталған мейрамды 4 мамыр күні өткіземіз.

– Қазіргі уақыттағы жас-тардың әскерге қызығушы-лығы қай деңгейде? Құлшыныстары жоғары ма?

– Соңғы бір жылдың аралығында өзгерістер өте көп. Неге десеңіздер, жастарға қазір жақсы мүмкіндіктер жасалып келеді. Мәселен, әскерге келген жас сарбаз өзін жақсы қырынан көрсете білсе, оған жоғарғы оқу орнына түсуге сертификат беріледі. Былтырғы жылы 200 сарбаздың арасынан 15-не сертификат берілді. Одан бөлек дипломы бар жас-тар әскерге келсе өз өңірінен мамандығына сай жұмыс тауып берудеміз. Сондай-ақ әскери борышын өтейтін сарбаздардың несиелері 13 айға тоқтатылады. Осындай жеңілдіктердің арқасында қазір өз еркімен әскер қатарына қосылатын азаматтардың қатары көбейді.

– Ел арасында «Қазіргі жастар бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда әлсіз» дегендей әңгімелердің көп екені сізге де белгілі болар. Осы тұрғыда қандай баға бересіз?

– Әркім әрқалай айтады, әрине. Бұл пікірлермен келіс-пейтін тұстарымыз да бар. 2022 жылдың қаңтарында қо-ғамдық тәртіпті қадағалауда біздің әскери бөлімнен барған 200 сарбаздың біреуі қаш-паған, тығылмаған, аман-есен міндеттерін өтеп келді. Оның ішінде 4 офицер, 1 сарбаз үкіметтік наградамен марапатталды.

Бүгінде еліміздің су тас-қыны орын алып жатқан ай-мақтарында Ұлттық ұлан сарбаздарынан 1500-ден астам сарбаздарымыз қызмет атқаруда. Солардың арасында бірде бірі еш сылтау айтпас-тан, талап пен тапсырманы орындап жатыр. Демек әскерде жүру, елді қорғау деген ұғым – тек қана қару алып соғысу емес, елге қауіп төнген кез-келген қиындықпен күресу. Бұл тұрғыда жігіттеріміз лайықты түрде мықтылықтарын дәлел-деп келеді.

– Қорғанысымыз күшті болуы үшін әскери қызметкерлерімізге де үкіметтен қолдау қажет екені түсінікті. Осы орайда үкімет тарапынан әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына қан-шалықты көңіл бөлінуде?

– Қымбатшылық қыспаққа алған заманда жалақымыз жақсы деуге келмейді әрине. Биылғы жылы жақсы жағдайлар жасалуға тиісті болған. Бірақ елімізге су тасқынынан ауыр зардап пен қайғы төніп жатқанда жалақымызды айтып ша-ғымдану ұят әрі қисынсыз деп білемін.

Негізінде жағдайымыз жаман емес. Мемлекетіміздің игіліктерінің арқасында киіміміз бүтін, қарнымыз тоқ. Жалақымыз бен еңбек демалысымызды уақытылы аламыз. Ал, болашақта бізді бұдан да жақсы күндер күтіп тұрғанына өз басым нақты сенемін.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Тілдескен

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 3351 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет