Бейсенбі, 09 Желтоқсан 2021 11:15

Достығы жарасқан Қазақстан!

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өңіріміздегі этно-мәдени орталықтар арасында «Достығы жарасқан Қазақстан!» атты байқау өтті.

Ұлтаралық татулықты нығайту, мемлекеттік тілді құрметтеу, туған өлкеге, туған елге  деген сүйіспеншілікті арттыру, Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлттардың қазақ халқының әдебиетіне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға жас ерекшелігіне қарамастан түрік, орыс, ұйғыр, күрд, әзірбайжан ұлтының өкілдері қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Байқау шартына сәйкес әрбір қатысушы мемлекеттік тілде өз ұлтының Қазақстанға қоныс аудару тарихы мен сол кезеңдегі қазақ халқының оларға деген ықыласы туралы өз ойларын білдіріп, өздерін қысқаша таныстырып өтіп, қазақ ақындарының «Отан», «Туған жер», «Қазақстан» туралы патриоттық тақырыбындағы бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқуы тиіс болатын. Байқауға қатысқан әрбір ұлт өкілі намысқа тырысып, өздерінің ұлттық киімін киіп, белсенді дайындалып келгендігі анық байқалды. Тіпті оларға қолдау көрсетуге келген төрт жасар бүлдіршін шешен ұлтының қызы Хава Ахматованың өзі «Менің Отаным» атты өлеңін еш мүдірместен оқып, көпшілік ризашылығына бөленді.

Байқауға қытасушыларды бағалауға аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева, аталған бөлімінің бас маманы Балауса Шарғынова, «Еңбекшіқазақ» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, аудандық білім бөлімі әдістемелік орталығының әдіскері Толқын Нусупбаева және аудандық аналар кеңесінің мүшесі Кулян Мадиярова қатысып, әділ бағаларын берді. Аталған додада бас жүлдені ұйғыр этно-мәдени орталығының атынан қатысқан Арзигуль Имерова, І орынды шешен этно-мәдени орталығының атынан қатысқан Зумира Ахматова, ІІ орынды түрік этно-мәдени орталығының атынан қатысқан Лейла Кошиева, ІІІ орынды күрд этно-мәдени орталығының атынан қатысқан Мухаммед Исаев иеленіп, қалған қатысушылар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.

Барлық ұлт өкілдері қазақтың ақ бауырсағынан дәм татты, ал мәдениет үйінің өнерпаздары оларға әсем ән жолдады. Іс-шара соңында этно-мәдени орталық жетекшілері байқауды ұйымдастырушы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне өз алғыстарын білдірді.                        

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1165 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « 55 жылдық мерейтой Саяжай көшесіне асфальт төселді »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет