Бейсенбі, 09 Желтоқсан 2021 11:20

Саяжай көшесіне асфальт төселді

 

Бүгінде Есік шаһарының маңын қоныстанушылар қатары көбейе түскені белгілі. Қазір сол саяжай аумағының инфрақұрылымын, көлік қозғалысын реттеу секілді мәселе туындап отыр. Алайда, бұл жұмыстарға бюджеттен қаржы бөлу заңға томпақ келеді. Соған қарамастан осы түйткілдің түйінін тартқатуға игі қадамдардың жасалып жатқаны қуантады.

Жақында Есік қаласының төменгі жағындағы саяжайлардың негізгі көшелерінің біріне асфальт төселді. Саяжай тұрғындарының өтінішіне құлақ асқан аудан әкімдігі аталған игі істі тындыруға белсене кірісуде. Бюджеттен 48,5 млн теңгеден астам қаржы бөлінген жол  құрылысына «DСУ-13» ЖШС мердігерлік етеді. Жобаға сай жауын-шашын салдарынан  зақымдалған Рахат ауылдық округіне қарасты «Калинин», «Қыпшақ», «Ветеран-10», «Самал» саяжайларынан  облыстық маңызы бар «Есік-Саймасай» автомобиль  жолына  апаратын жалпы ұзындығы 1,2 шақырым аумаққа  асфальт төселді.

Бұдан бұрын Есіктегі құрылыс нысандарын аралаған аудан әкімі Әлібек Жақанбаев саяжайдағы жол жобасымен танысып, жауапты мекеме басшыларына тиісті тапысырмалар берген болатын. Аудандық көлік және автожолдар бөлімінің мәліметінше, жол құрылысы жыл соңында толығымен аяқталмақ. Бүгінде салынып жатқан даңғыл жолға саяжайлықтар дән риза екендіктерін  жеткізуде.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 944 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Достығы жарасқан Қазақстан! Музейде көрмелер басталды »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет