Жұма, 15 Сәуір 2022 14:16

Партия өкілдері шалғай ауылдарда

Еліміздің шалғай аудандары мен ауылдарында шешімін таппай жатқан мәселелер баршылық. Ұлан-ғайыр даламыздың түпкір-түпкірінде жатқан елдімекен тұрғындарының мұң-мұқтажы орталыққа жете бермеуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзінде бұл мәселеге кеңінен тоқталған. Сол жиында Президент азаматтарды қабылдауларды жиі өткізіп, алыстағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында қоғамдық қабылдаулар ашып, әлеуметтік желілерде әлдеқайда белсенділік таныту қажет екенін нақты тапсырып, сонымен қатар, партия қоғам өміріне барынша белсене араласып, оқиғаларға жедел ден қоюы, өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымын ашық, анық, нанымды түрде түсіндіруі қажет екеніне де баса назар аударған болатын.

Президентіміздің осындай арнайы тапсырмаларын орындау мақсатында «AMANAT» партиясының өкілдері жылжымалы қоғамдық қабылдаулар өткізіп, шалғайдағы ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдауға белсене кірісіп кетті. Бұл іс-шара азаматтармен кері байланыс орнатуды нығайта түсу жолында жасалып жатқан жұмыс. Осы мақсатта ауданымыздағы Екпінді және Сарыбұлақ ауылдарында жылжымалы қоғамдық қабылдаулар өтті. Көшпелі қабылдаулардың жұмысына «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Гүлнар Тойлыбаева, аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар өздері тұратын ауылдағы шешімін таппай келе жатқан алуан түрлі мәселелерді көтерді. Жиналған жұрт сөз еткен өзекті мәселелердің қатарында көшелерді жарықпен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытып, инженерлік желілерді қолға алу мен сапалы мобильді интернет тарту сияқты ұсыныстар түсті. Әсіресе, Екпінді ауылында мектеп пен дәрігерлік амбулаторияның ескіргені жұрттың арқасына аяздай батқаны аңғарылады.  Өз кезегінде, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев барлық ұсынысқа жауапты мамандар белгіленіп, жоспардың орындалу уақыты айқындалатынын жеткізді. Ауыл ақсақалдары халықтың өтініштері мен мұң-мұқтажын тыңдауға келген партия мүшелеріне алғысын білдіріп, осындай қабылдаулар жиі болып тұрса деген тілектерін  айтты.

Қаражота ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылында сапарын түйіндеген «AMANAT» партиясының өкілдері жылжымалы қоғамдық қабылдау тобы ондағы әлеуметтік нысындарды аралады. Аталған ауылдағы орта мектеп пен дәрігерлік амбулатория тым ескірген. Әсіресе, Сарыбұлақ орта мектебі ғимаратының қабырғалары қақырап, едені шіри бастапты. Округ әкімі Ерік Рахимбаев әлеуметтік нысандарды шұғыл күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін айтты.

Мобильді топ мүшесі, облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Гүлнар Тойлыбаева барлық өтініштер орындалғанша партияның жіті бақылауында болатындығын атап өтті.

– «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімелеріне жыл басынан бері  тұрғындардан  көптеген  өтініштер түсіп, олардың дені оң шешілді. Партияның көмегіне   жүгінген  азаматтарға  заңнама-лық тұрғыда кеңестер берілді. Бүгінгі мобильді қабылдаулар барысында аза-маттардан түскен өтініштер шешімін тапқанша партияның тікелей бақылауында болып, нақты жұмыстар жасалады», – деді облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1051 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет