Дүйсенбі, 17 Қазан 2022 14:31

Пошта — халыққа қызмет көрсетудің көшбасшысы

Ежелгі дәуірден дауыс, дыбыстар, от жағып, кептер ұшырып адамдардың бір-біріне хабарласатын байланыстың бұл түрі уақыт өте келе қарым-қатынас құралдары мен формалары өзгеріп, жазба хабарларды, басылымдарды, ақша аударымдарын тағы басқа да таратуларды қамтамасыз ететін қызметтер көрсететін мекемеге айналды. Алғаш рет ХІІІ ғасырда «пошта» сөзі осы қызмет түрінің атауына  айналды. Сөйтіп, пошта байланыс қызметі тиімді экожүйеге негізделген заманауи цифрлық қоғамның дамуына көз жеткізіп, клиенттерге қажеттілігін жылдам әрі сенімді түрде жеткізуге мүмкіндік беруге қол жеткізді. Біздің елде 1860 жылы Алматы қаласынан (Верный) Бішкек қаласына қосқан бірінші телеграф желісі  іске қосылса, 1999 жылдан бастап РМПБМ «Қазтошта» АҚ болып қайта құрылды.

Ауданымыздағы Шелек аумағындағы 11 ауылдық округі бойынша қызмет көрсететін Шелек пошта байланыс бөлімі торабы бастығының орынбасары Рая Нұрлыбаеваға жолығып, сұхбаттасқан едік. Рая Мұхамадиқызы 2006 жылдан бері осы мекемеде әуелі сұрыптаушылық қызметтен бастап, орынбасарлық лауазымға дейін еңбекқорлығының арқасында қол жеткізген өз ісінің маманы екенін танытып, бүгінгі таңдағы атқарылып жатқан пошта қызметін баяндап берді.

22 пошта байланыс бөлімшесі мен Шелек ауылындағы салық, халыққа қызмет көрсету мекемелеріндегі және Шелек-1 бөлімшелері, 3 төлем қабылдау орындары болып халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді екен. Негізінен Қазақстан, шетелдерден хат-хабарлар, МС қызметі сәлемдемелерден басқа электр қуаты, телефон, басқада түрлі төлемдерді қабылдайды, темір жол билеттерін сатады. Көрші Қытай елі арқылы Ali-Express қызметін де көрсетеді. Мүгедектерге арналған арба, басқа да қажетті заттарын қабылдап, жеткізеді. Вестерн Юнион Юнистрим онлайн ақша аудару, Ресейден, шетелдерден ақша айырбастау қызметі де бұл күні халыққа қолжетімді екен. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыларын уақтылы қолма-қол және банкомат арқылы алуға қол жеткізеді. Шелекте 2, Қаратұрық пен Байсейіт ауылдарында бір-бірден банкомат орнатылыпты.

«Біз коронавирус жұқпалы ауруы меңдеген кезде де тоқтамай жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсеттік. Осындай ауқымды жұмыстар атқарып жүрген пошта қызметкерлерінің жалақылары мардымсыз. Көшелерді кезіп, күнделікті басылым, хат-хабар тарататын қызметкерлеріміз 0,5, тіпті 0,3 ставкамен еңбек етуде. Қалада әріптестеріміз жалақыны көбейтуді сұрап, митингіге де шықты. Жоғары жақтағылар келер жылдан бастап еңбекақыны арттыруға сөз берді. Сол үмітпен еңбек етудеміз», – деген орынбасар баспасөзге жазылудағы қиындықты да айтты. Бұрынғыдай емес, басылымға жазылу азайып кеткен, биыл жалпы 10386 дана түрлі басылымға, соның ішінде аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне 3682 данаға жазылған. Келер жылға да баспасөзге жазылу науқаны басталды. Бұл іске ауылдық әкімшілік, мектеп, медицина, басқа да мекемелер де атсалысса деген ойын айтты. Тұрғындарды газет-журналдарға жазылуға міндеттеу емес, түсіндіру қажет екенін, әсіресе аудандық газетке түрлі хабарландырулар беретін тұрғындар, өздері жазылмайды да, керек болғанда пошта қызметкерлерінен сұрап келетінін де жасырмады. Бір жылға 4500-5000 теңгесін қиып, «Еңбекшіқазаққа» жазылса, бүйтіп сабылмас еді, шынында. Кейбіреулері ақылы жариаланымға төлеген ақшаны «газеттің бағасын төледім ғой» деген түсінікте болатынын талай рет күәсі де болдым.

«Пошта қызметкерлерін төл мерекесіне орай белсене қызмет етіп жүргендерді атап кету де жөн. Әрине, бәрі де өз қызметін адал атқарады. Дей тұрғанмен, жастарға үлгі, тәлімгер болып, жүзден жүйрік, тәжірибелері мол бас есепші болып істеп зейнетін көрген Тылабуви Тохтахунованы, пошта байланыс бөлімін басқаратын 40 жыл еңбек өтілі бар ащыбұлақтық Забира Кожабекованы, қызылшарықтық Гүлнәр Құдайбердиеваны, бижановтық Дәнехан Касенованы, хат-хабар таратушылардан қазақстандық Клара Иманбекова, қаратұрықтық Әдәләт Пархатова, сарыбұлақтық Ұлбосын Машкееваны атауға болады», – деп сөзін аяқтады Рая Мұхамедиқызы.

«Кісі арасында кісі бол,

Үлкені болма, кіші бол!

Қызмет қылсаң жорғалап,

Маңдайдан тер сорғалап,

Азаматтың ісі бұл!» – демекші, аудан халқына қалтқысыз қызмет етіп, маңдай тердің өтеуін өтеп жүрген пошта байланыс бөлімінің қызметкерлерін біз де: «Төл мерекелерің құтты болсын, жетістіктерге жетіп, ел алғысын арқалай беріңіздер!» – демекпіз.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 4496 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет