Дүйсенбі, 25 Сәуір 2022 15:09

Тауда туған тағдыр талғамайды

«Ойлап тұрсам дүние шолақ екен, бір-біріне адамдар қонақ екен» деген халық даналығындай, пейілінің кеңдігі, жан дүниесінің пәктігімен айналасына мейірім шуағын шашып жүрген, жаны жайсаң Тоқтасын ағамызды  қайтпас сапарға қимас көңілмен шығарып салғанымызға да біраз болды.

Хақ Тағаланың шеберлігінде мін жоқ қой, бақилық сапарына кіндік қаны тамып, балалық бал дәурені өткен киелі Сарытаудан аттанып, жамбасына бүкіл саналы ғұмырын өткізіп, өсіп-өнген сүйікті Қорам жері бұйырды. «Тауда туған тағдыр талғамайды» деп өзі айтқандай, тіршілігінде арманы асқақ, асқар биікке құштар Тоқтасын Мұсабайұлы 1939 жылы 12 наурызда дүниеге келген. 1956 жылы Киров атындағы қазақ орта мектебін, 1958 жылы Республикалық дене шынықтыру техникумын, 1965 жылы Қазақтың мемлекеттік дене шынықтыру, спорт, туризм институтын аяқтаған. Еңбек жолын 1958 жылдан Қорам орта мектебінде мұғалім, аудандық спорт комитетінің бастығы, аудандық білім бөлімінің әдіскер-инспекторы, педагог-психологі қызметтерін атқарды. Тоқаң қоғамдық жұмысқа белсене араласып, туризм мен өлкетанудан үйірме жүргізіп, әртүрлі жорықтарға, көпкүндік саяхаттарға қатысып, туристік жұмыс дағдыларын оқушылар бойына сіңіре білді. Ленинград, Мәскеу, Ташкент, Самарқан, Бішкек, Алматы, Павлодар, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларына жасалған экскурсияларға жетекшілік етіп, Бурабай, Баянауыл өңірлеріне саяхаттарда  балалардың дүниетанымын арттырды.

Тоқаңның  еңбегі бағаланып «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісі, Халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану академиясының академигі,  Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы атақтарына ие болды.

1958 жылдан бастап «Социалистік Қазақстан», «Жетісу», «Еңбекшіқазақ» газеттеріне  спорт, туризм, өлкетану, экология, тарих, педагогика, психология тақырыптарында 100-ден аса мақала жариялады. «Тауда туған тағдыр талғамайды» кітабы шықты.

Қуанышы мен қайғысы қатар жүретін бұл фәниде өмір мен өлім алмасып, алғашқысы соңғысына орын босатып жатқан қу тірлік қой. Тіршілігінде өнегесін көріп, тәлім алған аяулы аға бақилық сапарға озғанымен мейірімді дидары мен асыл қасиеттері жадымызда мәңгі сақталатыны сөзсіз. Даңғаза мақтанып-масаттанудан жаны ада, қашан да тынымсыз тірлік пен мызғымас бірліктің ортасында жүретін, адал еңбегімен елінің қадірлі де қасиетті азаматы дәрежесіне көтерілген жүрегі мейірімді, ісі қайырымды Тоқтасын Мұсабайұлын еске алғанда, көз алдымызға бойлы, сымбатты да бидай өңді, иман жүзді, ақжарқын мінезді азаматты елестетеміз! Адами болмысы ерекше еді. Текті тұлға дегеніміз осындай-ақ болар деп ойлайсың. Бар болмыс-табиғатымен, өз кәсібін шынайы жүрекпен сүйген, оған адал пейілімен берілген қайраткер ұстаз болды. Әр шәкіртінің болашақ өмір жолында кәсіби маман болып қалыптасуына тұғыр, зор жетістікте жетуіне  жол ашқан ұстаз болды.

Бұл күндері дәріс алған шәкірттері кең-байтақ еліміздің әр түпкірінде жас ұрпақ тәрбиесі жолында жемісті еңбек етуде. Ал, бойындағы талантын көрегендікпен байқай біліп, «бетінен қақпай, белін буған» шәкірттерінің біразы бүгінде ұстаз жолын қуып, абыройлы қызмет атқаруда.

Бойында туа біткен ерекше харизмалық қабілеті өткір ой-пікірін ашық айтып, өз ұстанымын қорғай білетіндігі еді. Адамның сыртынан сын айтып, ғайбаттауды, ешқашан ашу шақырып, кек сақтауды білмеді. Әріптестерінің сағын сындырмады, оларға ақыл-кеңесін айтып қолдады, әсіресе, өмірлік іс-тәжірибесі аз, қызметке жаңа келген жас мамандарға ерекше жанашырлықпен көмектесіп, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білді.

Бойындағы дарыған ерекше бір қасиеті – бүгінде ұмытылып бара жатқан қазақтың ежелгі салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жақсы білуші еді. Ұжым мүшелерінің күнделікті күйбең тірлікте басына түскен қуанышы мен қайғысына өзі ұйытқы болып, ұжымды ұйымдастырып, бірге бөлісуші еді! Марқұм спорт десе «бәйгеге шабатын сәйгүліктей екі құлағы елеңдеп» тұрушы еді.

Зейнетке шыққан кезінің өзінде ауылда спорт алаңын жасатуға  мән берді.

Қытай ойшылы Конфуций: «Байыптылық, жомарттық, кеңпейілділік, адалдық және мейірмандылық – асқан адамгершілікті көрсететін бес қасиет», – деген екен. Тоқаңның  бойындағы осы аталған  адамгершілік қасиеттері – жас ұрпақ тәрбиесі жолындағы қажырлы еңбегі, биік болмысы мен кісілік келбеті көзін көріп, өзімен сыйлас, тілектес, әріптес болған және білім-тәрбие алған шәкірттерінің көкейінде әркез жаңғырып тұрары хақ!

Қазақта «Бақ  деген – құс, ұшады да кетедi. Тақ деген – түс, кiредi де кетедi. Байлық деген – мұз, еридi де кетедi. Мәңгiлiк қалатын – адал iс» деген ұлағатты сөз бар. Бүкіл саналы ғұмырының Қорам орта мектебі-киелі қарашаңырақтың артына адал iс қалдырған, іргетас тірегі бола білген еңбегі ерек, болмысы бөлек тұлғасы еді.

«Өткен адам болады көзден таса, Өлдi, өштi, оны ешкiм ойламаса.

Ол кетсе де белгiсi жоғалмайды, Керектiсiн ескерiп ұмытпаса», – деп Шәкәрiм айтқандай, өмірден өтсе де ізгі істері ел жадыңда сақталып, ұмытылмайтыны, керуен көші жылжыған сайын, оның азаматтық тұлғасы мұзарт шыңдардай биіктей беретіні сөзсіз. Тоқаң мына фәни дүниеде бойындағы әкенің қаны, ананың сүтімен дарыған тектілігін парасаттылығымен, көркем мінезімен, көпшілікпен сыпайы қарым-қатынасымен, биік болмысы, кісілік кел-бетімен адамгершіліктің ғажайып үлгісін көрсете білді.

Бүгінде Тоқтасын Мұсабайұлы ауылдастары, мектеп ұжымы оның жарқын есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында ұсыныстар айтуда. Тоқаңның 60 жыл саналы өмірін білім саласының дамуына сарп еткен білім ұясы – Қорам орта мектебіне  оның есімін беру әділеттілікке жатады деген ойдамын.

Аруақ еске алған сайын бір аунайды, бүгін  әріптестері еске алып жатқан Тоқаң нұрын Алла  о дүниелік мәңгілік рахатта болатын қайғысыз, қамсыз әлем жәннаттың төрінде шалқуды нәсіп етсін!

 

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі.

Оқылды 4689 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет