Бейсенбі, 04 Тамыз 2022 11:25

Тұрғындар өтініші тасада қалмайды

Өткен аптада аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Досымбав кестеге сәйкес, Қаратұрық, Қорам, Қаражота ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп,  жергілікті жұртшылықтың мұң-мұқтажын тыңдады, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

Қаратұрық тұрғындарымен өткен кездесуде жұртшылық білім беру ошақтарының мәселесін көтерді. Лавар ауылындағы бастауыш мектебі ғимаратының әбден тозығы жеткен. Жаңа мектеп салу мәселесі туындап тұр. Алтай Машикұлының айтуынша, тамыз айында  өтетін аудандық мәслихат сессиясында Лавар ауылына білім ошағын салу мәселесі көтерілетін болады  және жобалық-сметалық құжаттары әзірленеді. Сонымен қатар, Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп пен Қаратұрықтағы дәрігерлік амбулаторияның ғимараты да ескірген, күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі таңда амбулаторияның жобалық-сметалық құжаттары дайын, құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп сараптамадан өтсе, қаражат бөлінеді.

Бұдан бөлек аудан әкімінің міндетін атқарушыға жолдарды жөндеу, Тауқаратұрықтағы мәдениет үйін жөндеуден өткізу, аялдамалар мен жаяу жүргінші өткелдері, баяу интернет желісі мен жайылым жерлер мәселесі айтылды.

Аталған сұрақтар бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырма беріліп, жұмыстар кезегімен жүзеге асатын болады. Ал Қаратұрықтағы су құбырының құрылысы аяқталмағанша жолдарға күрделі жөндеу жүргізілмейді. Тауқаратұрықтағы мәдениет үйі мемлекет  меншігіне қайтарылғанда ғана жөндеуге мемлекеттен қаражат қарастырылатын болады.

Қаражота ауылында өткен кездесуде де тұрғындар ескірген әлеуметтік нысандардың мәселесін жеткізді. Сөздеріне сүйенсек, Шелек-Қаражота, Сарыбұлақ-Ақтоған тас жолы талапқа сай келмейді, әбден тозығы жеткен. Сондай-ақ,  Қаражота мен Ақтоған ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияның бүгінгі жағдайы көңілге қонбайды.

Шелек ауылдық ауруханасының бас дәрігері Гүлнар Құраметованың айтуынша, Қаражота ауылында дәрігерлік амбулатория салу үшін жер телімі дайын, сметалық құжаттар әзірленуде. Ал Ақтоғандағы амбулаторияны жарамсыз деп  тану жөнінде жұмыстар атқарылуда.

Жоғарыда аталған тас жолды асфальттау үшін жобалық құжаттар жасалуда, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қорам ауылындағы негізгі мәселе – жайылым жерлерінің тапшылығы. Осылай деген ауыл азаматтары Теректіден жайылым жер бөліп беруді сұрады. Сонымен қатар, жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың денсаулығына  алаңдаушылық танытқан ата-аналар мектептер карантинге  жабылып қалмай ма деген сауалдарын қойды. Г.Құраметованың айтуынша, қазіргі уақытта өңірде коронавирустан 4 адам емделіп жатыр. Ауданымыз жасыл аймақта болғандықтан, ешқандай қауіп жоқ.

 

Сардарбек НҰРАДИН.  

Оқылды 1126 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет