Бейсенбі, 04 Тамыз 2022 11:10

Мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды

«AMANAT» партиясының аудандық филиалында Алматы облыстық мәслихаттың хатшысы Дәулет Жарасбаев қоғамдық қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарын мазалап жүрген мәселелер мен сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, мәслихат хатшысы ауданымыздағы құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмыс барысымен танысты.  

Қоғамдық қабылдауға «AMANAT»  партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлнар Құраметова, Көктөбе, Рахат, Бөлек ауылдық  округтерінің әкімдері мен ауыл ақсақалдары қатысып, бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтар болсақ, қабылдауға  келгендер сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, ескірген мектептер мен дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеуден  өткізу, елдімекен тұрғындарына қажетті өзге де әлеуметтік нысандар салу туралы  сұрақтар қойды. Айталық, Қарасай ауылының тұрғыны Телли Абдиева аталған  ауылдағы 1969 жылы салынған Абай атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмысы керектігін жеткізді. Бұған қатысты  «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев  партияның сайлауалды бағдарламасына сай 2025 жылыға дейін аудандағы ескі мекептердің басым бөлігі күрделі жөндеуден өтетінін, бұл жұмыстар кезең-кезеңімен атқарлатындығын айтты.

Қоғамдық қабылдауда Рахат ауылдық округінің тұрғыны Мухамеджан Жаруллаев тағы бір өзекті мәселені ортаға салды. Оның айтуынша, Рахат ауылдық округіне қарасты Рахат ауылында ауызсу сапасы өте нашар, сонымен бірге, жаз айларында ауыл тұрғындары тіршілік нәрінен таршылық көреді екен. Бұл сауалға жауап берген Рахат ауылдық округі әкімінің орныбасары Қайсар Богусбаев жақында «Есік топтық су құбыры» жобасы іске қосылғаннан кейін, аталған ауылдың ауызсу мәселесі оң шешімін табатынын айтты.

Көктөбе ауылдық округінің тұрғыны Нүсіпбай Абаев 14 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдық округте бірде-бір мәдениет үйінің жоқ екенін жеткізді. Ал округ әкімі Берік Саменов мәдениет үйін салуға тиісті жер телімі жоқ екенін алға тартады. Барлық көтерілген мәселелерді тыңдап, сарапқа салған облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаев олардың шешілуін қатаң бақылауға алатынын айтты.

– Келер жылдан бастап Алматы облысының бюджеті көбейеді. Сол кезде көптеген әлеуметтік нысандарды салуға және ескіргендерін күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік туады. Халыққа қажетті дүниелер жасалатын болады – деді облыстық мәслихат хатшысы.

Қоғамдық қабылдаудан кейін Дәулет  Жарасбаев, аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Досымбаев және аудандық  мәслихат депутаттары Төле би ауылындағы салынып жатқан мектептің  құрылысымен танысты. 600 балаға арналған білім ошағының құрылысы жоспар  бойынша желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Алайда мектеп құрылысы тым баяу жүргізіліп жатқан көрінеді. Құрылыстың кейбір сын көтермейтін тұстары тағы бар. Сол себепті облыстық мәслихаттың хатшысы олқылықты түзетуге уақыт берді. Сондай-ақ аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Досымбаевқа аталған мектеп құрылысын назарға алуды тапсырды.

 

Ерзат АСЫЛ.  

Оқылды 1202 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет