Бейсенбі, 18 Ақпан 2021 17:29

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі

Қазіргі уақытта жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту – өте өзекті тақырыптардың бірі. Қандай жағдайларда нысаналы мақсатты өзгерту қажет? Егер сіз өз жер учаскеңізді басқа мақсатта пайдалансаңыз, бұл жағдайда оның нысаналы мақсатын өзгертуге тура келеді.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады? Алдымен, қолданыстағы заңнаманы білу керек. Кейін қиын жағдайға тап болғаннан гөрі, барлық құжаттарды талапқа сай заңдастырған дұрыс. Мысалы, егер сізде жер учаскесінің нысаналы мақсатыжеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін болса, бірақ іс жүзінде сіз оны жатақхана немесе техникалық қызмет көрсету станциясы үшін және т.с.с. мақсатта қолдансаңыз, онда сіз ерте ме, кеш пе кемінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Ал заң шеңберінде мәселе жер учаскесін тартып алуға дейін баруы мүмкін.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін өтінішті дұрыс жіберуіңіз керек. Өтініште жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, сіз сұраған жер учаскесінің нысаналы мақсаты, жер учаскесінің көлемі және жер учаскесіне мемлекеттік акттің деректері көрсетіледі.

Назар аударыңыз, егер сіз маңызды бір нәрсені көрсетуді ұмытып кетсеңіз, сіз үшін әкімдікте мұны ешкім жасамайды. Бұл жағдайда өтінім қараусыз қалдырылады немесе біріншісіне баламалы теріс қорытынды шығарылады. Демек, сіз бекер уақыт жоғалтасыз

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттің міндеті емес, құқығы екенін білгеніңіз жөн. Әкімдік пен аумақтық органдар сіздің жер учаскеңіздің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін бас жоспарда ескерілген немесе ескерілмегендігіне байланысты қарастырады. Егер мұндай мүмкіндік қарастырылмаған болса, не істесеңіз де, яки шағым жазсаңыз да, бәрі бекер. Елді мекеннің бас жоспары – бұл өте маңызды құжат, бүкіл аймақ соған сәйкес дамиды. Егер бас жоспарға егжей-тегжейлі жоспарлау мен әзірлеу жобасына байланысты сіз сұраған жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салынса, онда бұған ҚНжЕ, санитарлық нормалар тыйым салған деген сөз. Яғни сіз сұратып отырған нысаналы мақсат сәулеттік, экологиялық, өрт қауіпсіздігі және санитарлық талаптарды бұзу қаупін тудыруы мүмкін.

Егер, бас жоспарда сіздің учаскеңіздің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі ескерілген болса, сондай-ақ еш құқық бұзушылық болмайтын жағдайда, толық әрі дұрыс өтініш жолдасаңыз, сұранысыңызға оң шешім шығарылады.

Бұл қызметке заңды және жеке тұлға тапсырыс бере алады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электронды, ақысыз беріледі. Қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні.

Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет. Заңды тұлғалар үшін:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады).
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі (міндетті түрде)

Жеке тұлғалар үшін:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі (міндетті түрде).

Қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде электрондық порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Порталда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілген.

 

Ернар БАЙТАНОВ,

Ақши ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

Оқылды 3059 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 03, 2026

Конституционное закрепление статуса…

Закрепление статуса адвокатуры в Конституции придает этому институту особое…
Ақп 03, 2026

Концентрация власти в руках…

полномочия Главы государства, не учитывает реальное содержание реформы. Основной закон…
Ақп 03, 2026

Удаление слово «свобода» из…

Идея о том, что проект новой Конституции якобы лишает граждан свободы, является…
Ақп 03, 2026

Изменение Конституции – это попытка…

Говорить о том, что изменения в Конституции делаются ради «нового президентского срока»,…
Ақп 03, 2026

Формулировка «...не должна посягать…

Формулировка о недопустимости посягательства на честь и достоинство не является запретом…
Ақп 03, 2026

Исключение конституционного запрета…

Отсутствие прямого запрета на продажу земли иностранцам не означает утрату контроля над…
Ақп 03, 2026

Исключение формулировки о…

В проект новой Конституции, в статью о принципах внешней политики Казахстана, не…
Ақп 03, 2026

Сохранение статуса русского языка в…

Сохранение статуса русского языка в новой редакции Основного закона не дискриминирует…
Ақп 03, 2026

Публикация проекта новой Конституции…

Данные ресурсы были выбраны лишь как основные стартовые площадки для начала продвижения…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет