Сейсенбі, 18 Қазан 2022 16:09

СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА ШЕРХАН МҰРТАЗА, КАМАЛ СМАЙЫЛОВ, САҒАТ ӘШІМБАЕВ ЖӘНЕ НҰРТІЛЕУ ИМАНҒАЛИҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ «ТАҢШОЛПАН» ЖАСТАР БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Шерхан Мұртаза, Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай «ТАҢШОЛПАН» телевизиялық жастар байқауын жариялайды.

Конкурсқа  жоғары оқу орындарының студенттері мен 30 жасқа дейінгі жас  ғалымдар қатыса алады.

Байқаудың мақсаты - жоғары оқу орындарының студенттері түсіретін телефильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне қолдау білдіру, телемамандар арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстарды нығайту әрі дамыту, ұлттық телевизиялық мектептің жетістіктерін дәріптеу арқылы Қазақ телевизиясының қайраткерлері Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлының есімін ұлықтау.

Байқау шарттары:

Байқауға 2022 жылы түсірілген қазақ тіліндегі авторлық шығармашылық жұмыстар қабылданады. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 30 қарашасына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жолдануы тиіс.

Байқау аталымдары:

  • Үздік бейне материал (Шерхан Мұртаза, Камал СмайыловСағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)
  • Журналистік зерттеу жұмысы (Шерхан Мұртаза, Камал СмайыловСағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)
  • Үздік мультимедиалық жоба (Шерхан Мұртаза, Камал СмайыловСағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)

Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен арнайы құрылған комиссия анықтайды. Үздік шыққан жоба иегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталып, жұмыстар Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ресми сайттарында жарияланады.

Телевизиялық «Таңшолпан» жастар конкурсы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Журналистика факультетінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  Бүгінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлының жетекшілігімен ашылған ұлттық телевизия жауһары саналатын «Асыл мұра», «Көкпар», «Қымызхана», «Алтыбақан» «Айтыс», «Терме», «Тамаша», «Парыз бен қарыз», «Жүректен қозғайық», «Құрдастар», «Бетпе-бет», «NurTiley» бағдарламалары сақтаулы.

Марапаттау:

Байқау жеңімпаздары 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталып, шәкіртақы тағайындалады.

Байқауға жолданған жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:

Жұмыстар электронды түрде, ал тележобалар ютуб арнасына жазылып сілтемелері  ұсынылуы тиіс. 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +7 (727) 221 14 92, моб.: +7 701 152 74 88, +7 707 377 70 49.

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD А.Б.Ақынбекова, тел.: +7 (727) 221 13 51, моб.: +7 777 275 08 61.

Оқылды 1192 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Спортзал жабдықтармен толықты Шебердің қолы алтын »

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет