Бейсенбі, 06 Қазан 2022 10:35

Қастерлі Отанға қалтқысыз қызмет

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ, БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ атты жолдауын қолдау, насихаттау мақсатында «Ұлттық Ұлан» ән-би ансамблі аудандық мәдениет үйінде «Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін» атты шығармашылық концерттерін өткізді. Айтулы шараға ардагерлер, әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер, полиция басқармасының қызметкерлері, аудан тұрғындары мен жастар қатысты.

Іс-шараның басында Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық Қаһарманы Қайрат Үмбетовке арнайы сөз ұсынылды. Полковник өз кезегінде:

– Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде еліміздің өңірлерінде ІІМ ҚР Ұлттық Ұланы ақпараттық насихаттау тобының республикалық туры басталды. Мұндағы басты мақсатымыз әскери қызметшілер мен аймақ азаматтарына ел Президентінің Жолдауын және еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау. Сондай-ақ, әскерилеріміз бен жастарымызды қазақстандық патриотизм және конституциялық борышқа адалдық рухында тәрбиелеу, Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның имиджін нығайту, отандастарымыздың әскери қызметшілерге, олардың қызметтік, жауынгерлік міндеттеріне оң көзқарасын қалыптастыру, – дей келе концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырды.

Ұлттық Ұлан ән-би ансамблі ұжымы әскери билерімен, патриоттық әндерімен, музыкалық туындыларымен көрермендерге ерекше әсер сыйлап, қошеметке бөленді.

Мереке соңында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов ауданымыздың атынан тыныштығымыздың сақшысы болып отырған Ұлттық Ұлан ұжымына зор алғыс білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі. Аудан әкімі Алтай Досумбаевтың атынан «Халық қаһарманы», Полковник Қайрат Үмбетовке және Ұлттық Ұланның ән-би ансамбліне Алғыс хат пен сый-сияпат табысталды. 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 773 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет