Жұма, 30 Қыркүйек 2022 09:05

Әр саланың ақсаған тұстары аз емес

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Жиынға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов төрағалық етіп, комиссия мүшелері мен бөлім басшылары, округ әкімдері мен мәслихат депутаттары, қоғамдық және ардагерлер кеңесінің мүшелері  қатысты.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қа-растырылды. Біріккен отырыста әдеттегідей бөлім басшыларының атқарған жұмыстары мен қоғамдық ұйым жетекшілерінің есебі тыңдалды. Ең әуелі, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанаргүл Абдугуллованың баяндамасы тыңдалып, аталған бөлімге 2021-2022 жылы депутаттар тарапынан тұрақты комиссия отырысында жасалған ұсыныстар мен берілген тапсырмалардың орындалуы пысықталды. Мәслихат хатшысы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысына бюджеттік өтінімдерді орындауға баса назар аударуды ескертті.

Екінші болып мәслихат аппаратының басшысы Беглан Сатыбалдиевтың баяндамасына кезек берілді. Ол өз баяндамасында аудандық мәслихаттың жұмыс тобы мен депутаттар тарапынан өңірдегі өзекті мәселелер бойынша 2021-2022 жылдары қойылған ұсыныстар мен сауалдардың орындалуына тоқталып, әр сала жұмысын саралады.

Құрылыс саласына қатысты қанша сын айтылса да, жаңадан бой көтерген ғимараттардың сапасы әлі де түзелмей келеді. Қолданысқа берілген жаңа нысанның көп уақыт өтпей жатып-ақ қабырғасы қақырап шығуы қалыпты жағдайға айналған сияқты. Ауданымыздағы күрделі жөндеуден өткен, жаңадан са-ынған нысандардағы кемші-іктер өте көп, айтылатын сын-ескертулерді шешуде айтылар «жырдың» бітер түрі жоқ. Есік қаласында ғана емес, соңғы кезде басқа да елді мекендерде нысандардың құрылысы артқан. 2022 жылдың 8 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9 млрд теңгені құрады. Дегенмен, бүгінгі таңда ауданымыздағы құрылыс жұмыстарының даму қарқынында бірегейлік жоқтың қасы. Нысандардың сыртқы архитектуралық келбеті былай қалсын, елді мекендердің көркін қалыптастаруда ретсіздік көп, бұл аз десеңіз заңсыз құрылыстар да жетерлік. Мұнан өзге  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бақылауындағы біраз жұмыстар сынға алынып, тиісті түзетулер енгізу керектігі айтылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жұмыстарында да ақсаған тұстар аз емес. Бүгінгі күнге 71 (орталықтандырылған) елді мекеннің 24-інде ғана су құбырлары жаңартылып, таза ауыз сумен қамтылған (33,8 пайыз). Қалған 47 елді мекенде (Жаңашар, Қазақстан, Ащыбұлақ, Қырбалтабай, т.б.) су құбырларын қайта жаңғырту қажет, бұл елді мекендерде су жүйелері 60-70 жылдары Кеңес Үкіметі кезеңінде салынған. Ал 8 ауылдың (Ащысай, Көкпек, Торғайбаз, Қайрат, Сарытау, Саз, Сарыбұлақ) су жүйесі мүлдем орталықтандырылмаған және тиімсіз деп танылған. Айталық,  Казатком (2020), Екпінді (2018), Құлжа сияқты кейбір ауылдарымызда тұрғындардың қарсылығына қарамастан су жүйесі жасалды, әлі күнге дейін пайдалануға берілмеді, Қорам ауылында тоналып кетті. Қаражота ауылында да осы күнге дейін тоналып, қараусыз жатып, енді міне қайтадан қаржы бөліп, ағымдағы жөндеуден өткізіп, теңгерімге алдық. Ащысай ауылындағы жөндеу жұмыстарының басы басталып, соңы аяқсыз қалды. Мұнан өзге елді мекендерді сапалы ауыз сумен және газбен қамдау жұмысы да тым баяу жүргізілуде. Бұдан бөлек, қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап, белгілерді жаңарту, қауіпті аймақтарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастыру маңызды.

Білім беру саласында да бір қатар түйткілдердің бар екені шындық. Облыс бойынша халық саны мен білім ордаларының басымдығына қарамастан, күрделі жөндеуден өтетін және салынатын мектептердің саны соңғы 3 жылда бәсеңдеп қалған. Бұл өз кезегінде аудан аумағындағы мәселелерді шешуде жіберіліп жатқан негізгі кемшіліктердің бірі, оған қоса ЖСҚ уақытылы жасалмауы, сараптамадан өтпеуі мен жолданған сауалдарға мардымды жауап берілмеу, нақты ақпарат ұсынбау тағы бар. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы мектептердің басым көпшілігі күрделі жөндеуді және ең болмағанда типтік модульдік ғимараттардың салынуын қажет етеді.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жұмысына серпін беру керектігі баса айтылды. Әсіресе, түрлі мәдени және спорттық нысандарды күтіп ұстау мен іс-шараларды «өтті» үшін емес, тұрғындар үшін сапалы, түпкі көзделген мақсатқа бағдарланып өткізу қажет екені ескертілді. Мұнан өзге де бөлімдердегі атүсті қаралған жұмыстар мен шалағай орындалған тапсырмалардың аз еместігі де тілге тиек етілді. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысында өңіріміздегі қоғамдық кеңес қызметінің негізгі бағыттары мен өкілеттіктері аясында атқарылған жұмыстар назардан тыс қалмады.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша баяндама жасаған мәслихат аппаратының басшысы Беглан Сатыбалдиев Есік қаласы мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық регламенттері туралы түсініктеме берді. Отырыс барысында енгізілген ұсыныстар мен ескертулер бойынша мекемелер тарапынан тиісті шаралар қабылданып, күнтізбелік 1 ай көлемінде атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды мәслихат аппаратына ұсыну тапсырылды. Олардың орындалуы тұрақты комиссиялар мен тиісті мекеме басшыларына жүктелді. 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 858 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жас келсе іске Ардагерлер балық аулаудан бақ сынады »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет