Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022 21:46

Алакөлдік 210 адам кәсіп бастауға қаржы алды

«Еңбек» бағдарламасының елге берері әлі де таусылмақ емес. Өткен жылы дәл осы бағдарламаның аясында 210 адам қаражат алып, іс бастаған.  Басым бөлігі, яғни 174-і мал шаруашылығымен айналысуға көңіл бөлсе, құс өсіруге 1,11 азамат өндірісте бағын сынамаққа бел буса, 24-і қызмет көрсету саласына бет бұрған. Осылайша, аймақтағы жұмыспен қамту бойынша келелі істерге жол ашылып, жұмыссыздар қатары азайды.

Табысқа жеткізер мыңдаған ойларын ортаға салып, жүйелі бизнес-жоспар құрып, кәсібінің тұрақты әрі қолайлы екенін дәлелдеген жандар мемлекет тарапынан арнайы грантқа қол жеткізді. Жартылай жеңісті қанжығаларына байлағандар бүгінде өз ісін жалғастыруда.

«Еңбектің» ебін тапқандардың бірі – Қаламқас Қасымова. Ол – Достық ауылының тұрғыны. «Бастау Бизнес» жобасы негізінде білім алып, «Kasia de Maria» ЖК-сін тіркеген. Үкіметтен алған 583 мың қайтарымсыз грантқа өз ауылында киім тігетін ателье ашқан. Жұмысын жалғастыруға қажетті құралдарды сатып алып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді бағада қызмет көрсетуде.

«Нарық бүйірден қысқанда бір айлыққа қарап отыру мүмкін емес. Өзімнің жеке ісімді ашу арманым еді.  Шағын кәсіп бастауға мемлекеттен қаржылай қолдау берілетінін естіп, қажетті білімді алып,  құжаттарды ретке келтірдім. Мен бастайтын кәсіптің елге қажет екенін көрсету арқылы жобамды қорғап, көздегеніме жеттім», – дейді кәсіпкер қыз.

Тігін машинасың құлағында ойнаған ісмер ару бұнымен тоқтап қалмақ емес. Қаламқас алдағы уақытта қол астындағы жұмысшылар санын арттырып,  мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, кәсібін ұлғайтуға барын салуда.

Дәл осылай жеке кәсіпке қызығушылық танытқандардың қатарында Құнапия Мәденбек те бар. Ол да «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік жайлы білген-түйгендерін жетілдіріп, мемлекеттен қолдау тапқан.  Ол автокөліктерді көтерер техникаларды алып, қолжетімді бағада қызмет көрсетуді қолына алған. Ол Қаламқас сынды мемлекеттен берілген 583 мың теңгені алған. Артынша «Казремонт» ЖК-сін рәсімдеп, Үшарал қаласында көлік жөндеу орталығын ашты.

«Сонау балалық шақтан-ақ техника дегенге үйір болдым. Үйдің үлкендеріне еліктеп, түрлі көліктерді жөндегенде тапжылмай қарап отыратынмын. Бұл іс маған қатты ұнады. Өзімше бірдеңелерін шұқылап, жөндеуге септесуге қызықтым. Өсе келе қызығушылығым кәсібіме айналды. Арнайы грант ұтып, міне, өз ісімді бастадым. Қуанышымда шек жоқ, себебі жаңадан кәсіп бастауыма бұл бағдарлама үлкен көмек тигізді», – дейді Құнапия Мәденбек.

Қазіргі таңда аталған бағдарламаның игілігін көріп жатқан алакөлдіктер жетерлік. Көпшілігі төрт түліктен табыс табуға ниет етсе, заманға сай қызмет көрсетуге де құлшыныс танытып отырғандар да жетерлік. Бастысы екі қолға бір күрек табылып, кәісіптің нәсібін көріп, нәпақасын айырып отыр.

Дереккөз: kazbusiness.kz

Оқылды 661 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет