«Мы должны культивировать новые индустрии, которые создаются с применением цифровых технологий». Это ключевое положение Послания Президента РК Нурсултана Назарбаева «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» послужило основой разработки программы «Цифровой Казахстан», предназначенной «…обеспечить развитие коммуникаций, повсеместный доступ к оптоволоконной инфраструктуре». Иными словами, основой  модернизации страны должны служить достижения  мировой цифровой индустрии, повсеместно внедряющей онлайн-сервисы во все сферы жизнедеятельности государства, общества и человека.  Такая масштабная и сложная задача возложена, прежде всего, на сети телекоммуникаций.  Флагманом системной «цифровизации» РК был и остается АО «Қазақтелеком». Его подразделения обеспечивают мобильный информационный обмен, без которого невозможно функционирование «электронного правительства» и других жизненно важных государственных, финансовых, социальных структур в масштабе всего Казахстана. С прошлого года  районное подразделение АО «Қазақтелеком» возглавляет Жандос САДЕНОВ, прежде  руководивший узлом телекоммуникаций Балхашского района. Он рассказывает о планируемой и уже идущей  «цифровой  революции» в услугах связи.

– Жандос Рахметуллаевич, насколько РУТ подготовлен к тому, чтобы реализовать программу «Цифровой Казахстан» на местном уровне?

– Прежде всего изменился статус нашего предприятия. Согласно программе «Өрлеу» по оптимизации подразделений АО «Қазақтелеком», с конца 2016 года оно  является не отдельным узлом связи, а линейно-техническим цехом, по вертикали подчиненным региональной дирекции «Алматытелеком». Кроме того, в моем функциональном подчинении участок продаж.   Такая реорганизация  предпринята для более оперативного решения вопросов инвестирования, технологического обновления местных телекоммуникационных сетей и оптимального достижения требуемого результата – качественного обслуживания абонентов района, своевременного предложения клиентам   новых сервисов телефонии, телевидения, Интернета.

– Какие цели для Вас являются первостепенными?     

– Нам предстоит полностью обеспечить населенные пункты района  волоконно-оптиковыми линиями связи по программе «ВОЛС – в каждый дом».  В данный момент идет прокладка ВОЛС в Шелекском регионе –  от Шелека до Корама и Кызылшарыка, в Есикском регионе  в направлении Есик – Карасай, Кырбалтабай-Акбастау. В Есике устанавливаем полный мультисервисный абонентский доступ.  ВОЛС позволит повсеместно  обеспечить доступ к широкополосному Интернету, Ай-Ди Ти-Ви (ID TV). Также на базе дочерней компании АО «Қазақтелеком»  ALTEL устанавливаем беспроводной Интернет и радиотелефонную связь. Беспроводные технологии  ALTEL  на территории района обеспечивают  70 процентов «зоны покрытия». К услугам ALTEL – мобильной связи, беспроводному Интернету,  ежемесячно подключаются свыше 300 абонентов. Но доступ к ним  открыт с одним условием – надо быть клиентом  АО «Қазақтелеком». 

– Какие инвестиции АО «Қазақтелеком» вкладывает в телекоммуникации Енбекшиказахского района?

– Суммы инвестиций являются коммерческой тайной компании. Но они делаются постоянно, и вы это можете видеть по расширяющейся линейке современных продуктов. Сейчас в районе уже 28 тысяч абонентов стандартной телефонии, 5500 пользователей ID TV, свыше 13 тысяч подключены к широкополосному Интернету. Клиентов привлекает недорогая стоимость услуг, разнообразие тарифных пакетов, большой объем Интернет-трафика.

– Привело ли реформирование подразделений компании к сокращению рабочих мест, уменьшению социального пакета работников?

– Нет, такого не произошло. Все работают по-прежнему, штат линейного цеха составляет 88 человек, в том числе пришли 6 молодых  специалистов. Желающих работать у нас много, выбираем лучших. Зарплата выдается вовремя, социальный пакет включает все обусловленные законодательством выплаты: отпускные, больничные, медицинскую страховку, В коллективе действует профсоюзная организация. Она защищает права  работников, следит за соблюдением коллективных договоров. За счет профсоюза по льготным путевкам связисты ездят в санатории, их дети на летних каникулах  отдыхают в детском ведомственном лагере.

   И.ТУРАНИН.

28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні

28 июня – День работников информации и телекоммуникаций РК

    Қандай да болсын өтпелі, өзгерістер замандарында, қоғам дамуының күрделі кезеңдерінде бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар қызметі арта түсері ақиқат. Жаңа тарих беттерін аударып, ақтарсақ жиырма алтыншы жылға аяқ  басқан Тәуелсіздігіміздің өзі ғасырға жүк боларлық оқиғаларға, өзгерістерге толы болды. Кеңес Одағы ыдырап, Балтық жағалауы елдерінен бас-тап бұрынғы одақтас республикалар өз тәуелсіздігін жариялап жатты. Осы кезеңдегі сарғая бастаған газет беттерін қарап отырсақ «жалақы жоқ, зейнетақы жоқ» деген сөздер көбірек те, алаң елдің назарында алдымен әлеуметтік төлемдердің үзіліп қалу фактілері, өндіріс орындарының жұмысын тоқтатып, жұмыссыздықтың ұлғаюы секілді «жоқтар» мен келеңсіздіктер көп болғанын байқаймыз. Тоқсаныншы жылдар басында Тәуелсіздік таңы атып Қазақ елінің өз билігі өз қолына тиген кезеңнен бастап сөз ауаны өзгере бастады. Газет жоқ-жітіктер емес мемлекеттік деңгейдегі мәселелер: егемен елдің Ата заңы, мемлекеттік басқару құрылымдары, рәміздер дегендей бұрынғы кеңестік одақтың белгілерін тарих қойнауына – архивтерге жөнелтіліп, әлем картасындағы ежелгі де жаңарған жас мемлекеттің айшықты белгілері, бүгінгісі мен болашағы орын алды.

    Ақпаратты адамның жолы ашық. Ашық жолмен алаңсыз діттеген мақсатқа жетесіз. Осы тұрғыдан алғанда көнеден келе жатқан дәстүрлі ақпарат құралдарынан – газет-журнал, радио, теледидардан тыс ғаламтор желілері пайда болды. Бұл ақпарат құралдарын әлеуметтік желілер деп атап та үлгердік. Фейсбук, инстаграмм, вконтакте тағы басқа өрмекшінің торындай әлемді тұтас қоршап алған желілердің ақпарат алмасудағы, таратудағы жеделдігі таң қаларлық та қолайлы екендігі шындық. Дейтұрғанмен, дәстүрлі ақпарат құралы, нақтыласақ газет те өз маңызын, қолданылу аясын жоғалта қойған жоқ. Аудан көлеміндегі ақпарат құралдарының ішінде «Еңбекшіқазақ» газеті ерекше орын алады. Өйткені, терең тарихы, тұрақты оқырмандары бар газетіміздің ақпарат беру аумағы да кең және ауқымды. Сонымен қатар газет пен оқырман арасындағы байланыс іскерлік, өндірістік, тұтынушылық жағынан да кеңейе түсуде. Бір ғана мысал: мемлекеттік жоғарғы биліктің атқарушы органдарға қойып отырған талабы мемлекеттің сан алуан қызметтері туралы ақпарат тұрғындарға үздіксіз жеткізіліп тұруы керек. Оқырман өзі де аңғарған болар, бұл талапты және оның орындалу барысын. Ақпарат құралдарының қатарына жыл санап емес, ай санап күн санап кіріп келе жатқан әлеуметтік желілерді де газет редакциясы қолдана отырып интернет-парақшасын ашып қойды. Бүгінгі күні үйінде компьютер, қалтасында смартфон т.б. гаджеттері жоқ тұрғындар некен-саяқ. Сондықтан да газетке түскен ақпараттарды әлеуметтік желілер арқылы тарату жолында тәжірибе жинақтаудамыз, enkaz.kz парақшасы қолданыста.

    Елбасымыздың көштен қалмай даму жолында, рухани жаңғыру жолындағы бағыт-бағдарламаларының орындалуы, тікелей десе де болады, ақпараттық кеңістікті ұтымды пайдалануға байланысты.

 

Хайролла Ахметжанов.

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:34

Тәлімгер жолы

     Запастағы подполковник  ҚР ішкі істер органының ардагері отыз жылға жуық милицияның ауыр қызметінің барлық сатысынан сүрінбей өтіп, өміріне  мол тәжірибе жинақтаған, Оразбай Ыбрайұлы Жалғаубеков Кеңес Одағы кезінде подполковник шеніне жеткен адам. Ол кезде сондай дәрежеге көтерілудің өзі  кім көрінгенге бұйыра бермейтін бақыт болатын. Бұл шенге Оразбай ақсақал  шыншыл, принципшіл, әділетті, адалдығының  арқасында жетті.

     Отызыншы жылдардың ортасында  әкесі Ыбрай Жалғаубеков  Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің  қосымша қосалқы шаруашылығының директоры болып жұмыс атқарды. Көптеген жетім-жесірге қамқорлық жасап, оларды ашаршылықтан құтқарып, адал еңбегімен асырапты. Бұл жасаған  жақсылығын  Есік қаласында тұратын көнекөз ақсақалдардан талай естігенбіз. Ыбрай ақсақал сол жылдарда  «Ерен еңбегі үшін» медальдың иегері атанды. Өз еркімен майданға бару үшін қаншама өтініш білдірді, сол қолының туғаннан мүгедектігі  кедергі болып, майданға жарамсыздық танытты. Анасы Дәнегүл де жеті баланы  аман-есен өсірген, елге сыйлы  ардақты ана болатын. Сөзге тиек етіп отырған Оразбай үйдегі жеті баланың  төртіншісі екен.

    Оразбай 1945 жылы  Есік қаласындағы Молотов атындағы (қазіргі А.Мәлкеев атындағы Қазақ-Түрік лицейі) интернаттың оныншы сыныбын үздік бітіріпті.  Жасынан білім алуға өте құштар еді.  Сол жылы Алматыдағы малдәрігері институтына қабылданып біраз уақыт оқиды.  Жасы армия қатарына толғандықтан,Түркімен Рес-публикасына жіберіледі.Сол жерде  борышын өтейді. Армия қатарынан оралған соң Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер бөліміне қарапайым милиция қызметкері болып орналасады.Үш жыл армиядан ысылып келген оны ішкі істер басқармасы  Украинаның Харьков қаласына оқуға жібереді.  Ол оқуды да үздік бітіріп, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөліміне мемлекеттік автомобиль инспекциясының,  аға инспекторы болып қызмет атқарады. Бұдан кейінгі жылдар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімінде қылмысты  іздеу инспекторы болып жүріп, көптеген ашылмаған қылмыстың ізіне түсіп, дер кезінде  шара қолданады.  Оразбайдың білім біліктілігінің арқасында аудандық ішкі істер бөлімі, облыс бойынша қылмысты ашудан бірден жоғары орынға көтеріледі. Өз  ісінің білгірі  жас Оразбайды, Шелек аудандық ішкі істер бөліміне, милиция  бастығының орынбасары етіп тағайындайды. Бұл ауданда облыс бойынша артта келе жатқан еді, төрт  жыл ішінде ұжымды біріктіре жұмыс істете бастаудың нәтижесінде, аудандағы қылмыс пен күрес  қалыпқа түсті.

     Сол жылдары Қапшағай қаласының іргесі қаланып жан-жақтан әр пиғылдағы адамдар  ағылып келіп, қылмыс күннен-күнге өршіді. Көптеген қылмыстың ұясына айналған қалаға жаңашыл, ұстамды милиция бастығы керек болды. Облыстық  ішкі істер басқармасының басшылары бір ауыздан Оразбайды қайнаған оттың ішіне жіберді. Ол кезде Қапшағай қала атанып, зауыт-фабрикалар салынып іске қосыла бастаған кез. Осындай қиындықтарға  мойымай, күндіз-түн демей жүріп Оразбай Ыбрайұлы Жалғаубеков үш жылың ішінде, көрсеткіші ең төмен деген Қапшағайды облыс бойынша  бірінші орынға көтерді. Қапшағай қаласында жеті жыл қызмет етіп, жеті жыл бойы облыс бойынша алдыңғы қатарды бермеді. Қапшағай қаласындағы ішкі істер бөлімінің осындай үлкен жетістігінің арқасында, бұл жерге жас мамандар келді. Сол кездегі жаңа келген қадрларға, милиция қызметінің небір құпия қыр-сырларын үйретіп, өз ісіне берілген, органға лайықты қызметкерлер дайындады.  Оразбай аға  үйретуші тәлім-гер атанды.   

    Солардың ішінен жаңа келген жас лейтенанттар Мұрат Өскенбаев, Берікжан Байжүнісов, Жайлаубек Кенбаев, Қал-мұханбет Қасымовтар болатын. Бұл төртеуінің алдыңғы үшеуі қазір генерал-майорлар болса, Қ.Н.Қасымов Қазақстан Ішкі істер министрі генерал-полковник дәрежесіне көтерілді. «Мен осындай генералдарға тәлімгер болдым» деп Оразбай аға ешқашан мақтанған емес. 1985 жылы Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасына басшылық қызметке оралды. Бұл ауданды да екі жылдың ішінде облыс бойынша бірінші орынға жеткізді. Осы ұжымның бүгінде сыйлы ардагері. Жасы сексенге келсе де ішкі істер басқармасының ақылшысы бола жүріп, ауданда  өтетін іс-шаралардың бәріне қоғамдық негізде өз үлесін қосып келеді.  Қазақстан ішкі істер қызметінің құрметті ардагері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы ретінде жастарды өзінің өнегелі  ісімен, парасатты сөзімен  отаншылдыққа баулып тәрбиелеуде. «Сексенге келдім зейнеткермін»  деп қарап отырмай, егеменді елімізге өз үлесін қосып келе жатқан ардақты аға.       

                                          

Шаяхмет Құсайынұлы,

ақын, жазушы,  журналист, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер  басқармасының ардагері.

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:31

Бижановтықтар бірінші

      Елімізде ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің кең көлемде өтуіне  қолдау көрсету мақсатында  аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткен сенбіде  «Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы» Масақ ауылдық округінің әкімі аппаратымен бірлесе шағын футболдан аудандық  турнир өткізілді.

      Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәслихат депутаты, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы Айбек Ілебаев елімізде өтіп жатқан ЭКСПО-ның Қазақстан үшін әкелер пайдасы, ел дамуындағы экономикалық тиімділігі туралы айтса, Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуат Бәкешұлы саламатты өмір салтын өрістетуге жиналған ойыншыларға сәттілік тіледі.

      Асқарбек Қожахметов пен Данияр Қалдыбаев төрешілігімен таңнан кешкіе дейін өте тартысты өткен доп додасына 12 команда бақ сынасты. Нәтижесінде, Бартоғай округінен жарысқа түскен бижановтықтардың бағы жанып, жеңімпаз атанса, бәйсейіттіктер екінші орынға жайғасты. Көрші округ ойыншыларымен ақтық ойында кездескен малыбайлықтар жүлделі үшінші орынды иеленді. Алтын медаль мен үлкен кубокты  жарыс жеңімпазы «Бижанов» командасы қанжығасына байласа, жүлдегерлер ге де өз орындарына қарай кіші кубок пен күміс, қола медальды иеленді. Ең үздік ойыншы деп танылған бәйсейіттік Дильмурат Сайдуллаевқа алтын  доп табыс етілді.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ

   

 

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:28

Тыныштық пен тәртіп күзетінде

   Тәуелсіз Қазақстан қоғамының тәртібі – ішкі істер органдарының бақылауында. Күн, түн демей, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үнемі қырағы жүретін полиция қызметкерлерінің еңбегі елеулі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «...дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек...» – деп, тәртіп сақшыларына нақты тапсырма беріп, ел үшін адал еңбек етуге шақырған болатын. Ел сенімі, Елбасы сенімі ақталуда. Оған дәлел, елімізде жылдан-жылға ірілі-ұсақты қылмыстар санының азаюы.

   Аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері де қазіргі таңда аудан тұрғындарының қауіпсіздігі жолында талмай еңбек етуде. Полиция қызметкерлері-нің төл мерекесі қарсаңында біз де тәртіп сақшыларының қызметімен жақынырақ танысып, жұмыстарының маңызды да жауапты екендігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ішкі істер басқармасының өкілдерімен келісе отырып, аудан орталығының тыныштығын күзетуге біз де шықтық.

    Кешкі ауысым әдеттегідей жиналыспен (развод) бас-талды. Жиынды өткізіп, жол-патрульдік полиция мен учаскелік полиция қызметкерлеріне тапсырма берген жол-патрульдік полиция взводының командирі, полиция майоры Ғалымжан Исенбаев сол күні Есік аймағын күзететін 8 экипажға патрульдік аймақтарын бөліп берді.

– Бүгін Есік аймағы бойынша, яғни, Бәйтерек ауылынан Бәйдібек би ауылына дейінгі аралықты 8 экипаж бақылайды. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда мал ұрлығы барлық жерде өршіп тұр. Осы келеңсіздіктің алдын алу мақсатында 3 экипаж мал ұрлығын қадағалап, оны болдырмау жұмыстарымен айналысады – дейді полиция майоры Ғалымжан Исенбаев.

   Бірнеше минутттық жиынды өткізіп, тапсырма алған тәртіп сақшылары сиреналарын қосып, белгіленген аумақтарына жол тартты. Біз де Есік қаласын бақылауға шыққан «Бүркіт-511» экипажымен жолға шықтық. Экипаж құрамында полиция аға сержанты Нартай Нүсіпжанов және учаскелік полиция инспекторы, старшина Ардақ Омаров. 50 мыңға жуық тұрғыны бар аудан орталығын түні бойы екі экипаж кірпік қақпай күзетті.

   Түнгі 00:15 шамасында кезекші бөлім рация арқылы Есік қаласында жасөспірім қыздың із-түссіз жоғалып кеткендігін хабарлады. 2001 жылы туылған қыз соңғы рет Райымбек батыр атындағы орта мектептің маңында серуендеп жүрген. Сондай-ақ, киімінің түстері мен ерекше белгілерін атап берген кезекші бөлім, сол маңды шолып шығуға нұсқау берді. Жаманқараев көшесінің жоғарғы жағы, Мәлкеев, Абай көшелері мен Победа көшесіндегі өзеннің айналасын тексеруді бастап та кеттік. Алайда, арада жарты сағат өтпей, рациядан жоғалған қыздың табылғандығы жөнінде ақпарат түсті. Сонымен, түнгі күзетіміз ары қарай жалғасты.

   Уәлиханов көшесімен Алтын адам аллеясына қарай бет алғанымызда, Жамбыл атындағы жастар саябағының маңында бір шамы жанбайтын «Форд» маркалы микроавтобусты тоқтаттық. Жарығының істен шыққандығын байқама-ған жүргізушіге тәртіп сақшылары ескерту жасап, олқылықтың орнын тез арада толтыруды тапсырды.

   Осылайша, адам аяғы саябырлаған түн мезгілінде жылдамдықты арттырып, бағдаршамның қызыл түсіне қарамайтын есірген жүргізушілер мен қоғамдық тәртіпті бұзып, түн тыныштығын қашыратын бұзақылардан қала тұрғындарын қорғайтын тәртіп сақшыларының кезекшілігі сәтті өтті. Олай дейтініміз, күннен-күнге көркейіп, қанатын кеңге жайып келе жатқан аудан орталығында түнгі уақытта ешқандай құқық бұзушылық пен қылмыстық оқиға тіркелмеді. Тек, жол ережесін бұзған кейбір көлік жүргізушілеріне ескерту беріліп, айыппұл салынды.

– Шыны керек, кезекшілігіміз осылай тыныш өтсе, қуанамыз. Себебі, біздің мақсатымыз бен міндетіміз де сол – қоғамның тыныштығы. Десе де, оқыс оқиғалар мүлде орын алмайды десек, артық айтқандық болар. Әсіресе, мереке күндері жұмысымыз қауырт. Ащы суға тойып, жаяу жүргіншілер мен өзге көлік иелерінің өміріне қауіп төндіретін жүргізушілер, ішіп алып отбасы мүшелерінің мазасын алатындар қаптап кетеді. Осындай сәттерде, қырағы болу – біздің міндетіміз – дейді тәртіп сақшылары.

   Расында да, біздің демалысымыз – полиция қызметкерлері үшін жұмыс. Қас қарайғаннан, таң атқанша түйгеніміз осы. Бағымызға қарай, біз жолға шыққан сол түні аудан аумағында оқыс оқиға тіркелмеді. Алдағы уақытта да солай болар деген ниетпен, біздің қауіпсіздігіміз жолында жанын қиюға даяр полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, үйге қайттық.

Сардарбек НҰРАДИН

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:20

Музейде жаңа бөлім ашылды

      Шелек ауылындағы тарихи-өлкетану музейінде мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған игі шара өткізіліп, оған ардагерлер мен Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

      Жиынды музейдің қор сақтау-шысы Әбілбек Айтақынов ашып жүргізіп,  мемлекеттік қызмет деген – азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы кәсіби қызмет екенін, мемлекеттік қызмет жүйесі саяси және әкімшілік болып екі санатқа бөлінетін лауазымдарды құрайтынын, ықпалы зор адамдар саяси лауазымға жататынын, ал қалғандары әкімшілік санатта одан әрі жетілетінін, мұндай жауапты істе істеген соң өз қызметін әділ атқарудың маңыздылығын түсіндіріп, оларды төл мерекелерімен құттықтады. Округ әкімі-нің орынбасары Ертай Нұрмақанов мемлекеттік қызметте істеудің өзі абыройлы іс екенін, қазіргі таңда округ көлемінде атқарылып жатқан жақсы іс, жаңалықтарды, сол қыруар жұмыстардың дұрыс атқарылуына бар мүмкіндіктерін жұмылдырып жатқанын тілге тиек етті. Ал, Сөгеті ауылдық округінде ұзақ уақыт әкім лауазымында қызмет еткен, ардагер Айтжан Қашағанов ел сенімінен шығатын бұл қиын да жауапты қызметті жетік меңгеріп, дұрыс атқарғанда ғана абырой әкелетінін өз іс-тәжірибесінен мысал келтіре сөзіне арқау етіп, жастарға қызметтеріне табыс тіледі.

     Жиыннан соң Ә.Айтақынов музейден «Мемлекеттік қызмет – ел абыройы, қоғам айнасы» деген арнайы бұрыш ашып, суреттері ілінетінін, қазір бірнеше ардагерлердің суреттері бұрыштан орын алғанын, бұл іс алдағы уақытта толысатынын айтса, музей директоры Эльмира Қанатқызы қонақтарды музейдегі жаңадан ашылған бұрыштармен, қосылған экспонаттармен таныстырды.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:15

Абзал жандар құрметтелді

 

     Әлемдегі қаншама мамандықтардың ішінде бар өмірін адамдардың денсаулығына сарп ететін, асыл мамандық адамды емдеу әрине. Жұмыстары жауапкершілікке толы, әр азаматтың басты байлығы үшін дамыл таппай қызмет ететін дәрігерлерді «ақ халатты абзал жандар» деп сыйлаймыз. Қандай құрметке де лайықты медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Бәйдібек би ауылындағы Мәдениет үйінде жоғары деңгейде аталып өтті жақында.

      Мерекелік іс-шарада алғашқы сөзді алған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған мейірімді жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап:

– Бұл мерекені адам тәнінің қиналысын жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласы-ның барлық қызметкерлерінің, медбикелер мен дәрігерлердің ерен еңбегі бүкіл жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге болады. Сөзсіз Сіздердің толассыз еңбектеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Жанашырлықтарыңыз, мейірім мен кәсіби адалдықтарыңыз Сіздерді «адам жанының арашасы» деп қоғамның ең биік сатысына шығарды. Дана халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп адам денсаулығын дү-ниедегі байлықтардың бәрінен жоғары қойса, Ата заңымызда «Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық және оның денсаулығы» деп айқын көрсетілген. Сондық-тан да сіздер халықтың өзде-ріңізге деген сенімін арттырып, қажетті кәсіби көмек беретіндеріңізге күмәнданбай-тындай, халыққа мінсіз қызмет етулеріңіз қажет.

     Елбасымыздың тікелей бас-тама көтеруімен ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға арнал-ған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, қолға алған стратегиялық бағыттардың дұрыс екендігіне көз жеткіздік. Соның арқасында денсаулық сақтау саласына қомақты қаржы бөлініп, медициналық нысандар салу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жаңа қарқын алды. Ауданымызда көптеген елді мекендерде жұртқа аса қажетті медициналық мекемелер салына бастады. Биылғы жылы Алмалы ауылында күніне 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория, Алға ауылында күніне 20 адам қабылдай алатын фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысы жүргізілуде. Ал 2020 жылға дейін Қорам, Жаңашар, Көктөбе, Ащысай, Достық, Ақбастау, Қызылшарық және Балтабай ауылдарында күніне 50 адам қабылдайтын жаңа дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жайлы облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырыс берілді – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданымыздың денсаулық сақтау саласы өрке-ниетті өзгерістерге қол жеткізіп жатқанын баяндады. Осы жыл-дың негізгі көрсеткіштері бойын-ша, ауданымыздың орталық ауруханасы облыста «Ең үздік аурухана» номинациясының иегері атанғанын мәлімдеп,  ақжолтай жаңалықтармен бөлісті.

    Шара барысында аудан басшысы медицина саласында сан жылдар бойы аянбай тер төгіп, халықтың алғысына бөленген ауданымыздағы «Еңбек ардагер-лерін»  марапаттап, өз қолымен арнаулы сыйлықтарды табыс-тады. Сонымен қатар, номинациялар бойынша да дипломдар табысталды. Атап өтсек: «Үздік емдеу мекемесі» болып танылған Қаракемер ауылының ДА, «Үздік фельдшерлік пункт» Көлді ауылының фельдшерлік пункті, «Үздік бөлім» аудандық аурухананың жансақтау бөлімі болып танылды. Сондай-ақ, «Үздік дәрігер» Есік қаласы Перзентханасының, балалар жансақтау бөлімінің меңгерушісі Айнаш Исмаилова, «Үздік акушерка» Ақши ауылының ДА-нан Гүлнәр Мукушева, «Үздік фельдшер» Шелек ауылының ауруханасы, жедел жәрдем бөлімінен Ғұламжан Исраилов және «Үздік мейірбике» болып Қазақстан ауылының ДА-нан Жамиля Қалдыбаева есімді дәрігерлер өз ісінің үздіктері атанды.

    Көп жылғы халықтың денсау-лығын қорғауда орасан зор еңбегі мен осы саладағы реформаларды жүзеге асырудағы белсенділігі үшін басқа да бірқатар азаматтар аудан әкімінің мақтау грамотасына ие болды.

   Осылайша еңбектері баға-ланған медицина мамандары ел алдында зор құрметке бөленді. Әріптестерін құттықтау үшін аудандық емханада көп жылдар бойы бас дәрігер болған, Облыстық денсаулық сақтау басқармасында басшылық етіп,  кезінде ҚР мәжіліс депутаты болып сайланған Өмірғали Кенжебекұлына сөз ұсыныл-ды. Ел ағасы өз кезегінде – 16 ауданның ішінде 300 мың тұрғыны бар біздің ауданымыз-дың ауруханасы үздік болып танылғаны менің төбемді көкке жеткізуде. Мемлекетімізде медицина саласының дамығанының белгісі, осыдан 15-20 жыл бұрын шетелде ғана жасалатын күрделі оталар, қазір еліміздің кез-келген облысында жасалып жүр. Денсаулық саласының осындай деңгейге жетуінде Елбасымыздың орасан зор еңбегі жатқанын ұғынуымыз керек. Бүгінгі бір-қатар азаматтарға берілген марапаттарға, ауданымыздағы 3 мыңнан астам дәрігердің бәрі лайықты деп білемін. Себебі осы жетістіктердің барлығында, әрбір ақ халатты абзал жанның қосқан үлесі бар – деп ақжарма ойын ақтарып, әріптестеріне тілегін жеткізді.

    Мерекелі кеш аудан өнер-паздарының концерттік бағ-дарламасымен жалғасты. «Айжан» балабақшасының бүлдіршіндері дәрігерлерге ыстық ықыластарын жеткізіп, ән шырқап бергені көрермендерге шынайы күлкі сыйлады. Бетке ұстар әншілеріміз Қабыл мен Ерке, Арайлым Мамырбекова, Салық Әсел, Нұртас Қайрат, Құралай Сәбетова, Ринат Беков және «Улыбка», «Бахар» би топтары өнерлерін көрсетіп, сахнаны сәнімен мерекенің мәнін арттырды.         

         

Р.НАРХАНОВ.

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 18:36

Жолың болсын, Жас Түлек!

Алтын белгі – өрелі ой, терең білім,

Болашақтың көрсетер кемелдігін.

Жарқыраған жасындай жас түлектер,

Жалынды отты көреміз сенен бүгін!

 

Кедергілер кездессе сүрінбесін,

Қиындықтар тап болса түңілмесін.

Жас түлектер, ақта енді ел үмітін,

Алға қарай тарта бер білім көшін.

    Тұмса табиғаты талайды тамсандырған көне Сақтың атамекені Есіктегі Жамбыл атындағы жастар саябағы тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болды: келешегінен зор үміт күтер Алтын түлектерін қарсы алды. Биыл ауданымызда жүзден жүйрік көрініп, білім кеңістігінде қалықтаған 74 Алтын белгі иегері шықты.

      Өткен аптамыз айтулы оқиғаларға толы болды. Соның бірі – Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағындағы  «Алтын белгі – 2017» шарасы. Мектеп қабырғасындағы 11 жылын босқа өткізбей, білімнің биігін бағындыру үшін барын салып оқыған ауданымыздың мақтаныштарын арнайы аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы құттықтады.

      «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген бабаларымыздың тауып айтқан тәмсіліне таңқаласың. Рас, бұл заманда білімсіз кімді жығады? Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында, ха-лыққа арнаған әрбір Жолдауында, білімді басты назарға қойып отырады. Мемлекетіміздің жастарға сыйлаған шексіз мүмкіндігін толыққанды пайдалана білу екінің бірінің қолынан келмей жатыр. Өйткені, «білім – инемен құдық қазғандай». Сондықтан алтын белгі иегерлеріне арналған ауқымды шараға арнайы қатысып, алғашқы сөзді алған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы барша ата-аналарды, ұстаздарды және түлектерді еңбектерінің жемісімен құттықтай келе:

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, ұстаздар мен ата-аналардың арманы – ұл-қыздарымыздың азамат атанып, туған елдің абыройын көтергенін көруі. Жас түлектердің арманы – бе-рекелі де баянды бақ, мазмұнды да мағыналы болашақ. Оның өзі – тұзы жеңілге емес, тұғыры биік, талабы кеңге, білімі терең, еңбегі көпке ғана бұйыратын дүние. Ол үшін ілім мен білім жолындағы тынымсыз талпыныс пен үздіксіз ізденіс қажет. Бұл біздің бүгінгідей жаңалығы желмен жарысқан, ой-өрісі ғарышпен таласқан заңғар заманның басты әрі бірегей талабы.

    Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар демекші, жыл сайын «Алтын белгі»-мен үздік аттестатқа иегер түлектеріміздің саны артуда. Өткен оқу жылында «Алтын белгіні» 16 түлек, үздік аттестатты – 50 түлек иеленген еді. Ал, ағымдағы жылы орта мектепті бітіруші – 1645 түлектің қорытынды аттестаттау нәтижесінде аудан бойынша 74 түлек «Алтын белгі», 55 түлек үздік аттестат иегері атанды. Биылғы мектеп бітірген уақыт Қазақстандағы «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің ашылуымен тұспа-тұс келіп тұр. Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақстанды әлемнің көптеген елі білмеген. Ал өткен жиырма бес жыл ішінде Қазақстанды бүкіл дүние жүзі елдері танып қана қоймай, абыройы асқақтаған ел ретінде мойындап отыр. Еліміздің жаңа тарихында осындай жетістіктерге жетуімізге жастарымыздың да қосқан үлесі орасан зор. бұлардың басында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны баршаға аян. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемдегі ірі-ірі қауымдастықтардың төрінде отырып, төрелігін беретіндей дәрежеге жетті.

     Қымбатты жас түлектер, тәуел-сіздігіміздің тұрақты, ертеңіміздің шуақты болуы сіздердей жастарға байланысты. Бүгін өмірдің алғашқы межесінен өттіңіздер, ендігі тағдыр өз қолдарыңызда. Өз басым бұл мақсат-міндеттің де үдесінен шығып, табыс биігіне жететіндеріңізге кәміл сенімдімін. Үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер – деп түлектерге ақ жол тілеген аудан басшысы көпшіліктің қошеметіне бөленді.

     Әсерлі де әдемі шараның барысында Бинәлі Әбдіқапасұлы сахна төрінде 74 «Алтын белгі» иегерлеріне, 12 халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

    Баланың жетістік-ке жетуінде ата-ананың өлшеусіз үлесі бары анық. Сондықтан ақылына көркі сай, парасатты ұл-қыздарды тәрбиелеп, осы күнге жеткізген ата-аналардың атынан Ғазиза Қырбасова аудан әкіміне, ұлағаты ұстаздарға ақжарма алғысын білдіріп, түлектерге сәттілік тіледі. «Алтын белгі» иегерлері Қаратұрық ауылы, Еңбек Ері А.Бертаева атындағы орта мектеп түлегі Еркеназ Тұрғынбай мен Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп түлегі Мағжан Тұрсынбайға сөз ұсынылды. Жастарымыз өз кезегінде түлектердің атынан аудан басшылығына, білім берген ұстаздары мен ардақты ата-аналарына алғыстарын жеткізді. Өздеріне артылған үмітке  үлкен жауапкершілікпен қарап, ауданымыздың беделін асқақтатуға, ел сенімін ақтауға уәде берді.

   Мәнді де маңызды мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. «Нұр-Ай» тобы, Қабыл мен Ерке, Ернар Мұқан, Дәурен Сәрсенбаев, Ұлан Қали есімді әншілеріміз жүрек тебірентер әндерін шырқады. Іс-шараның соңында түлектер аудан әкімімен естелік суретке түсті.

     Осылайша білімге құлаш сермеп, армандарына күміс қанат байлаған түлектердің алар асуы, бағындырар белесі көп болсын дейміз!

 

Ринат НАРХАНОВ.

Бейсенбі, 01 Маусым 2017 11:15

Көңілдің гүлі, көздің нұры!

Округ әкімінің орынбасары Мәди Бектасов алаңға жиналған  жұртты ел болашағы балалар күнімен құттықтап, қамқоршысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, жағдайлары нашар отбасылар-дың балаларына балмұздақ, түрлі тәттілер таратты. Өнерлі бүлдіршіндердің әр ұлт тілінде ән айтып, биленген билері тамашаланды.

Баршамызды бал тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой  жайнайтын.

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал-бұлақ боп жалғайтын, – демекші, «Бәйтерек» балабақшасы педагогтары мен бүлдіршіндерінің осы мерекеге орай бір жылдық шығармашылық концерті болды.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ тәрбиелеу десек, сол тәрбие мен білімнің қандай деңгейде екені осы  шарада көрініс тапты. Бүлдіршіндер балабақшада алған тәлімі мен үйренген өнерін тамашалатты. Бал тілімен баршаны баурап, олар «Әдемі-ай», «Егемен ел – Қазақстан», «Ай дидарлы анашым», «Қошақаным», «Катюша», «Привет лето» тағы басқа әндерді орындаса, әскери, түрлі маманның, ұлттық киімдер киіп, «Домбыра», «Танец с колесами», «Көктем шуағы», «Теңізшілер», «Аспазшылар» билерін мың бұрала билеп, Мұқағали, Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Педагогтар болса Құрманғазының «Балбырауын» күйін күмбірлетіп, хормен «Өз елім» тағы басқа патриоттық әндерді асқақтатты.

Концерт соңында бір жылда аудан облыс, республика бойынша қол жеткізген жетістіктері аталып өтті. Тәрбиеші – педагогтардан Салтанат Қондыбаева «Біз бейбітшілік үшін», Айгерім Анисова «Қыс ғажайыптар мерзімі», Парида Байғожаева «Наурыз – көктем», Мадина Отарбаева «Тәуелсіздік тұғыры биік»,  Күлзия Малжанбаева  М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» республикалық байқауларда бүлдіршіндері жеңімпаз, жүлдегер атанғаны үшін диплом, алғыс хаттармен марапатталса, облыстық аудандық байқау, сайыстары өзі өз алдына бір-бір төбе. Қысқасы, Шығармашылық концерт жоғары деңгейде өтті.

Туа аурушаң болып арнайы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан  мекемеде де бұл мереке ерекше аталып өтілді. «Тұсаукесер» рәсімі жасалып, ән айтылып, би биленді, Округ әкімдігі бүлдіршіндерге арнап, түрлі ойыншықтар сыйлады.  Сөйтіп, бар жақсылық бұл күні балаларға жасалды.  Өйткені:

Тәуелсіздік  ел арманы аңсаған,

Ер бабалар терін төккен, шаршаған.

Бүгін міне, бар әлемге танылған,

Қазақ елі үміт артам мен саған, – деп алдыңғы аталар мен ағалар жолын қуып, өсіп келе жатқан бүлдіршіндер –  еліміздің болашағы.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 10:53

Достықты ту еткен фестиваль

Бірлігі бекем елдің тірлігі де түзу. Осы ретте Еңбек орта мектебінде достық фестивалі өтті. Оған Балтабай округіне қарасты қоғамдық кеңес, ардагерлер, әйелдер кеңесі мүшелері, аудандық этно-мәдени бірлестік өкілдері, ауыл жас-тары қатысты. Ұйытқы болған – «Елім-ай» қоғамдық қоры, қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі.

Фестивальде алғаш боп сөз тізгінін алған Астана қаласында өткен Ассамблеяның 25 сессияның делегаты, қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов:

– Қазақ «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Расында, қайсарлығы қара тасты үгіткен, қаһарынан қас дұшпаны үріккен, қайырымдылығы тас жүректі жібіткен қазақ елі өзгенің ала жібін аттап өтпеген, жақыным деп келгенді өзектен теппеген ел. Бұл біздің арғы тегімізден қанымызға сіңген қасиет. Соның айғағы – бүгінгі қазақ даласында 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуінде. «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деген екен Білге қаған. Алыс-ты арбамай, айналамызға көз салсақ, 300 мыңға жуық тұрғыны бар ауданымыздың өзінде 54 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында берекелі күн кешуде. Мемлекет басшысы Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен Ассамблеяның 25-сессиясында осындай басты байлығымызды сақтап қалу тұрғысында кеңінен ойын білдірді. Санамыздың ісімізден озық тұруын ашық айтты. Бұл дегеніміз, Жаңғырудың негізі – тұрақтылық пен келісімде екенінің айғағы. Бүгінгі іс-шарамыздың мән-маңызы да осында: ынтымақ – ырысымыз, тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз екенін жас буынның санасына сіңдіру, - аталмыш іс-шараның мән-маңызын айшықтап өтті. Кейіннен округ аумағында ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді нығайтуда танбай еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы аудан аумағында бірлікті насихаттауда атқарылып жатқан істер жөнінде кеңінен мәлімет берді. Фестиваль концерттік шарамен жалғасын тапты. Әр этно-мәдени бірлестік өкілдері ұлттық билерін билеп, аудан өнерпаздары әуезді әндерін орындап, көпшілікті бір серпілтті.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет