Сәрсенбі, 28 Шілде 2021 15:58

Сайлау қорытындылары шықты

2021 жылғы 25 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы он сайлау округінде өтті.

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақши сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3612 азамат енгізілді, олардың 808-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 65, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Айтбаев С.Б. – 385, Искаков Б. К. – 6, Телтаев Е. Б. – 4, Чокпаров А. Д. – 342.

Ақши ауылдық округінің әкімі болып Айтбаев Сабыржан Бейсетайұлы сайланды, 1974 жылы туған, Ақши ауылдық округінің әкімі, Ақши ауылдық округінің Қазатком ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Балтабай сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6550 азамат енгізілді, олардың 2680-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 46, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған –18.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Егінбаев Д. К. – 865, Жәкеев Е. И. – 84, Қанаев М. Н. – 53, Мықыбаев Ж. С. – 1614.

Балтабай ауылдық округінің әкімі болып Мықыбаев Жұман Сембайұлы сайланды, 1959 жылы туған, Балтабай ауылдық округінің әкімі, Бөлек ауылдық округінің Бөлек ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Бәйдібек би сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6883 азамат енгізілді, олардың 5171-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Әмірдинов Е.Ә. – 3691, Бастаубаева Д. Т. – 721, Сейдахметов Д. К. – 745.

Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі болып Әмірдинов Ержан Әмірдинұлы сайланды, 1971 жылы туған, Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі, Есік қаласында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Қазақстан сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5856 азамат енгізілді, олардың 2686-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 23, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 20.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Асқарұлы Қ. – 318, Серғали Н. С. – 230, Сүгірбеков М. А. – 2095.

Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып Сүгірбеков Марат Айтахынұлы сайланды, 1974 жылы туған, Қазақстан ауылдық округінің әкімі, Қазақстан ауылдық округінің Ащыбұлақ ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Қаражота сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3245 азамат енгізілді, оның 2925-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 59, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 14.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Абдакимов К.Б. – 85, Нарымбаев С. Е. – 100, Рахимбаев Е. С. – 2667.

Қаражота ауылдық округінің әкімі болып Рахимбаев Ерік Сүлейманұлы сайланды, 1963 жылы туған, Қаражота ауылдық округінің әкімі, Шелек ауылдық округінің Шелек ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Масақ сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2685 азамат енгізілді, олардың 2496-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 25.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Бектеген С.Т. – 23, Нұрмаханов Е. С. – 2427, Мақашев Б. С. – 8.

Масақ ауылдық округінің әкімі болып Нұрмаханов Ертай Сұлтанәлиұлы сайланды, 1976 жылы туған, Масақ ауылдық округінің әкімі, Шелек ауылдық округінің Шелек ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Бәйтерек сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8635 азамат енгізілді, оның 1552-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 47, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 45.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Дайырбаев Н.А. – 133, Жакежанов С.М. – 15, Оразаев Р. А. – 126, Нұрланов А. Н. – 1167, Сокуров Б. Д. – 19.

Бәйтерек ауылдық округінің әкімі болып Нұрланов Айбек Нұрланұлы сайланды, 1976 жылы туған, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі, Есік қаласында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Бартоғай сайлау округі

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4913 азамат енгізілді, олардың 3362-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 47.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Аменова Ж. К. – 305, Бейсембаев М. А. – 38, Көрпетаев А. Н. – 49, Өмірбеков Т. А. – 2895.

Бартоғай ауылдық округінің әкімі болып Өмірбеков Талғат Алтынбекұлы сайланды, 1965 жылы туған, Бартоғай ауылдық округінің әкімі, Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Ташкенсаз сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2849 азамат енгізілді, оның 1681-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Адылов Ш.Т. – 1647, Борискина Н.А. – 20, Османов Д. К. – 8.

Ташкенсаз ауылдық округінің әкімі болып Адылов Шатлык Турсынжанович сайланды, 1985 жылы туған, Есік қаласы әкімінің орынбасары, Саймасай ауылдық округінің Амангелді ауылында тұрады, «Ауыл»ХДПП ұсынған.

 

Тескенсу сайлау округі

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4201 азамат енгізілді, олардың 3490-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 30, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған –147.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Богусбаев К. Н. – 117, Сарабеков Е.С. – 309, Доғалов Б. Б. – 2887.

Тескенсу ауылдық округінің әкімі болып Доғалов Бауыржан Бешенұлы сайланды, 1967 жылы туған, Тескенсу ауылдық округінің әкімі, Қаратұрық ауылдық округінің Тауқаратұрық ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Еңбекшіқазақ ауданының Ақши, Балтабай, Бәйдібек би, Қазақстан, Қаражота, Масақ, Бәйтерек, Бартоғай, Ташкенсаз және Тескенсу ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

сайлау комиссиясы

 

Оқылды 1171 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет