Жұма, 29 Сәуір 2022 15:18

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті

«АMАNАT» партиясы әлеуметтік әділдік қағидатын орнықтыруға әрдайым баса мән береді. Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Нақты нәтиже бар, өзгерістерді қазірдің өзінде көріп отырмыз. Осы қарқынды бәсеңдетпей, жұмысты одан әрі жалғастыру керек, – деген Мемлекет басшысы партияға үлкен сенім артуда.

Осыған дәлел және басталған өзгерістердің жарқын бейнесі ретінде «Adal» партиясының «АMANAT» партиясымен бірігуі болды. Бұл тарихи сәтті саяси кеңес мүшелері бірауыздан қолдады. Бұл ретте, адалдықтар өз жақтастарын халықтың табысын арттыру, мамандандыру карталарын әзірлеу, әкімдерге әдістемелік қолдау көрсету, заң жобалары аясындағы және тағы да басқа міндеттер бойынша, партия мүшелеріне берген өзге де бастамалардың орындалатынын сендірді. Жаңа Қазақстанды құруда, ел мүддесін ойлаған қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек деп білеміз.

Тағы бір тарихи сәттің бірі:
– Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын. Сондай-ақ, жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Біз бірлесіп, көп жұмыс атқардық. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды. Қазір талай нәрсе өзгеруде. Алдымызда ауқымды міндеттер бар. Бүгінде еліміздегі барлық саланы түбегейлі монополиядан арылту аса маңызды. Осы үдерістен саяси жүйе де сырт қалмауы керек. Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым, – деді Қ.Тоқаев.
Президент партияның төрағасы лауазымына Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты ұсынып, оған ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат деп баға берді. Өз кезегінде Ерлан Қошанов бұл үлкен жауапкершілік деп, сенім артқандарына алғыс айтып, ел аманатын бірлесе іске асыруға шақырды. 

Қ.С.Байғоджаев,

аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі.

Оқылды 689 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет