Бейсенбі, 29 Қыркүйек 2022 16:26

Жас келсе іске

Аудан әкімі Алтай Досымбаев жаңа сайланған Рахат ауылдық округінің әкімін округ активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

18 қыркүйекте Рахат ауылдық округінде әкім сайлауы өткен болатын. Жергілікті тұрғындар саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде 89.8 пайыз дауыс жинаған Қайсар Богусбаев айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Рахат ауылдық округінің әкімі болды. Рахат ауылдық округі әкімдігінде өткен жиынға аудан әкімі Алтай Досымбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов пен сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Жексембиев және ауыл ақсақалдары қатысты. Ең әуелі округ активіне сайлаудың қорытындысын жариялаған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Жексембиев жаңа әкімге қызметтік куәлік табыстады.

Ел бастаған еріне ақ жол тілеу – ата дәстүріміз. Сол бір сара салтымыз негізінде ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы жаңа сайланған әкімге ақ батасын беріп, қызметіне толағай табыс тіледі. Жиналысты қорытындылаған Алтай Машикұлы ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартпай, тұтастай ел экономикасын көтеру қиындығын, онда қордаланып қалған мәселелер аз емес екендігін тілге тиек етті. Аудан басшысы соңғы кезде жиі көтеріліп жүрген жайылым, шабындық жерлер мен сапалы ауызсу, жол, медицина саласындағы маман тапшылығы, ауыл мәдениеті мен спортты дамыту мәселелері жаңа сайланған округ әкімі Қайсар Нұрболатұлының назарында болу керектігін айтты.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 940 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет