Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021 16:55

Әлеуметтік желі балалар үшін қауіпті

БҮГІНГІ ТАҢДА ЕҢБЕКТЕГЕН БАЛАДАН БАСТАП, ЕҢКЕЙГЕН ҚАРТТЫҢ ДА ҚОЛЫНАН СМАРТФОННЫҢ ТҮСПЕЙТІНІН АҢҒАРАМЫЗ. ОНЫҢ ҮСТІНЕ  ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА  БАЛАЛАРҒА ЖЕКЕ-ЖЕКЕ ТЕЛЕФОН АЛЫП БЕРІП, БӘРІМІЗДІҢ ТЕЛМІРГЕНІМІЗ ДЕ АНЫҚ. АЛ, БҰЛ ГАДЖЕТТЕРДІҢ БАЛАҒА ТИГІЗЕР КЕРІ ӘСЕРІМЕН КҮРЕСІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Бүгінде бір ғана әлеуметтік желімен шектеліп қалатын адам аз.  Оған қоса алуан түрлі мессенджерлер мен пошта қызметтері, басқа да түрлі онлайн жүйелерді қосып қойыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны қатар жүретінін ескерсек, телефонға тәуелділік мына өзімізден туындаған. Тіпті, тыныш отырса болды деп әлі тілі шықпаған баланың қолына ұстата салатынымыз тағы бар. Осыдан келіп, балада телефонға тәуелділік туындап, кейіннен онымен күресу қиынға соғатыны белгілі. Баланың смартфонда көп отырудан бас тартқыза алмай жүргендіктен ата-ана мен бала арасында кикілжің орнап, соңы жағымсыз жағдаймен аяқталып жатқанын күнделікті жаңалықтан  естіп жүрміз. Бұл өз кезегінде қоғамдағы күресуді қажет ететін басты қауіпті дерт десек артық айтқан болмас.

Ғаламтордағы «зиянды» желілер жасөспірімдерді қылмысқа, ұрлыққа, психотроптық өнімдерді қолдануға тіпті өз-өзіне қол жұмасауға дейін алып баратынын көрдік. Оған «Синий кит» ойыны дәлел. Суицидті насихаттайтын бұл ойында балалар тапсырмалар орындап, соңында өзіне қол жұмсауы керек. Ең қорқыныштысы финалдық тапсырманы міндетті түрде орындауы шарт, әйтпесе, ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен. Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын пайда болған бұл ойынның негізінде 20 суицид оқиғасы тіркелгенін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитет хабарлаған болатын.  Бұдан кейінгі жас буынды өзіне жылдам еліктірген Кореяның әйгілі К-pop өнері. Бұл жанр әлеуметтік желіде кең аудиторияға ие. Ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды  еліктіріп, ер балаларымыздың бойынан қайсарлық пен батырлық кетсе, қыздарымыздың бойынан қылық кетіп жатқаны өтірік емес. Қазақ деген рухты ұлттың болашақ ұрпақтарының осылай ұсақталуы қынжылтады.

Ата-ана баланың көріп отырған киносы мен мултьфильмінің  жас шектеуіне назар аудармайды. Әлеуметтік желіде не керектінің бәрін оңай көре беруге болады. Осы тұста ата-ана  жас ерекшелігіне қарай тұтыну керегін ескеріп, баланы әрдайым қадағалап отыру қажет. Жеке парақшасына бақылау жүргізу керек.

Олай болса, «балаларымызды бұл тәуелділіктен қалай құтқарамыз?» – деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ең алдымен балаға көңіл бөлу. Себебі таңнан кешке дейін жұмыс жасап, кешкісін құр сүлдері қалып келетін ата-ана баламен отырып әңгімелесуге уақыт бөлмейтіні жасырын емес. Балаңыздан бүгінгі күні қалай өткенін, сабақтағы қиыншылықтары мен сізден білгісі келетін сұрақтарына жауап беріп көріңіз. Бұл арқылы сіз  балаңыздың өзіне сенімділігін оятасыз.  Ойын нақты, ашық айта алатын тұлға ретінде тәрбиелейсіз. Одан кейін, балаңыздың қызығушылығы мен ынтасына қарай түрлі үйірмелерге беріңіз. Бұл оның миын жетілдіріп, жан-жақты талапты болып өсуіне көмегін тигізеді. Өзіне орта қалыптастырады. 

Мамандар телефонды 30-50 см қашықтықтан қарау керек деп кеңес береді. Және қуаттағышта тұрған телефонды мүлдем қолға алмаған жөн. Дәрігерлер смартфонға деген тәуелділік баланың жүйке жүйесіне әсер етіп қана қоймай, көз жанарын бұзатынын айтады.  Осы тұста балаңызға ұялы телефонды пайдалануға байланысты кеңестерді ұсынып көрейік. Күніне телефонды белгілі бір уақытқа ғана беру. Мәселен, түске дейін 1 сағат, кешкісін тағы 1 сағатқа пайдалану. Балаңыздың қолданатын мессенджерлерін қысқартып, пайдалы ақпарат беретін ак-каунттарға жазылуын айтыңыз. Құлаққапты пайдалануын шектеп, түнде тел-фонды бермеңіз. Осылай сіз балаңыздың денсаулығы мен тыныштығын қамтамасыз етесіз.

Ата-ана, балаңыздың смартфон қолдануына өте сақ болыңыз. Оның қандай ақпарат іздеп, қандай видео көріп жүргеніне мән беріңіз. Жазыл-ған сайттар мен сөйлескен адамдарын да қадағалап тұрғаныңыз артық етпейді.  Егер де балаңыздың мінез-құлқы мен әрекетінен өзгеріс байқасыңыз, онымен дереу жұмыс жасап, психолог мамандармен сөйлескеніңіз жөн болады. 

«Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, әлеуметтік желілердің, ұялы телефонның  балалардың ермегі емес, жақсыға жол сілтейтін, білімін кеңейтетін құрал болуын қадағалаңыз. Бала үшін жауапкершілік сіздің мойныңызда. Олай болса, балаларымыздың тал бесіктен алған тәрбиесі, ата-анаға өмір бойына айтылатын разылығынан көрінсін дейміз.

 

РЕДАКЦИЯДАН: Бүгінгі күнгі өткір де әлеуметтік маңызы зор, тәрбие тақырыбына да қатысы бар мақала төңірегінде пікір айтам деушілерге есігіміз де, желілік мекенжайымыз да ашық.

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.

Оқылды 1399 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 28, 2024

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық…

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік…
Қар 28, 2024

2. ОО «Atamnyn amanaty», Астана,…

https://atamnyn-amanaty.kz/, Здравствуйте! Для подачи заявки в ОО «ATAMNYN AMANATY»…
Қар 28, 2024

Ұлт саулығы — маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қар 28, 2024

Алматы облыстық мәслихатының № 15…

Мен Галиев Бақытжан Карлұлы, 1974 жылы 5 қараша күні Есік қаласында дүниеге келдім. Ұлтым…
Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет