Бейсенбі, 04 Тамыз 2022 11:12

Оңалту орталығы ашылды

Қазіргі таңда церебралды сал ауруына шалдыққан бала санының көбеюі қоғамды алаңдатады. Көрсең қабырғаң қайысатын бейкүнә сәбилердің жағдайын жасау мемлекет назарынан тыс қалмауға тиіс. Осы орайда Бәйдібек би ауылындағы аурухананың бір ғимаратынан сал ауруына шалдыққан балаларға арналған облыстық «Қамқорлық, оңалту және ерте араласу» орталығы ашылды.

Салтанатты шарада алғаш құттықтау сөзді алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өз сөзінде жағымды жаңалықпен өңір тұрғындарын құттықтай келе:

– Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды балалар жылы деп жариялаған  болатын. Сол бағыт бойынша облысымызда көптеген шаралар жүзеге асып  келеді. Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлуде. Бүгінде игі бастаманың бір сипаты ретінде «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп Бәйдібек би ауылында мүмкіндігі  шектеулі балаларға арналған қамқорлық орталығы ашылуда. Бұл бүлдіршіндердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін қызмет атқаратын облысымызда қолдануға беріліп отырған екінші орталық. Әлемдік, заманауи, медициналық оңалту және  диагностикалық жабдықтармен қамтылған. Осы орталықта реабитолог, психолог, дефектолог, логопед мамандары  балаларға қызмет көрсететін болады. Аталған мамандардың сапалы жұмысы  жасөспірімдердің арасындағы мүгедектікті азайтатынына сенім мол. Осы орайда қолдан келген көмегін аямаған «Самұрық-Қазына», «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы қорға, «Қазақтелеком»  АҚ және «Қазпошта» АҚ аймақтақ  филиалдарының өкілдеріне облыс тұрғындары атынан зор алғыс білдіремін –  деді.

Келесі болып құттықтау сөз алған «Нұрсұлтан Назарбаев» қоры атқарушы  директорының орынбасары Игорь Иванович өз кезегінде осындай маңызды  шараға қатысқанына қуанышты екенін білдірді.

– Бүгінгі үлкен жауапкершілікті мойындарына артып отырған орталығымыз мүмкіндігі шектеулі  сәбилерімізге орасан пайдасын тигізері, болашақта өз жемісін берері  сөзсіз – дей келе, облыс әкімдігі мен демеушілерге алғысын білдірді.

Әсері айырықша шараның құттықтау сөзін жалғастырған  «Самұрық-Қазына траст» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мират  Өтепов ашылған орталықтың маңыздылығын тарқата отырып, шапағаты мол жобаға зор үлес  қосудан аянып қалмаған «Қазпошта», «Қазақтелеком», «KEGOC»,  «Самұрық энергия» және «Қазақтелеком» сынды ірі компанияларға  ризашылығын білдірді. 

– Бүгінгі орталықпен ғана тоқтап қалатын ойымыз жоқ. Алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» қоры дәл осындай 13 жобаны қолдау мақсатында қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Балалар жылында ғана емес, әр жылы болашағымыз болып саналатын балаларға деген қолдауымызды арттырамыз – деді Мират Өтепов.

Салтанатты шара барысында «Қамқорлық, оңалту және ерте араласу» орталығының лентасын Батыржан Құлаймергенұлы мен Игорь Иванович салтанатты түрде қиды. Жиылған қонақтар мен ата-аналар ғимараттың ішіндегі заман талабына сай емдік  технологиялармен жабдықталған кабинеттермен танысып шықты.

«Қамқорлық, оңалту және ерте араласу» орталығының меңгерушісі Айнара Әмірбекқызының мәліметінше,  ақпан айының 1 жұлдызынан бастап облысымыздың әр түпкірінен 383 мүмкіндігі шектеулі  балалар келіп ем қабылдаған. Ем қабылдау уақыты 21 күнге созылады, балалар үйлерінде тынығып алған соң емін қайта келіп жалғастыруына болады.  Орталықтағы мамандар церебралды сал ауруына шалдыққан  балалардың өмір сүруге икемді  болуға, миының дамуына, жүріс-тұрысының жақсаруына барын  салып, үлестерін қосуда.

Шара соңында Батыржан Құлаймергенұлы мен Игорь  Иванович қазақы салтпен бүлдіршіндердің тұсауын кесті,  орталық қызметкерлері мен ем алушы балалардың әзірлеген  концерттік бағдарламалары көпшілік назарына ұсынылды. 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1608 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет