Сейсенбі, 11 Қаңтар 2022 09:25

Алматы облысында қалыпты өмір сүру жағдайына кезең-кезеңімен көшу мәселесі пысықталды

Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев жиын өткізіп, Президент жариялаған Жалпыұлттық Аза тұту күніне орай қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиында облыс аумағында штаттық режимдегі жұмысына көшу туралы тапсырмалар берілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, облыста келтірілген шығындарды есептеу комиссиясы жұмысын бастады. Облыс әкімі өз сөзінде коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді жалғастыру керектігін тапсырды. Сол сияқты сауда нысандары, ірі базарлар, жанар-жағар май бекеттері толықтай іске қосылуы тиіс. Бұл ретте осы нысандардың бағаны өсірмеуі қатаң бақыланады. Қазір Интернет желісі қосылды. Коммуналдық төлемдерді қабылдау, зейнетақы, жәрдемақы төлемдері де кедергісіз жүргізілуі керек.
Осы жиында Қанат Бозымбаев ауруханалар мен дәріханалардың жұмысы жайлы сұрап білді. Қазір оларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Сол сияқты Талдықорған қаласында қоғамдық көлік толық жұмысқа кірісуі тиіс. Облыс әкімі Алматы қаласына жүйелі түрде азық-түлік жеткізу жеткізілуі тиіс. Сол сияқты Алматы мен қала маңындағы аймақтардың көлік қатынасын реттеу облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовқа жүктелді.
Сонымен бірге жиында полиция және арнайы органдар қызметкерлеріне жағдай жасау, оларды материалдық тұрғыда қолдау, тұрғын үймен қамту, штат санын ұлғайту сияқты бірқатар кешенді шаралар жобасын ұсынуды тапсырды.
- Жалпы облыстағы ахуал тұрақты. Талдықорған қаласы толық бақылауда. Сондықтан қалыпты өмірге бірте-бірте көшуіміз керек. Жұдырықтай жұмылып, бірге жұмыс істесек, жуық арада облыстағы шаруашылық жұмыстарын, жетісулықтардың өмір сүру салтын бұрынғы қалпына келтіре аламыз деп ойлаймын, - деді Қ.Бозымбаев.



Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқылды 887 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет