Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2022 15:47

Халықтың қалауы үшін қалтқысыз қызмет

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің халыққа жақын болуы үшін нақты қадамдар жасап жатыр. Халық үніне құлақ асатын үкіметтік жүйенің бағыты сөзбен емес іспен жүзеге асып жатқаны көпшіліктің көңілінен шығуда. Осы орайда аудан әкімі Алтай Досымбаев Қаракемер, Түрген, Көктөбе ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесу өткізді. Шараға бөлім басшылары қатысып, жұртшылықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Кездесу Қаракемер ауылынан басталды. Аталған кездесулерді жүргізген аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов өз сөзінде:

– Президентіміздің жарлығына сәйкес, аудан әкімі әр тоқсан сайын халықпен кездесіп, аудандағы және ауылдық округтердегі әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін тұрақты талқылайтын болады. Бұл бастама билік өкілдерінің халыққа жақын болуына ықпал етіп, жұмыс барысын қарқынды дамытып, өзінің оңтайлы нәтижелерін беруде. Есеп беру аяқталған соң бастағы мәселемен сұрақтары бар азаматтар үшін жеке қабылдау өткізілетін болады, – дей келе кездесуге қатысушыларды еркін сұхбаттасуға, ашық пікір алмасуға шақырды.

Аудан әкімі Алтай Досымбаев Қаракемер ауылы тұрғындарының 3 ай бұрын Қуат Елеусізұлына айтылған талап-тілектеріне тоқталды.

– Қаракемер ауылындағы колледжге Ұлы Отан соғысы ардагері Қ.Жаманқараевтың есімін беру қажеттігін көтерген болатынсыздар. Аталған өтініш бойынша  құжаттар жинақталып, колледж атауын қайта атау негізінде 100 ауыл тұрғындарымен келісім парағы 2022 жылдың 13 қыркүйегінде толтырылды.

Ұсынысты Алматы облыстық ономастикалық комиссияға жолдауға құжаттар әзірленуде. Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жолданатын болады.

Сонымен қатар, Сатай ауылының электр энергиясының бағандарын ауыстыру туралы мәселе де өз шешімін табуда. Сатай ауылының коммуналдық электр желілерін қайта жаңарту және салудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 20,1 млн теңге. Бүгінгі күнге топография мен геология сызбасы дайын.

Қаракемер ауылының кәріз жүйесі бойынша жоба 2014 жылы басталған, құны 613,7 млн теңге, бүгінгі күнге дейін 586,3 млн теңге игерілді, оның ішінде 27,4 млн теңге бюджетке қайтарылды.

Қазіргі таңда кәріз жүйесі қондырғысы, суды тазалау резервуарлары орнатылды, диаметрі 300 мм 3 км кәріз жүйесі тартылды. Мердігер мекеме – «Айсем и КО» ЖШС. 10.03.2021 ж. №1912-20-00-2/3477 соттың шешімімен субмердігер ПК «Альтаирға» нысанның электр желісі мен абаттандыру жұмыстарын аяқтау жүктелді.

Аяқталмаған жұмыстар 12 км электр желісі, нысан аумағын абаттандыру және іске қосу қалды. Бүгінгі күнге субмердігер ПК «Альтаир» абаттандыру жұмыстарын бастады.

Талдыбұлақ ауылының ауыз су мәселесіне келсек, ауызсу жүйесінің ұзындығы 9 км құрайды. Абоненттер саны – 249 үй. Қызмет көрсететін мекеме – «Ж.Жалгасбаев» ЖК, тариф құны – 98 теңге. Бүгінгі күнге құбыр 80% тозған, жарылған құбырларды жаңалау жұмысы қызмет көрсетуші мекеме есебінен жүргізіп келеді.

Ауданда 17 елдімекенде ауызсумен қамту бойынша жобалар әзірленіп, кезең-кезеңмен жүзеге асырылуына байланысты Талдыбұлақ ауылының су құбыры жүйесін жобалау 2025 жылға жоспарланып отыр.

Алматы қаласына жүретін автобус мәселесін көтерген болатынсыздар. Қазіргі таңда, «Есік – Талдыбұлақ» бағыты бойынша №7 маршруты қызмет көрсетуде. Тасымалдаушы мекеме – «Ақжол Агро транс» ЖШС, жолақысы – 250 теңге. Ал, «Қаракемер – Есік – Талғар – Алматы» бағытындағы автобус маршруты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құзырында болғандықтан сәйкес деңгейде қарастырылуда.

Атқарылған істерге келетін болсақ, Сатай ауылында 3 көшеге жөндеу жұмыстары шілде айында толығымен аяқталды. Аталған жөндеу жұмысына «ММ-СТРОЙ» ЖШС-і мердігерлік етіпті. Сонымен қоса,Талдыбұлақ ауылының стадионын абаттандыру жұмыстары тамыз айында толығымен аяқталды, мердігер мекеме «Құндыз» ЖШС.

Каракемер, Сатай, Талдыбұлақ ауылдарына 3 трансформатор алу үшін бүгінгі таңда техникалық ерекшеліктері әзірленуде, конкурс 16 қыркүйекте жарияланады. 

Ескі Сатай ауылының көшелері толықтай жарықтандырылды және Талдыбұлақ ауылының 3 көшесіне (Есжанов, Байтөрі баба, Сарсебаева)  жарық шамдары орнатылды.

Жұмыстар толығымен қыркүйек айының басында аяқталды. Мердігер мекеме «Қүндыз», – дей келе аудан әкімі кездесуге қатысушыларды ашық диалогқа шақырды. Майгүл есімді ауыл тұрғыны: «Сатай ауылына автобус тоқтайтын аялдамаларға жаяу жүргіншілер өткелі мен белгісін орнатып берсеңіздер. Өйткені балаларымыз мектепке күнде барады, арнайы белгілердің жоқтығының кесірінен қайғылы оқиғалар да орын алған кездер болды», – деп сұранысын жеткізді. Аудан әкімі аталған мәселенің шешімін табуды «Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» басшысы Ж.Құраметовқа тапсырды. Аталған шаруа 1 ай мерзімінде бітетінін ескертті.

Қаракемер ауылының Мәдениет үйінде театр өнерін қарқынды дамытып отырған мәдениет майталманы А.Наймантаев: «Руханиат пен мәдениет саласының маңыздылықтарына кеңінен тоқтала отырып, мәдениет үйінің Республика бойынша жеткен жетістіктерін баяндады. Дегенмен өнер оқуын тәмамдап келген жастарға штат жетіспейді, ал олар бізге ауадай қажет. Мәдениет ошақтарынан кәсіби қызметін таппаған жастар қалада асабалардың армиясын көбейтіп қана жүр. Осы орайда аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жастар практикасы бағдарламасымен жұмысқа орналастырудың ретін тауып берсеңіз»,  – деп өтінішін жеткізді. Алтай Машикұлы айтылған пікірмен толықтай келісетінін білдіріп, аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» басшысы Д.Сейдахметовке тапсырды.

Бұдан өзге де ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар мәселе қозғалды. Алтай Досымбаев: «Қойылған сұрақтарға құрғақ уәде беруді доғаруымыз қажет. Барды бар, жоқты жоқ деп айтатын уақыт келді», – дей отырып, барлық мәселелерге нақты жауаптарын берді.

Есеп беру сапары Түрген ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесудің шартына сәйкес аудан әкімі А.Досымбаев өз есебін баяндады.

– Түрген ауылының рұқсат етілмеген (стихиялық) қоқыс үйінділерін рекультивация жасауға ЖСҚ әзірлеу үшін 2022 жылға 1,0 млн теңге бөлінді, жоба құны – 7,7 млн теңге. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алудың конкурсына жариялау бойынша құжаттар әзірленуде.

Түрген ауылының асфальт төселмеген көшелерін асфальттау мәселесі бойынша – 2022 жылы Князбаев, Чапаев көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы – 0,8 км. Мердігер мекеме – «Строй Гарант 2017» ЖШС, сомасы – 20 млн теңге.

Сондай-ақ, Түрген ауылының Алтын ғасыр, Терехин, С.Момбай, Тажметов, Бокин, Масягин, Петров, Жолдыбаев көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Жалпы ұзындығы – 11,3 км, қаражат сомасы – 147,6 млн теңге. Жалпы ауылдың көшелерін кезең-кезеңмен асфальттау ауыз су құбырын ауыстыру жұмыстарынан кейін жоспарланып отыр, – дей келе басқа да 3 ай бұрын ескерілген халықтың сұраныстары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарының сұранысына кезек берілді. Бірнеше сұрақтар қойылып, шешімін табу жолдары мәселеге байланысты бөлім басшыларына жүктелді.

Көктөбе ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесу өткізілді. Өз кезегінде Алтай Досымбаев:

– Жандосов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтқан болатынсыздар. Ол үшін  2022 жылдың 12 шілдесінде Алматы облысының білім басқармасына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 58,9 млн тенгеге бюджеттік өтінім берілді. Бүгінгі күні қаражат бөлінбеген. Қаржы бөлінген бойда өтініштеріңіз орындалады.

Сондай-ақ, Көктөбе ауылының «Алматы – Сейфуллин» көшелерінің қиылысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам орнатуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өтуде. Аяқталу мерзімі – 2022 жылдың соңы. Жобалаушы мекеме – КБ «МунайГаз Инжиниринг» ЖШС.

Көктөбе ауылындағы Жамбакиев көшесіне жөндеу жұмыстары толығымен шілде айында аяқталды. Мердігер мекеме «Строй гарант 2017» ЖШС.

Төле би атындағы орта мектептің кіреберісіне орташа жөндеу жұмыстарына жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Киикбай.С» ЖШС. Аталған жөндеу жұмысы қазан айының соңында аяқталмақ. Бүгінгі күні жұмыстың 70 % аяқталды.

Қызылжар ауылының сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және салу жұмыстары маусым айының ортасында басталады. Мердігер мекеме «Таир»ЖШС-і жөндеу жұмысын 2023жылдың маусым айының басында толық бітірмек.

Оқушылар мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Көктөбе орта мектебіне баратын Нұрманбетов көшесінен орталық Сейфуллин көшесіне дейінгі аралыққа тротуар салу үшін сметасы саналып, Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқар-масына өтінім берілген. Жоба құны – 55,7 млн теңге. Бүгінгі күні қаражат бөлінбеген, – дей отырып өз есебін берді.

– Тұрғындар тарапынан Алмалы ауылының тұрғындары жаңа мектепке зар болып отырғаны жиі айтылды және Көктөбе ауылында әкімдік ғимараттың жоқтығы өзекті мәселе болып тұрғанын білдірді. Алтай Машикұлының айтуынша біз бюджеттік шығыны көп, түсімі аз ауданбыз. Сол себептен мектеп, әкімдік, аурухана секілді ғимараттарды салуға мүмкіндігіміз төмен. Бюджеттік түсім көп болса бұл мәселелер жылдам шешімін табар еді. Бюджетіміздің көлемін көбейтіп, экономикалық өсімімізді ұлғайту үшін кәсіпорындарымыз көп болуы тиіс. Осы мәселе бойынша инвесторларды тарту жұмыстарын қолға алудамыз.

Алмалы ауылындағы мектеп мәселесі үнемі ойымызда, мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. 2023-2024 жылдары жаңа мектеп құрылысы басталады деген сенімдеміз, – деді.

Алтай Досымбаев аудан әкімі ретінде алғашқы сапары болғандықтан мәселелермен жіті танысып келесі кездесуде өзекті мәселелердің нақты шешімдерін хабарлайтынын, ауданымыздың тумасы ретінде барын салып қызмет атқаратынын жеткізіп уәдесін берді.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 445 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет