Жұма, 11 Наурыз 2022 10:05

Су тасқыны мен сырғыма кезінде...

Қазіргі жауын-шашынды кезде сырғыма мен су тасқыны қаупі арта түседі. Сондықтан мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек екенін біле жүргеніміз абзал.

Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы, яғни сырғанауы. Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекетінен болады. Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Тайғанауының ең қатты жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральды құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып, тіпті мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Сырғыманың алдын алу үшін оның пайда болу қаупі туралы хабарлау дабылын, сонымен қатар осы дабыл берілген кездегі іс-әрекет тәртібін есте сақтаңыз. Жақындап келе жатқан сырғыма белгілері пайда болған кезде жақын маңдағы сырғыма станциясы бекетіне хабарлап, олардан ақпарат күтіңіз, ал өзіңіз ахуалға байланысты әрекет жасаңыз.

Су тасқын кезінде егер уақытыңыз болса, үйден шықпай тұрып газды, электротехникаларды сөндіру керек, керекті азық-түлік (2-3 күнге), киім, дәрілерді алып алу керек.

Егер су тасқыны ашық жерде немесе орманда болса, онда жылдам биік жерлерге шығып, ағаш немесе басқа мықты заттан ұстанып тұру керек.

Егер жолынызда өзен тасқыны болса, ең біріншіден, таяз жерді іздеп көріңіз. Судың тереңдігін білу үшін ұзын таяқ алыңыз.

Суға бір аяқты мықты қойғаннан кейін ғана екінші аяқты көтеріп, судың ағынына қарай бұрыш жасап қырмен абайлап жүріңіз.

ТЖ қаупі туындағанда немесе қаупі төнген кезде: 112, аудандық ТЖБ-ның 7-04-07, 7-04-05, 101 ОДП (7272) 91-18-81, ДП 7-55-85 және Есік өндірістік пайдалану басқармасының және жоғарыда көрсетілген тел\факсқа хабарлаңыз.

Орталық диспетчерлік пункті тәулік бойы жұмыс істейді.

 

А.Сулейменов,

«Қазселденқорғау» ММ

ІААПТБ филиалы Есік ӨПБ басшысы

 

 

Оқылды 1131 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет