Сейсенбі, 04 Қаңтар 2022 16:08

Еліміздегі және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының ахуалы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасында жергілікті тұтынушыларды қолдау үшін газдың бағасы реттеліп, тоннасына 38 мың теңге (тоннасына 100 АҚШ долларынан төмен) деңгейінде белгіленді.

Бұл экспорттық деңгейден 5-6 есе төмен (шамамен $500 доллар/тн).

Бұл ретте сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны шамамен тоннасына 100 мың теңгені құрайды.

 

Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының бағасы өңірдегі ең төмен баға болып табылады.

Алайда, газдың төмен бағасы оны өндірудің өсуіне ықпал етпейді.

2020 жылы ішкі тұтыну көлемі 1,4 млн. тонна сұйытылған мұнай газын құрады.

2021 жылы ішкі нарықта газ тұтыну 1,6 млн.тоннаға дейін өсті.

Бұл ретте газ өндірісі өсіп жатқан жоқ. Зауыттардың жиі жөнделуі жалпы өндірістің төмендеуіне әкеп соғуда.

Бұл тұтынудың тұрақты өсуі аясында ішкі нарықта сұйытылған газдың тұрақты тапшылығына алып келді.

 

Газдың тапшылығы 2021 жылы күшейе түсті. Соның ішінде бұл газбен жүретін автокөлік санының өсуіне байланысты болды.

2019 жылдан 2021 жылға дейін мұндай көлік саны 2 есеге өсті (2019 жылы – 139 990 бірлік, 2021 жылы – 313 373 бірлік).

Әлемдік тәжірибеде сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен байланысты және бензин бағасының шамамен 70%-ын құрайды.

Мәселен, АИ-92 бензинінің құны 182 тг/л болған кезде, газдың нарықтық құны шамамен 127 тг/л болуы тиіс.

Биржалық сауда туралы

 

2017 жылдан бастап үнемі ҚР-да газ тапшылығының өсуі болжанып отырды.

Мұның алғышарттары – газдың өте төмен бағасы, ішкі тұтынудың өсуі және өндірістің кеңейтілмеуі.

Сондықтан Үкімет сұйытылған газ нарығын біртіндеп ырықтандыру туралы шешім қабылдады.

Ол үшін 2018 жылы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңға 2019 жылдан бастап газ саудасының электрондық сауда алаңдары арқылы кезең-кезеңімен өтуін қарастыратын түзетулер енгізілді.

 

Үш жыл ішінде (2019-2021 жж.) электронды сауда алаңдары арқылы сатылатын сұйытылған газ көлемі артты. 2019 жылы 5%-дық саудадан басталды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, Заңға сәйкес, газ саудасының 100% тауар биржалары арқылы  өтуі жүзеге асырылды.

 

Электрондық сауда-саттықта газды өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және кемсітпейтін жағдайлар жасайды. Мұндай тәсіл газдың қажетті көлемін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді. Мұнда делдалдар жоқ.

Электрондық саудаға көшу газ бағасын сұраныс пен ұсыныс негізінде теңдестіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бұл өндірушілер үшін тартымды жағдайлар орнатуға және жаңа өндірістік қуаттар құруға инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

 

Ашық сауда-саттық бағаның өсуіне, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасайды. Бұл бәсекелестіктің дамуына оң әсер етеді.

Осы шаралардың арқасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысына инвестиция салуға шешім қабылдады.

 

Тұтынудың жоғары өсуі, ал бағаның төмен болуы өндіруші зауыттар үшін газ өндірісінің тартымсыздығына алып келді.

Көрші елдерде газ бағасы айтарлықтай жоғары.

Ішкі нарықтың қажеттіліктеріне арналған газды елден тыс жерлерге заңсыз әкетудің бірнеше фактілері тіркелді.

Газдың мәжбүрлі төмен бағасының сақталуы осы саланың ықтимал жоғалуына алып келеді.

 

Маңғыстау облысындағы ахуал туралы

 

Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газына ай сайынғы сұраныс 18 мың тоннаны құрайды.

Бұл мыналардың есебінен өтеледі:

«ҚазГӨЗ» ЖШС – 14,5 мың тонна,

«Атырау МӨЗ» ЖШС – 3,5 мың тонна.

Бұл ретте шамамен автокөліктердің 90%-ы отын ретінде газды пайдаланады.

 

2021 жылғы 20-25 желтоқсанда өткізілген сауда қорытындысы бойынша АГТС (автогаз толтыру станциясы) үшін сатып алу бағасы:

  • ҚазГӨЗ – тоннасына 130 684 теңге немесе литріне 77 теңге;
  • АМӨЗ – тоннасына 109 872 теңге немесе литріне 65 теңге.

Логистикалық шығындарды ескере отырып, Маңғыстау облысының АГТС-тері үшін газдың өзіндік құны тоннасына 136 723 теңге немесе литріне 80 теңге шегінде қалыптасты.

Маңғыстау облысындағы ағымдағы бөлшек сауда бағасы литріне 100-ден 120 теңге ге дейінгі аралықты құрайды.

Маржа литріне 20-40 теңгені немесе 25-50%-ді құрады.

Қаңтар айындағы көтерме сауда деректерін талдау бөлшек сауда бағасының 120 мың теңге/тн деңгейінде қалыптасқанын көрсетті.

Үкіметтің пікірінше бұл да асыра бағалау.

Бұл бізге АГТС арасында мүмкін болатын баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді.

 

Қабылданып жатқан шаралар туралы 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автогаз толтыру станцияларының иелеріне қатысты бағалық сөз байласу тұрғысынан тергеуді бастады.

Қазіргі сәтте облыстың АГТС меншік иелері бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады

Ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық серпілістеріне жол бермеу бойынша жүйелі шаралар іске асырылуда.

Баға дәліздері орнатылды.

2021 жылғы желтоқсанда бағаның күрт өсуін болдырмау үшін көтерме сауда өткізу қағидаларында бағаның өсуіне 10%-дың орнына 2-3% деңгейінде шектеу белгіленді.

 

 

Оқылды 487 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет