Бейсенбі, 07 Сәуір 2022 10:02

Ауылдардың жай-күйімен танысты

Арнайы іссапармен елді мекендерді аралап жүрген аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов Түрген, Қаракемер ауылдық округтерінде болып, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Нысандарды аралап, күрмеуі қиын мәселелердің түйінін тарқатуға күш салатынын жеткізді.

Түрген ауылдық округінің әкімі Ержан Карибаевпен білім беру ошақтарына барған аудан басшысы Таутүрген ауылындағы мектепке арнайы ат басын бұрды. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар, нысанда спорт залы мүлдем жоқ.

Түрген ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектеп 640 оқушыға арналған. Бүгінгі таңда 1 200-ден астам бала білім алады. Мектеп жанынан қосымша ғимарат салу қажеттігі туындап отыр.

Қуат Елеусізұлы денсаулық сақтау мекемелеріне де ат басын бұрды. Сапар барысында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, күрделі жөндеуді қажет ететін мәдениет үйіне барды.

Ержан Карибаев аудан әкіміне қоқыс полигонының мәселесін жеткізді. Айтуынша, қоқыс алаңының аумағы жыл сайын ұлғайып келеді.

Сапар барысында аудан әкімі түйіткілді мәселелер кезегімен оң шешімін табатынын жеткізді. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ асты.

Қаракемер ауылдық округінде де білім беру саласында шешілмей тұрған бірқатар мәселелер бар. Бұл туралы округ әкімі Дархан Ахметов айтып, аудан әкімімен Талдыбұлақ ауылындағы орта мектепке барды. 1960 жылдары салынған ғимаратқа 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ білім ошағында спорт залы жоқ. Сонымен қатар, ауылдағы амбулатория ғимаратының іргетасы қаланғанына ғасырға жуықтаған. 30-жылдары пайдалануға берілген нысанның тозығы жеткен. Ендігі кезекте ауылға медициналық нысан салу мәселесі туындап отыр.

Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов атындағы орта мектепте бүгінде 1300-ден астам оқушы білім алады. Ал мектеп 800 балаға арналған. Оған қоса осы мектепке Сатай ауылынан 250-ге жуық оқушы қатынайды. Жаңа оқу жылында мектеп үш ауысымда білім беруі мүмкін. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Сатай ауылында білім ошағын салу үшін өтінім жасалған. Жер учаскесі дайын.

Округ әкімінің айтуынша, 2013 жылы басталған кәріз жүйесінің құрылысы әлі күнге аяқталмаған. Себебі, мердігер мекемені сотқа беріп, сот процесі әлі күнге аяқталмаған.

Сапар соңында Қуат Сұлтанғазиев пен Бекет Ахметов 6654 әскери бөліміне барып, сарбаздардың жай-күйімен танысты.

Өз тілшіміз.

Оқылды 805 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ПРЕСС-РЕЛИЗ Тазалық акциясы өтті »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет