Жұма, 26 Қараша 2021 11:23

55 жылдық мерейтой

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің құрылғанына биыл 55 жыл толды. Жарты ғасырдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеп, ұстаздар ұстаханасына айналған оқу орны бұл айтулы шараны өз деңгейінде атап өтті.

Салтанатты жиынға әлеуметтік серіктестер, ауданымыздың білім ордаларының үздік қызметкерлері, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің бұрынғы басшылары, ардагер ұстаздар мен оқу орнының қазіргі ұжымы, білім алушылар түгел қатысты. Колледж директоры Алмас Жылқыбаев алдымен оқу орнының тарихына кеңінен тоқталып, білім ордасындағы ұстаздар мен шәкірттердің жетістіктерін ерекше толғаныспен тізіп өтті. 55 жылдық мерейтоймен ұжымы мен білім алушыларды құттықтап, жаңа белестерді бірге бағындыруға шақырды. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, «Демеу»  Алматылық жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің бас бухгалтері  Бекбүбі Бутимбаева, ардагер ұстаздар атынан Гүлнар Байтукенова, Абылай хан атындағы орта мектеп директоры Ләйлә Тункаева және салтанатты жиынның тағы басқа да құрметті қонақтары сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Басқосуға арнайы келген колледждің бұрынғы басшылары Жұмақан Букаев пен Гүлнар  Жошибаева кешегі күннің әдемі естеліктерімен бөлісіп, колледж тарихына тоқталып өтті. Жиын соңында ұжымдағы үздік қызметкерлер мерейтойлық Алғыс хаттармен марапатталды.

Кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, білім ордасының өнерлі жұлдыздары қонақтарға әуезді ән мен керемет күй сыйлады.

 

Қ. МҰРАТҚЫЗЫ.

Оқылды 1258 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет