Дүйсенбі, 26 Шілде 2021 09:37

Туризмнен толық бас тартуға шақырды

ДДСҰ және ECDC сарапшылары "дельта" Еуропаның барлық елінде дерлік табылғанын және ол басқа нұсқалардың айналымын ығыстырып, таралуын жалғастыратынын атап өтті.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығымен (ECDC) бірлесіп, осы жазда «дельта» штамының жылдам таралуына байланысты туризмнен толығымен бас тартуға шақырды, деп хабарлайды tourprom.ru.

Олардың мәлімдемесіне сүйенсек, SARS-COV-2 коронавирусының «дельта» нұсқасы «Еуропаны шарлап», әдеттегі штамдарды ығыстырады. Сондықтан олар туристерді инфекцияның таралуын болдырмауға күш салуға шақырды.

«2021 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында «дельта» нұсқасы басымдылығын көрсетті, генетикалық реттілік туралы толық ақпарат берген 28 елдің 19-ында осыдай жағдай тіркелген. «Дельта» штамының орташа үлесі – 68,3 пайыз, бұл бұрын үстемдік еткен «альфа» нұсқасының 22,3 пайызынан асып түсті», – деді ДДСҰ өкілдері.

«Біз пандемияны тоқтату тұрғысынан алғанда, жағдайды бақылауға алдық деп айта алмаймыз. Сонымен қатар біздің аймақтың көптеген елінде «дельтаның» таралуына байланысты жағдайдың ушыққанын байқадық», – деді ДДСҰ Еуропалық бюросының Аймақтық директоры Ханс Клюге.

 

Сонымен қатар ол осы жазда инфекцияның, атап айтқанда, «дельта» штамының таралу қаупін азайту үшін сапарлар мен ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырды.

«ДДСҰ елдерге ақысыз тестілеуге қолжетімділікті кеңейтуді, байланыста болған адамдарға карантинді қолдануды және расталған инфекция жағдайында оқшаулауды кеңейтуді, берілу тізбегін үзу үшін контактілерді іздеуді күшейтуді және тұрғындар арасында ең қауіпті адамдарды вакциналауды ұсынады», – деді Клуге.

Оның айтуынша, «дельта» әлдеқайда жұқпалы, вакцина алмай штамға қарсы тұру мүмкін емес.

Оқылды 745 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет