Бейсенбі, 06 Қазан 2022 10:29

Шешім күткен мәселелер жетерлік

Ауданымыз мемлекеттік сындарлы саясат пен қолдаудың, бағытты, бағдарлы, кең ауқымды жоспарлы жұмыстың, еселі еңбектің арқасында мақсат еткен белестерді бағындырып келеді. Жылдан жылға ауданымыздың барлық салалары дамудың оң динамикасын көрсетуде. Десек те, жеткен жетістіктерімізбен қатар орын алып отырған кемшіліктер де жоқ емес, атқарар жұмыс шаш-етектен. Аудан әкімі Алтай Досумбаев Бөлек ауылдық округі мен Есік қаласының тұрғындарымен кездесіп, көп көкейіндегі мәселелерді талқыға салды.

Бөлек ауылындағы М.Горький атындағы мектептегі кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев, аудандық мәслихат депутаттары мен бірқатар бөлім басшылары қатысты. Алтай Машикұлы, бірінші кезекте биылғы жылғы өзгерістерге тоқталып, алдағы уақытта аудан халқымен жиі-жиі кездесетінін жеткізді. Мұнан соң ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды тілге тиек етті.

Сөз кезегі ұсыныс-пікірлерге келгенде ауыл тұрғындары Бөлек ауылындағы М.Горький атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу, көгалдандыру және саябақты ретке келтіру мәселелерін сөз етті. Ал Аймен тұрғындары  ішкі су құбырын жөндеуді, Қарасай жұртшылығы ауыл арасындағы жолды асфальттау, электр бағаналары мен желілерін жаңалау, жайылымдық жер сынды түйткілдерді аудан басшысының назарына ұсынды.

Елді мекен тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді Алтай Машикұлы мұқият тыңдап, барлығына да жауап берді. Халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Кейбір мәселелерге қатысты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әділжан Смағұлов, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы Ермек Жакеев заңдылықтарға сәйкес жауаптарын айтты. Аудан әкімі Алтай Досумбаев елді мекендерге сапары кезінде жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдады.

Есік тұрғындарына кезекті есеп беру кездесуін аудан басшысы казіргі уақытта аудан тұрғындары үшін қолайлы, өмір сүруге жайлы ортаны құру – негізгі бағыттардың бірі екендігін атап өтуден бастады. Есік гуманитарлық–экономикалық колледжінде қала тұрғындарымен жүздескен өңір басшысы аудан орталығында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жұртшылықта жүрген сауалдарға жауап берді. Жүздесуде тұрғындарды жұмыспен қамту, мектептердегі білім беру жағдайы, міндетті медициналық сақтандыру, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыз сумен қамту, тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, жер телімі мен баспана алу жайында сөз қозғалды. Жүздесуге келген тұрғындар қаланы газдандыру жұмыстары туралы да сауалдар қойды. Өз кезегінде аудан әкімі көппәтерлі үйлерді қалыпты жылытуды қамтамасыз ету үшін қазір 15 блокты-модульді қазандықтардың (БМҚ) салынып жатқанын айтты. Алайда аудан орталығын газбен толық қамту үшін қиындықтардың барын жасырмады.

– Бүгінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс. Қазір осы тұжырымдама негізінде өңір тұрғындарына аудан әкімдігі тарапынан сапалы қызмет көрсетіліп келеді. Қазір қала әкімдігінің әлеуметтік желіде арнайы парақшалары бар. Кез келген қала тұрғыны аталған парақшаларға өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, пікір қалдыра алады. Сіздер айтқан мәселелердің барлығы назарға алынатын болады, – деді Алтай Машикұлы. Кездесу соңында аудан жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдап, олардың мәселесін өз бақы-лауында ұстайтындығын жеткізді.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 810 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет