Жұма, 08 Сәуір 2022 15:00

Ерлікке жетелейтін кітап

Осы апта айшықты оқиғалармен есте қалды. Солардың біріне тоқталасақ, «Ерлікке жетелеген жол» атты кітап қалың оқырманның қолына тиді. Аты айтып тұрғандай, кітап батылдық пен ерлікке жетелеген тәжік-ауған шекарасы туралы.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі басшылығының ұйтқы болуымен, дайындалып, жарыққа шыққан кітап ТМД-ның оңтүстіктегі шебі – тәжік-ауған шекарасын 8 жылға жуық күзеткен Қазақстанның жеке атқыштар батальонының әскери қызметшілеріне арналады.

Аталған кітапта ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық Ұланының және ҚР Қорғаныс министрлігінің атынан жат елдің аумағына өз еркімен сұранып барып, отаншылдық рухтың нағыз үлгісін танытқан ардагерлер өздерінің «ыстық нүктеде» жинаған тәжірибелерімен бөліседі. Тәжік-ауған шекарасындағы ауыр қызметтері, моджахедтермен болған қақтығыстар және жауынгерлік достықтың сарқылмас күші туралы тартымды әңгімелейді.

...Асқар есімді жас шекарашының қаншама жылдан соң досымен ғайыптан кездесіп, сырласуы... Бұл – 1994 жылдың 28 қыркүйегінде күші тең емес ұрыста өзінің командирі мен қарулас достарының өмірін сақтап қалу үшін өз жанын қиған Шекара қызметінің батыр оғланы Раджан Батырқанов туралы.

...2012 жылдың желтоқсанында әуе апатынан қаза болған сардар Тұрғанбек Стамбековтің 1996 жылы сәуірде тәжік-ауған шекарасында қазақстандық бітімгершілік баталонды басқарып, өзінің нағыз қайтпас қайсар жауынгер екенін де «Ерлікке жетелеген жол» атты кітапқа енген очерк паш ете түседі...

...«Бір түннің оқиғасы» деп аталатын мақала – өзінің азаматтық борышын еліміздің қазақ-қытай шекарасында өтеп жүрген жерінен тәжік-ауған шекарасына аттанған жас сарбаз М.Тұрғалиевтің мергендігі туралы сыр шертеді.

Айту керек, 1993 жылдың маусымынан 2001 жылдың ақпанына дейінгі аралықта ТМД-ға мүше елдердің оңтүстік шекарасын күзетуге Қазақстанның оң мыңнан астам әскери қызметшісі қатысты. Олар тәуелсіз атанғанына бірнеше жылдың жүзі ғана болған Қазақстанның бірінші бітімгерлері болатын.

Кітаптың тұсауы кесілген күн де кездейсоқ таңдалған жоқ еді. Еліміздің тарихындағы осынау атаулы күні – 1995 жылдың сәуірінде қазақстандық сарбаздар тәжік-ауған шекарасында батылдық пен ерліктің өшпес үлгісін танытты. Ұлттық ұланның 17 сарбазы моджахедтермен болған ұрыста қаза тауып, отыздан астам әскери қызметші ауыр жараланды. Ұлттық ұланның ардагері тамаша әскери журналист, ұзақ жылдар бойы «Қалқан» газетін басқарған запастағы полковник Сәдуақас Жұбатов бұл туралы бүгін тұсауы кесілген кітапта егжей-тегжейлі етіп қалам тербеген...

Салтанатты рәсім тәжік-ауған шекарасын күзету кезінде болған ұрыста қаза тапқан 17 сарбаздың ескерткішіне гүл қойып, тағзым етуден басталды.

Мұнан кейін ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-патриоттық мұражайында тәжік-ауған шекарасында болған ұрыстарға қатысқан қазақстандық әскери қызметшілердің жеке заттары, мұрағаттық құжаттары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Кітаптың алқызыл лентасын қос батыр сарбаз Раджан Батырқанов пен Ербол Бітебаевтың аналары қиған соң рәсімнің негізгі бөлімі басталды.

Шараның соңы ҰҚК Шекара қызметі ән-би ансамблінің, ҚР Қарулы Күштері Әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі әртістерінің және Орталық оркестрінің қатысуымен өткен патриоттық әндер концертіне ұласты.

Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпақтарын патриоттық рухқа тәрбиелейтін шығармалардың қатары тағы бір кітаппен толықты.

...Ал бұл кезде еліміздің облыс орталықтарында Ұлттық ұланның тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 сарбазын еске алуға арналған шаралар өтіп жатқан болатын. Жылдағы дәстүрмен шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған осынау рәсімге ҰҚК Шекара қызметі департаменттерінің жеке құрамымен бірге қала жұртшылығы да қатысып, қазақстандық сарбаздардың рухына тағзым етті.

«Қайсарлық шыңға шығарады» деген осы!

Т.ДӘУЛЕТБАЕВА,

 Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

Оқылды 928 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тазалық акциясы өтті ВРЕМЯ ПАТРИОТОВ »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет