Жұма, 08 Сәуір 2022 10:36

Қазақ тілі – қазақ халқының бірегей құндылықтарының бір

Қазақ халқы қашаннан өзіне тән ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарын құнын түсірмей ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғап, бүгінгі заманымызға жеткізді. Бабалардан мирас болған осы бір бірегей болмысымыздың бүлдіргесін бүлдірмей, құндылығымызды қадірлеу қазіргі қазақтардың қаперден шығармауға тисті қағидаларының бірі екені белгілі.

Рухани құндылығымыз ретінде түркілік тамырымыздан тарап, қанымызда қалған қазақы қасиеттеріміз, дін исламмен долайласқан дәстүрлік дағдыларымызбен тіліміз – тіршілігіміздің тынысы әрі тілге тұтарлық тұғырымыз болмақ.  Енді осы тұғырымызды тұмандатпай, тұмшаламай, тұнығымызды лайламауымыз лазым. Сол лазымдардың ішіндегі «лауазымы биігі» – тіл десек теріс болмас. Өйткені, ұлтты ұйытар ұлағаттардың ұлысы  – тіл. Әлбетте, қазақ тілі.

«Байырғы баба тілім – ана тілім,

Ана тілім – абырой табатыным.

Ана тілім – арысқа салатыным,

Ана тілім – серпіні қанатымның», – демекші бабаларымыздың бай мұраларының абыройлысы да, қайбір халықтың тілімен салыстырып, арысқа салсаң алып ұратыны да, тұғырлысы және туы биігі осы тіліміз десек талас тумасы анық!...

«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген», – деп Жұбан ағамыз жырлағандай тарихта талай тобырға тап болып, тоналса да мың өліп, мың тірілген қазақтың тамырына балта шапқысы келетін кейбір күштердің көксегені бола қоймады. Себебі, қазақты ұлт ретінде жойылып кетуден қорғайтын құрыш қамалы – тілі мен діні, дәстүрі сынды құндылықтары тұрғанда қазақ қашанда қазақ болып қала бермек. Ғасырлар бойы ірге тасы табжылмастай қаланған қазақ қамалын ешкімнің еншілей алмасы анық. Демек, гәп өзімізде. Тек өз қамалысызды өзіміз қиратпасақ болғаны. Бұлай деуіміздің де белгілі себептері бар. Өз ішімізде қазақ тілі десе кежегесі кері тартып тұратын керауыздардың кердеңдеп жүргені жүйкемізді жұқартып-ақ жібереді. Дінімізді де додыратып, топ-топқа бөліп, тобырға айналдырғысы келетін кеселдерге де күнде куәміз. Дін демекші, ислам дінінің даламызға дендей кіруіне орай, тіліміздің де шұрайы артып, өрісі кеңейгеніне тарих куә. Тіл мамандарының зерттеуіне зер салсақ, араб, парсылардан дінмен бірге он сегіз мыңнан аса сөз тіліміздің қорын толтырыпты. Міне, осындай хақ дінмен біте қайнасқан, бай да байырғы баба тілімізді менсінбейтін дүбәраларға қарап қарның ашады.

Тіл – ұлттың келешегі. Тіл жойылса, сол тілді тұтынушы ұлт та жойылғаны. Ал бір ұлттың жойылуы – адамзат өркениетінің өрісі тарылып, тынысы тұншыққаны.

Ендеше, сол өркениеттің өзегінде өзіндік орны бар қазақтай халықтың тілін сақтау – адамзат мәдениетінің жауһарын сақтау деген сөз. Қазақ тілін сақтау – ата-баба аманатын сақтау деген сөз. Қазақтың тілін сақтау – Алла Тағаланың әміріне итағат қылу деген сөз.

Алла Тағала қасиетті Құранда:  

« ... Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді үлттар, рулар қылдық. Шынында Аллаһ алдында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Аллаһ толық білуші, әр нәрседен хабар алушы», – дейді. («Хұжрат» сүресі, 13-аят).

Иә, Алла Тағаланың өзі адамзатты рулар мен ұлттарға бөліп жаратыпты. Ал сол ұлтты қалыптастыратын басты фактор тіл екенін білеміз. Олай болса, сол тілді сақтауға тырыспаудың өзі – Алла Тағаланың жаратылысын жоққа шығару деген сөз. Жаратушының жаратқанын жоққа шығару – шын мәнінде Алла Тағалаға қарсы келу. Ал Алла Тағалаға қарсы келіп, тегін білмей тәңіріне тепеңдеу – ібілістің ізіне еріп, шайтанның шырмауына шатылу болмақ.

Алла Тағала: «Сақтансаң сақтаймын!», – деген. Сақ болайық!...

 

Б.Тоқай,

  «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ

«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының»

 Жамбыл ауданы бойынша дінтанушы маманы.

Тел.: 8 (727) 7020281,  8 771 127 33 27.

Оқылды 2297 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет