Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 17:35

"Ашық есік" күні өтті

Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында бас дәрігердің орынбасары Гүлмира Отынбекованың басшылығымен аудандық емхана мен аудан амбулаторияларында «Алғыс айту» күніне арналған «Ашық есік» күні өткізілді.

Осыған орай тұрғындар медициналық түрлі тексерулерден өтіп, арнайы мамандармен, СӨСҚ қызметкерлерімен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.

СӨСҚ дәрігері ретінде емханаға келген Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына қауіп-қатер мінез факторларының алдын алу бойынша мәлімет беріп, қазіргі уақытта бүкіл әлемге таралған ауру – коронавирус туралы жан-жақты ақпараттандырдым.

Кез келген тұрғын дерттің алдын алу үшін, әрі бүкіл қоғамның амандығы үшін карантин талаптарын қатаң сақтағаны дұрыс. Ол үшін: автобус, таксиге отырғанда, мекемелерге барғанда қолды бет-ауызға тигізбеуі керек; әр 2 сағат сайын қолды сабынмен жуып тұру; үнемі маска тағып жүру және әр 3 сағат сайын жаңасын ауыстырып кию, тәулігіне 2 литрдей ыстық су (40-50 градус) ішу; адам көп жиналған жерге бармауы керек. Егер де сіздің басыңыз аурып, температураңыз көтерілсе, жөтел болса, тез арада дәрігерге қоңырау шалыңыз. СӨСҚ мейірбикесі Тулегенова Ж.Х. емханаға келген Енбекшіқазақ ауданының тұрғындарына осы айтылған мәселелер бойынша ақпараттық оқу материалдарын таратты. Ауданның әр өңірінде өткізілген бұл «Ашық есік» күніне халық көп келді. Іс-шараны өткізудің мақсаты – адамдардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, әрі тұрғындардың денсаулығын тексеріп, коронавирус жайлы көбірек мағлұмат беру.  

 

А.С. Нысанбаева,

СӨСҚ дәрігері

Оқылды 2004 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет