Сейсенбі, 07 Желтоқсан 2021 13:30

Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті

Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының жаңа әкімі болып Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев тағайындалған-ды. Кадрлық өзгеріске байланысты «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасын сайлау үшін конференция шақырылады. Осыған орай апта басында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.

Жиында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХV Конференциясын шақыру, күн тәртібін және бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарынан делегаттарды сайлау жөніндегі квотаны бекіту сынды сұрақтар қаралды. «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.8 тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросы қаулы қабылдап, кезектен тыс ХХV Конференция 2021 жылдың 13 желтоқсанына шақырылды және делегаттарды сайлау жөніндегі квота бекітілді.

Отырыс барысында партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы жайында сөз қозғап, оның мән-мазмұнын аудандағы 79 елді мекенді партияластар, депутаттар мен ақпаратты насихаттау тобы толықтай аралап, халыққа таныстырғанын айтты. Сонымен қатар Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласының да мазмұнына тоқталып өткен Қуат Сұлтанұлы жиын қатысушыларын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 680 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет