Жұма, 16 Қыркүйек 2022 14:27

Ауыл тұрғындары үшін – айтулы сый

«Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» деген Шәкәрім данамыздың сөзіне сай, елге еңбегін арнаудан жалықпаған азаматтар аз емес қазақта.  Көктөбе ауылының тұрғындары үшін сондай есіл ерлердің бірегейі – Нұрманбетов Болатбек Нұрдәулетұлы. Қысқа ғұмырында ауданымызда ауыл шаруашылық саласының дамуына үлес қосқан, ауылдастарына қашан да қамқорлықпен қараған ер есімі ел есінде мәңгі сақталмақ. Сөзіміздің бір дәлелі – жуырда Көктөбе орта мектебінің аумағынан Болатбек Нұрдәулетұлының атында заман талабына сай спорт алаңының ашылу салтанаты өтті.

Аталған шараға Көктөбе ауылының тұрғындары, Болатбек Нұрманбетовтың балалары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Көктөбе орта мектебінің директоры Айжан Жақыпбекқызы арда азаматтың атқарған еңбектері мен кейінгіге мұра болып қалатын өнегелі істеріне кеңінен тоқталып, спорт алаңының салынуына демеушілік көрсеткен Болатбек Нұрдәулетұлының ұл-қыздарына мектеп ұжымының атынан зор алғыс білдірді. Өз кезектерінде құттықтау сөз алған Көктөбе ауылдық округінің әкімі Берік Дәулеткелдіұлы да оқушылар мен ұстаздарды, ауыл тұрғындарын су жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтады. Сауабы мол, игілікті іс болған спорт алаңы еліміздің атын аспандататын азаматтардың өсуіне үлес қосады деген сенім білдірді.

Айтулы жаңалыққа шынайы қуанып келген ауданымыздың құрметті азаматы Айша Рақышқызы, марқұмның досы Бауыржан Сабырбаев сынды көптеген үлкендер қауымы жүрекжарды лебіздерін арнады. Болатбек Нұрманбетовтың көзін көрген жандар ерекше естеліктерімен бөлісіп сыр шертті. Кейінгіге нағыз үлгі боларлық азамат екенін тілге тиек етті.

Көктөбе ауылында туып өсіп, 1986 жылы  Көктөбе кеңшарының 1-ші бөлімшесінің меңгерушісі, 1988 жылы Көктөбе кеңшарының бас аграномы, 1991-1996 жылдары Балтабай кеңшарының директоры болып қызмет атқарған тұлға 1996 жылдың қазан айында 41 жасында жол апатынан дүниеден озған. Ауылдастары Болатбек Нұрманбетовтың адамгершілігі мен елге деген шексіз адалдығын, әркімнен кездеспейтін парасаттылығын сағынышпен еске алды. Айша апамыз: «Болатбектің ғұмыры келте болмағанда, үлкен лауазымды қызметтерді атқарып, еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатын бірден-бір тұлға боларына күмәнім жоқ еді», – деп ойын айтты.

Салтанатты рәсім барысында мектеп оқушылары ән айтып, күй тартып концерттік бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынды. Спорт алаңының лентасын қимастан бұрын ауыл имамы Болатбек Нұрманбетовтың әруағына құран бағыштады. Ауыл үлкендері спорт алаңының лентасын қиып, әжелер шашуын шашып, қуанышты көңіл күймен ауыл халқы үшін футбол ойынынан жарыс бастауын алды.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1026 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет