Жұма, 26 Тамыз 2022 09:16

Зердеге құйылған құндылық

Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Жас ұрпақ ертеңгі елдің иесі болу үшін олардың рухани кемелденуі, ұлттық құндылықтарды ұлықтап өскені маңызды. Ол үшін балаларды отбасынан, «тарыдай болып кіріп, таудай болып» шығатын мектеп қабырғасынан тәрбиелеудің мәні зор.

Көктөбе ауылдық округінің Қызылжар ауылындағы «Дария» балабақшасының тәрбиешісі Ақмоншақ Әзизханқызы үш жылдан бері аталған бөбекжайда мемлекеттік тілдің жанашыры ретінде қызмет етіп келеді. Ақмоншақ Әзизханқызы әзірбайжан ұлтының өкілі болғанымен мектепте қазақ тілінде білім алыпты. Білікті тәрбиеші ұлт руханиятын ұлықтайтын облыстық және республикалық додаларда сан мәрте  жүлдеге ілігіпті. Ол қашан да  мемлекетік тілді қадір тұтататындығын айтады.

– Тілге құрмет – елге құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді  қадірлеп, қастерлеуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, елміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз қажет. Бұл біздің басты парызымыз. Туған жерге деген сүйіспеншілік туған тілді жетік меңгеруден басталады, – дейді Ақмоншақ Әзизханқызы.

Сонымен қоса, үздік тәрбиеші өзінің 4 жасар қызын да ана тіліміздің уызына жарытып өсіруге күш салып келеді екен. 4 жасар Марьям  Хукиева ақиық ақын Мұқағалиев Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ғасыр ақыны – Мұқағали» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанған. Зерделі ана бүгінде балапанын отансүйгіштікке баулуда.

– Патриот болу деген – ел азаматының адамагершілік және саяси қағидатты, туған жерге, елге сүйіспеншілігі, қажет болса мемлекет жолындағы міндетті жеке мүддеден жорғары қоюды талап ететін әлеуметтік сезім. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін құрметпен жоғары ұстап, оны жас ұрпақтың  зердесіне құя білуміз шарт, – дейді Ақмоншақ Әзизханқызы. Бүгінде жас бүлдіршін Марьям Хукиева ұлттық қолөнерімізге де ден қойыпты. Тіпті республикалық қолөнер байқаударында бақ сынай бастаған. Жаңа Қазақстанның болашағы – жас өрендердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына отбасының зор әсер ететіні сөзсіз.

Е. АСЫЛ.

Оқылды 829 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет