Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 10:22

Антына адал Мейрамбек

Мен – қазақпын, қазақпын деп мақтанамын.

Ата-бабам салт-дәстүрінен аспаған

Ел шетіне қауіп төнсе, тік тұрып,

Қалың қолын жаудың лезде таптаған.

Иә, бұндай патриотизмге толы өлең шумақтары кімді болмасын, тебірентері анық. «Толғaнсaм, сaнaмдaғы сұрaқтaрдың сaны көп, көкірегімде мол aрмaн бaр. Тaрaу жoлдың тармақталған бaғытындa жaн дүниемді ұлтымның мүддесіне бұрдым» дейді, менің кезекті кейіпкерім.

Әскерге барып, елдің тыныштығын қорғау ісіне машықтану, шыңдалу, Қазақстан қарулы күштерінің қатарын толықтыру ­– азаматтық парыз. Бірақ қазіргі жас буын әскерге баруды емес, қашу жолдарын көбірек іздейтін сынды. Оған себеп көп, әрине. Дегенмен, әскери қызметімен өмірін ұштастырып, институт пен әскери борышын өтегеннен кейін де осы салада тыңғылықты еңбек жолында жүрген азаматтарымыз бар екенін айту керек. Солардың арасында өз ісінің маманы, сарбаздарға жол сілтеп, патриоттық тәрбие беріп жүрген Мейрамбек Талапкер де бар. Қаракемер ауылындағы №6654 әскери бөлімінде батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Мейрамбек Мерекеұлымен жақында тілдесіп қайтқан болатынбыз.

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдаумен пара-пар. Жастардың біреуі ауырған жанның жарасын емдейтін дәрігер болуды армандаса, бірі ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру жолында ұстаздықты қалайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Әскери институтын тәмамдаған  Мейрамбек Отан алдындағы борышын өтеп, халық тыныштығын сақтауды өмірінің мәні деп біледі. Ол – өз ісінің майталманы. Өйткені еліне деген мaхaббaты, әскери бөліміне деген сезімі ерекше. Отан алдындағы қызметін атқаруды, рота сарбаздарының бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыруды тікелей міндеті деп санайды. Әр сарбазды өз бауырындай көріп, тыныштығын қадағалауға тырысады.

Мейрамбек Талапкердің әкесінің патриотизм жайындағы әсерлі әңгімелері нағыз азаматтың бет-бейнесі мен мінез-құлқын танытып, жастайынан жігерлендірген. Әскери адам болуды армандап өскен ол алдына нақты мақсат қоя білді. Бүгінде өзі де алдына келген сарбаздарға психологиялық қолдау көрсетіп, патриоттық тәрбие беріп жүр. Күн-түн демей, еңбек етіп, үйін жұмысына алмастырып, қарамағындағы 100-ге тарта сарбазға бар білгенін үйретуі оның бастапқы баспалдақтары саналды. Бірақ лауазымы өскен сайын артылған жауапкершілік те арта түспесе, кеміген емес. Оған мысал, қарамағындағы сарбаздар санының 300-ге жетуі. Сондықтан таңмен таласа тұру, саптық дайындыққа қол астындағы сарбаздарды даярлау, жауын-шашын, қарлы боранға қарамастан ел тыныштығын абыроймен қорғау, апталап-айлап үйінен жырақта, бейтаныс жерде түнеу ол үшін таңсық дүние емес. Таңның атысы, күннің батысы кез келген жағдайға сақадай сай болуы шарт. Ал ол үшін қырағылық, тапқырлық, білім қажет. Мейрамбек Мерекеұлының бойында осы үш қасиет ұштасып жатыр.

Бүгінде жастарға Отан алдындағы міндетін түсіндіру маңызды. Әскерге бару – ер жігіттің ел алдындағы қасиетті борышы. Жалпы, әскери жарғымен танысып, қару ұстап, саптық даярлықты меңгеруді мектеп қабырғасында алғашқы әскери даярлық пәні үйретеді. Ал әскери парызын өтеуге келген әрбір жас жігіт мектепте алған білімін, әрі дайындығын әскери бөлімдерде жетілдіре түседі. Отан алдындағы борышын өтеген сарбаз кез келген жағдайда шапшаң қимылдап, тез әрекет етіп, шешім қабылдайды. Әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, техниканың тілін меңгереді. Ең бастысы – әрбір сарбаздың туып-өскен жеріне деген махаббаты күшейе түседі. Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскер қызметінен жалтарса, онда ол патриот емес» деген сөзін өмірлік ұстанымы еткен Мейрамбек антына әрдайым адал болуды азаматтық борышы санайды.

«Иә, әскери қызмет кез келген ер баладан темірдей тәртіпке бағынып, елге адал қызмет ету үшін жігер мен зор табандылықты талап етеді. Бүгінде сарбаздарды даярлау ісіне белсене қатысып жүргенімді мақтан етемін. Бұл – абыройлы мамандық», – дейді батальон командирінің орынбасары Мейрамбек Мерекеұлы.

Маржан АҒЫБАЙ,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ

«Журналистика» кафедрасының 4-курс студенті

Оқылды 1122 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет