Сейсенбі, 11 Қаңтар 2022 09:24

Қанат Бозымбаев: Лаңкестермен күресте қаза болғандардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі

Кеше Жалпыұлттық Аза тұту күнінде облыс әкімі Қанат Бозымбаев өңірдегі полиция қызметкерлерімен кездесіп, оларға алғысын жеткізді.
Кездесу барысында Қанат Бозымбаев Президент тапсырмасымен және полиция қызметкерлерінің жауынгерлік рухын көтеру мақсатында арнайы келгенін айтты. Бүлік кезінде барлық салмақ күштік құрылымдардың иығына түскенін, олардың террорлық шабуылдарға қарсы оқ пен оттың ортасында жүріп ел тыныштығын қорғағандарын ризашылықпен жеткізді. Сол сияқты қаза болғандардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін де атап өтті.
- Ерен ерліктеріңіз үшін Жетісу жұртшылығының атынан сіздерге зор алғыс айтамын. Лаңкестермен күрес кезінде бірнеше полиция қызметкері қаза тапты. Зардап шеккендер де көп. Бұл тек олардың отбасыларының ғана емес, баршамыздың ортақ қайғымыз. Мемлекет олардың жанұяларын қиындықта жалғыз қалдырмайды. Біз өз назарымызға алып, қамқорлық жасаймыз. Әрбір қаза болған азаматтардың отбасына 5 млн. теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілетін болады. Балаларының оқу ақысына көмектесіп, басқа да қолдау шаралары қарастырылады, - деді Қанат Бозымбаев.
Алдағы уақытта полиция мен арнайы органдар қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетудің кешенді шаралары қарастырылатын болады. Соның ішінде олардың статусын көтеру, штат санын көбейту, тұрғын үймен қамту, көлік және басқа да материалдық техникалық қамтамасыз ету қолға алынады.
- Бұрынғыдай емес, қазір халықтың сіздерге деген көзқарасы өзгерді. Әсіресе, соңғы екі-үш күн ішінде көпшіліктің полицияға деген құрметі артып, олардың қадірін түсінді. Бүгінгі күні де өз міндеттеріңізді лайықты атқарып, халық күзетінде тұрсыздар. Қиын кезеңде ерен ерлік көрсеткен сіздердің әрқайсыларыңызды біз батыр деп білеміз! – деді облыс басшысы.



Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқылды 715 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет