Сейсенбі, 19 Қазан 2021 15:51

Қазыналы қарттар музейде бас қосты

 

Қазақта «Ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз бар. Қарт – ауылдың көркі, берекесі һәм ұйытқысы. Қарттарды сыйлау, құрмет көрсету – жас ұрпақтың бұлтартпас борышы. Осы ұстанымды негіз еткен Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері музейде  «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты мәдени шара өткізді.

Тағылымды шараға саналы ғұмырларын тәуелсіз еліміздің өркендеуіне, ауданымыздың, ауылымыздың дамуына өз үлестерін қосып, бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отырған «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматтары» Алмагүл Орымбетова, Әбілбек Айтақынов, Жетпіс Сыдықбаев, Нұрлан Ердәулетұлы қатысты. Қарттардың көңілін көтеріп, аз да болса қуаныш сыйлауды мақсат еткен мәдени шарада Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы, Т.Кенжебаев атындағы және Шелек ауылдық музыка мектебінің ұстаздары мен оқушылары ән-күйден шашу шашып, өлеңдерін оқыды. Сонымен бірге «Ы.Алтынсарин» және «Отан патриоты» медалінің иегері, Т.Кенжебаев атындағы орта мектебінде ұзақ жыл ұстаздық еткен зейнеткер, қолөнер шебері Анаят Жексенбайұлы өз туындыларынан көрме ұйымдастырды. Ұлтымыздың күнделікті тұрмысында пайдаланатын заттарын түрлі материалдардан жасаған шебердің көрмесі мәдени шараның көркін қыздырып, ажарын аша түсті. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, қарттарымыз өздерінің танымдық әңгімелерін айтып, сыр шертті.

 

Жанар БОРАЛТАЙҚЫЗЫ,

Шелек тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі.

Оқылды 1323 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет