Сейсенбі, 09 Қараша 2021 15:47

Миллион ұтқан мұғалім

Әлемдегі мамандық атаулының ардақтысы – ұстаздық. Себебі, ұстаз әрбір адамның жүрегіне білім нәрін себетін аяулы тұлға және барлық мамандық иесін тәрбиелейтін ең  абзал жан.

Жаңа оқу маусымында «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын әлеуметтік маңызды бастамаларын дамыту қоры шығармашылықпен жұмыс істейтін, тәжірибеде қолдайтын дарынды мұғалімдерді ынталандыру, ауылдық мектептер арасында шағын грант иелерін анықтау мақсатында конкурс ұйымдастырды. Осы конкурсқа қатысқан  Тауқаратұрық ауылы, С.Аманжолов атындағы орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі Шарван Бакилова  топ жарды. Өзгелерден оза шапқан білікті ұстаз 1 миллион теңгенің сертификатын ұтып алды. Жүлде алған ұлағат иесі миллион теңгеге өзіне және аталған мектепке кабинетті жабдықтауға керек-жарағын алды. Қазіргі заман мұғалімі, шын мәнінде кемелді ұрпақ тәрбиелеуді өмірлік мақсат-мұраты санайтын, өзгелерге өнер-білім үйретіп жүрген сегіз қырлы, бір сырлы болуы шарт.  Шарван Бакилова осындай талаптарға сай ұстазымыздың бірі. Мектеп директоры Бағила Бағаева ұстазымызды жеңісімен құттықтап, марапаттады.

Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.  Демек, мұғалім біліктілігі бұл еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға жылжытып, оны заман талабына сай етіп құрудың басты кепілі болып табылады. Жас  ұрпақты, бәсекеге қабілетті етіп тәриелейтін, оқуға  деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай білім беретін, мектебіміздің мақтанышы, үлгілі де, өнегелі ұстазымыздың еңбегі жана берсін.

 

Гүлжан Калиаскарова,

педагог-ұйымдастырушы. 

Оқылды 1068 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет