Бейсенбі, 18 Қараша 2021 14:06

Дайындық пысықталды

Жақында  аудан көлемінде «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Алдымен В.Терешкова атындағы орта мектептің алаңында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты қызметкерлері мен  6654 әскери бөлімнің  жауынгерлері, сондай-ақ өңірдің тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдары мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу ұйымдастырылды. Оған 100-ден  аса қызметкер мен 20-ға жуық түрлі техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Асыл Ваисов қатысып, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін саралады. Аудандық  төтенше  жағдайлар бөлімінің  басшысы Р.Каримжан қысқы дайындықтар бойынша қолға алынған істердің нақты жағдайын баяндады.

Оның сөзінше, қысқы дайындыққа барлық күштер сақадай сай. Саптық жиын аяқталғаннан кейін қыс мезігілінде туындайтын төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталды. Алдымен Есік көлі бойында орын алуы мүмкін апатты жағдай қарастырылды. Жаттығу сценарийі бойынша туристер мінген автобус таулы өңірде қар құрсауында қалды. Жедел хабарламадан кейін азаматтық қорғау қызметкерлері лезде әрекет етіп, зардап шеккен жолаушыларды құтқаруға кірісті. Төтенше жағдайлар бөлімі мен жедел жәрдем қызметкерлері туристерді  таудан аман алып  түскеннен кейін, 6654 әскери бөлімінің  жауынгерлері құтқарылғандарды ыстық аспен қамтамасыз етті. Шара барысында мектеп оқушыларына түрлі апатты жағдайдың алдын алу жайында мағлұматтар беріліп, қиын жағдайдан құтылудың  нақты әдіс-тәсілдері көрсетілді. Қорыта айтқанда, құтқарушылар қыстың қаһарына толық дайын екендіктерін дәлелдеді.

Сала басшыларының айтуынша, биылғы қысқы маусымға дайындық тыңғылықты.

 

Е.АСЫЛ

Оқылды 1047 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет