Дүйсенбі, 17 Қазан 2022 11:46

Ел игілігіне жаңа бастама

26 қыркүйек күні «Самұрық-Қазына» Қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет берді. Шараға спикер ретінде қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де қатысты.

Сарапшылар жұртшылықты «Самұрық-Қазына» жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру, қайта құру департаментінің аға менеджері Айжан Қайратқызының айтуынша, Қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын толық қолдайды. Сондықтан «Самұрық-Қазына» жекешелендіру жоспарын іске асыру аясында ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кең ауқымды ақпараттандыруға бағытталған.

«Самұрық-Қазына» Қоры трансформациялану алдындағы шешуші сәтте тұр. Біз мемлекеттің аса маңызды стратегиялық активтерін басқаратын холдингтен басымдықты және ғылымды қажетсінетін жобаларға капитал салатын инвестициялық қорға айналуды ниеттенеміз. IPO және активтерді бәсекелес ортаға шығару, осы тұрғыда, Қордың жекешелендіру ба-дарламасының аясындағы стр-тегиялық міндеті болуға тиіс. Бұл ретте Қор мемлекет үшін негізгі салаларда жұмыс істейтін компанияларда мажоритарлық акционер ретінде қатысуын сақтап қалады», – дей келе IPO мүмкіндіктері туралы сөз қозғап, әрбір қазақстандықтың ҚМГ акцияларын сатып алуға және Қазақстанның ірі мұнай-газ компаниясының тең иесі болуға мүмкіндігі болатынын атап өтті. Бұдан басқа, акцияларды иелену компанияның дамуына, сонымен бірге Қазақстан үшін аса маңызды мұнай-газ саласына ықпал етуге мүмкіндік беретінін ескерді.

Өз кезегінде «Казпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Б.Ержігітов, «KASE listing» департаменті директорының орынбасары Ж.Мажирина, АІХ компаниясының реттеу бөлімінің менеджері С.Рахымбеков, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының стратегиялық басқармасының басшысы Х.Аязбекова сынды қызметкерлер қазақстандықтардың IPO-ға қатысуы табыс көзінің балама түрі бола алатынын, алайда мұндай жағдайда инвестициялаудың перспективада жұмыс жасайтынын ескеру керектігін түсіндіріп өтті.

Акциялар бойынша кірістерді акциялардың иесі ретінде дивиденд түрінде де, оларды сату кезіндегі акция құнының өсуі түрінде де алуға болады. Алайда, компанияның нәтижелеріне байланысты дивидендтер жыл сайын төленбеуі мүмкін және қолайсыз факторлардың әсерінен акциялардың бағасы төмендеуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Акцияларға салым салу ұзақ мерзімді перспективада кіріс алуды жоспарлай отырып, түрлі тәуекелдерді ескере отырып, жасалуы керек екені ескерілді.

Шара соңында кездесуге қатысушылар тақырыпқа байланысты туындаған сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды.

Дәл осылай 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ мамандандырылған ipo.sk.kz интернет-ресурсынан білуге болады.

Анықтама:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ 7 ірі активі ішінара бәсекелі ортаға шығарылады, олардың 6-ы IPO арқылы шығарылмақ. «ҚазМұнайГаз» IPO-сы осы жылға жоспарланған, олар AIX және KASE алаңдарында жарияланады.

Р.НАРХАНОВ.

 

Оқылды 638 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет