Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2020 12:22

Мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру жолы

Егер сіз "Алтын" алқа", "Күміс алқа" , "Батыр ана", "Ана даңқы" атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында аталмыш қызметке өтініш беру жолдарын айтамыз.
ХҚО арқылы:
– Ең алдымен өз қалаңыздағы кез келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;
– Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
– ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:
Жеке куәлік;
Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
Банктік есепшот жайлы анықтама;

SMS хат арқылы:
Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, "Алтын" немесе "Күміс" алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.
Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.
Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.

Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 7 жұмыс күні.

Есіңізде болсын!
– Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.
–  "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.

Оқылды 1147 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаза күшейтілді Сайлау-2021 »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет