Жұма, 14 Сәуір 2023 10:32

Шебердің қолы алтын

Жұмыссыз азаматтардың кәсіп бастауына мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырған Есік қаласының тұрғыны Ильяс Әділбек шағын бизнес иесі атанды. Ол өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша өткен жылы мемлекеттік грант жеңіп алды.

Мамандығы қаржыгер азамат Отан алдындағы әскери борышын өтеген соң, аудандық «Қазпошта» торабында және «Halyk Bank» бөлімшесінде 5 жылға жуық қызмет атқарыпты. Ильяс Арыстанұлы пандемия кезінде өз үйіне қажетті заттарды дәнекерлей бастапты. Ол өзі жасаған тұрмыстық бұйымдарын әлеуметтік желіге жүктеген соң, біртіндеп тапсырыс беруішілердің қатары көбейе бастапты. Кейін келе дәнекерлеу жұмысынан табатын табысы артқан жас маман біржола өз ісімен айналысуды шешіпті.

Одан әрі мемлекет тарапынан жұмыссыздарға берілетін қаржылай қолдауды пайдалану үшін арнайы курстан өтіп, сертификат алады. «Бастау Бизнес» курсының сертификаты негізінде жоба әзірлеп, комиссия қарауына ұсынады. Жас кәсіпкер өз жобасын сәтті қорғап, 1 млн 200 мың теңге көлімінде грантқа ие болыпты. Жас кәсіпкер жоба аясында ұтып алған қаржыға күнделікті өзіне қажетті компрессор, дәнекерлеу аппараты, тегістегіш машинасы, болгарка, темірді жапсырып, тартуға арналған споттер – күнделікті шебердің қолданатын құралдарын сатып алған.

Дәнекерлеуші – өте дәлдікті, шеберлікті қажет ететін мамандық. Бүгінде оның қызметіне жүгінбейтіндер сирек. Дәнекерлеуші далада да, қалада да қажет. Бүгінде Ильяс Әділбектің дәнекерлеу жұмысына тапсырыс беретіндердің саны артып келеді.

Есік қаласы мен айналадағы ауыл адамдары темір қақпа, сәкі жасатуға қолы алтын шеберлерді жиі іздеп келеді. Одан бөлек, көлік тағы басқа ұсақ-түйек темірдің сынған бөлігін де келіп дәнекерлетіп алатындар көп. Дәнекерлеу жұмысына көктем мен жаз мезгілінде сұраныс артады дейді олар.

– Қазір 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Олардың  бәрі 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар дәнекерлеу ісінің шеберлері. Сонымен қоса, арнайы цехта дәнекерлеуші аппараттар да бар. Шеберлер тапсырыспен темірден оюлап дарбаза жасап, балалар бақшасына әткеншектер орнатып, терезелерге темір қоршау қоюмен айналысады. Біздің жасаған бұйымдар нарықтағы бағадан 10-15 пайыз арзан әрі сапалы. Сондықтан да тек ауданымыз ғана емес, өзге облыстар мен Астана қаласынан тапсырыс беретіндер де бар. Балабақшалар мен мектептерден де тапсырыс аламыз. Бірақ оларға жұмысын белгілі деңгейде жеңілідікпен жасап береміз. Қазір үйренемін, білемін деген адамға бәрі дайын тұр. Бұрыннан қолымнан келетін істі одан әрі жандандыру үшін іздену қажет екендігін түсіндім. Бүгінде біз әлеуметтік желінің мүмкіндігін кеңінен пайдаланып келеміз. Өзіміз дәнекерлеген жұмыстарымызбен қызмет түрлерімізді сонда жарнамалаймыз. Тапсырыс берушілердің көбі біздің жұмыспен әлеуметтік желі арқылы танысып, сапалы екендігіне көз жеткізген соң өнімдерімізді сатып алып жатады, – дейді жас кәсіпкер. Бүгінде өз шеберлігін шыңдап, аудан ғана емес тұтас ел аумағынан клиенттері көбейе түскен Ильяс Арыстанұлы өз кәсібінің өрісін кеңейтіп, Астана қаласынан жаңа дәнекерлеу цехін ашуды жоспарлап отыр. Бізде жалынды жасқа толағай табыс тіледік.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 938 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет