Дүйсенбі, 17 Қазан 2022 11:20

Өмір жолдары ұрпаққа асыл қазына

Қазан айының  басындағы  мереке – Қарттар күнін ерекше атап өту жақсы дәстүрге айналған. Бұл күн құрметке лайық, даналықтары мол, ардақты жандарға арналған. Мереке қарсаңында, Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі А.Досумбаев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Ахметов, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Бименов пен  Қ.Ақшабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ұзақов, «AMANAT» партиясы аудандық филалының Атқарушы хатшысы Б.Рахимов және ардагерлер қауымы қатысты. Ең алдымен, аудан  әкімі  мерекелік  шараға жиналған барша қауымды құттықтады. «Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік пен тыныш  өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін. 1 қазан күні  саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына, үлгі, өнеге», – деді Алтай Машикұлы.

Аталған мерекелік шараға аудан қарияларының ішінен әр салада жемісті еңбек еткен 100-ге жуық ардагер қатысып, бірқатары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін аудан әкімінің және аудандық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен марапатталды.

    

Мерекелік шарада мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының өнері көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен қоса, өнерпаз ардагерлерден құрам тапқан «Ақ әжелер» мен «Алтын адам»  ансамблдерінің өнерлері көрермендерге мерекелік әсер қалдырып, керемет көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерттен кейін аудан басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлері Солтанбай Жарықбасов, Жылқыбай Тажіқұловтың отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» деген Алтай Досумбаев сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін  жеткізді. Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерлерге алғысын білдірді. Өз кезегінде қарттар да  қолын жайып, ақ батасын  берді.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 618 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет