Бейсенбі, 06 Қазан 2022 10:53

Әділ заңның атымен

Ел шебін көздерінің қарашығындай күзетіп жүрген шекарашылардың жолына кімдер кездеспейді. Мемлекеттік шекара бұзушы, шекара аймағына келу тәртібін бұзған азамат, заңсыз аңшылықпен айналысқан немесе контрабандашы... Осылай тізіліп кете береді. Ал мұндайлармен бірінші кезекте ҰҚК Шекара қызметінің анықтаушылары айналысады. Соңғы нүктені әділ сот қояды.

Жасырмаймыз, ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімінің анықтаушыларымен жиі кездесіп, сұхбаттасамыз. Ел шебін бұзғандарға қатысты материалдармен танысамыз.  

Қарап тұрсақ, өзі жатқан шытырман оқиға. Детективтен бір де кем емес. Сондықтан осы істі «май шаммен» қарап, ақ пен қарасына көз жеткізген майор А.Социаловпен сұхбаттасқан едік.

– Майор мырза, әр департаменттің өз анықтаушылары бар екені белгілі. Десек те, жақында Жамбыл облысы бойынша департаментіне қарасты Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының шекарашылары ұстаған азаматқа қатысты материал сіздерге келіп түсіпті. Мұның себебі неде?

– Қордайлықтар қолға түсірген азаматтың бізге қандай қатысы бар дейсіз ғой? Иә, басында солай болғаны рас. Өйткені, Қазақстан елінің А. есімді азаматы шекарашыларға тұтылған кезінде өзінің әу баста көрші қырғыз еліне Кегендегі шекаралық бақылау посты арқылы өткенін айтқан. Ал тексере келгенде, ол мұны қорыққанынан айтқан болып шықты... Осылай ету арқылы 22 жастағы азамат өзінің басына қара бұлт үйіріп алғанын білген жоқ еді.

Шындығында оқиға былай болған. 2015 жылдың сәуірінде қазақстандық әйел мен оның 15 жасар қызы «Қордай» шекаралық бақылау бөлімі арқылы көрші қырғыз еліне өтеді. Заңда әлі он алты толмаған қызға шекарадан анасымен бірге өтуге рұқсат етіледі, әрі бұл үшін туу туралы куәлігін көрсетсе болғаны. Ал қыз бір аптадан кейін он алтыға толады, бірақ ол кері шекарадан өтуге үлгере алмай қалады. Осылайша көрші елдің аумағында еріксіз қалып қойған қыз қырғыз азаматымен көңіл қосқаны үшін шетел асқан анасына көмектесіп, түрлі жұмыс істейді. Туған еліне оралу үшін бірнеше рет өкілетті органдарға шағымданады. Алайда, нәтиже болмайды. Ақыры ағымдағы жылдың 5 тамызында ол қордайлық шекарашылардың алдына келіп, өзінің Қазақстан азаматы екенін куәландыратын құжатын көрсетеді... Байқайсыз ба, жеке бас куәлігін. Өзі жеті жылын көрші елдің аумағында өткізсе. Ал тиісті куәлік А. есімді азаматқа 2021 жылдың қаңтарында берілгені тайға таңба басқандай жазылып тұр.

– Қызық осы жерден басталады дейсіз ғой...

– Дұрыс айтасыз, бар кілтипан осы жерден басталады. Азаматтың куәлін «аударып-төңкеріп» қараған қордайлық бақылаушы бірыңғай базадан ол туралы мәліметті таппайды да қыздан: «Сіз Қазақстан аумағынан қашан шықтыңыз?» деген заңды сауалды қояды. Өйткені, біздің елден шыққан із жоқ та, кірген із бар... Ал ол қорыққанынан: «Кеген арқылы өттім» деп жауап қайырады. Өйткені әлдекім оған осылай айт деп үйреткен көрінеді. Мұның барлығы оның заңды білмегенінде болып тұр. Осы жауаптан кейін «Қордай» шекаралық бақылау бөлімі бұл істі бізге өткізді. Міне 22 жастағы қазақстандық азаматтың бізге тап болуының түп-төркіні осы.

Ақыры тергеп, тексеріп, зерделей келе, біз қыздың осыдан жеті жыл бұрын шекарадан анасымен бірге өткенін анықтадық. Алайда жоғарыда айтқанымдай, бір аптадан кейін он алтыға толып үлгергендіктен, қыз кері өте алмай қалады. Өз бетінше тырысып көргенін де жаңа айттық. Алайда нәтиже болмаған соң оның Қазақстандағы ағасы қыздың атына жеке бас куәлігін жасатады. «Бармақ басты, көз қыстымен». Өйткені, бұл кезде қыздың өзі де қырғыз елінің азаматымен көңіл қосып, аяғы ауырлап қалған екен. Некеге тұруға құжаты жоқ. Амал жоқ, қарындасы үшін ағасы осындай қадамға барады...

...Арғы жағы белгілі, алдына келіп түскен істі тереңдетіп тексерген Алматы облысы бойынша департаментінің анықтаушысы майор А.Социалов А-ның көрші елге қашан және қалай өткенін анықтады. Жеке бас куәлігінің «жыры» да осы жерде белгілі болды. Дегенмен, қазақстандықтың үстінен қозғалған іс жабылады. Өйткені, ол заңға қайшы әрекет жасамаған. Бар болғаны, өзінің құқығын білмеген. Есесіне, қыз қырғыз елінде жүргенде оның атына берілген жеке куәлікке қатысты шикілік ашылуға тиіс. Бұл енді алдағы уақыттың еншісінде.

Иә, шынында да шекарашылардың жолына кімдер кездеспейді. Шекара бұзушы, контрабандашы, аңшы мен есірткі тасымалдаушы. Ал біз сөз еткен оқиға биылдыққа бірінші мәрте болып отырған көрінеді. Есесіне қандай? Детективке бергісіз. Шекара қызметінің «кибер анықтаушысы» атанған майор Азамат Социалов ашқан шытырман оқиға. Ал мұның артында еліміздің әділ заңы мен қазақстандық шекарашылар тұр.

Т.ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

Оқылды 1269 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Их любят и ждут… Казпочта — народная связь »

Соңғы жаңалықтар

Нау 13, 2025

Қазақстан Республикасы Мәдениет және…

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ…
Нау 13, 2025

Әкімшілік рәсімдік –процессуалдық…

Әкімшілік рәсімді козғау үшін негіздер болып мыналар табылады: Жолданым; Әкімшілік…
Нау 13, 2025

Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу — еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды…
Нау 13, 2025

Кәсіптік аурулардың алдын алу

Кәсіптік аурулар дегеніміз – зиянды еңбек жағдайларынан туындаған ағзаның әр түрлі…
Нау 13, 2025

Кондитерлік өнімдердің сапасына…

Кондитерлік өнімдер – дегеніміз шикізаттың негізгі түрлерін, тағамдық компоненттерді…
Нау 13, 2025

Мектеп асханаларына қойылатын…

Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.…
Нау 13, 2025

Казахстан вошёл в число стран с…

В тройку "лидеров" входят Буркина-Фасо, Пакистан и Сирия Институт экономики и…
Нау 13, 2025

Олжас Бектенов экономиканы дамыту…

Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық министрліктерді басқарумен блоктау мен…
Нау 06, 2025

Зимние Кубки на пороге весны

На лыжно-биатлонном комплексе «Алатау» в г.Талгаре 21-25 февраля состоялись первенства на…

Күнтiзбе

« Наурыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет