Сейсенбі, 08 Қараша 2022 10:00

Жигули Дайрабаев: Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамыту өте маңызды

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев бүгін Фарид Әбитаев басқаратын майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті.

Ұжым бүгінде сүт өндіру және өсімдік шаруашылығы бойынша республикада өте жоғары көрсеткішке ие. Майлы дақылдардың тұқым шаруашылығы саласында жетекші орында. Өз селекциясын жүргізетін заманауи тәжірибе жасау алқаптары бар. Былтыр «Ауыл» партиясы, Фарид Әбитаев және майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы «Жаңа Қазақстанға – жаңа ауыл» бағдарламасы аясында ШҚО-ның шалғай аудандарында МДТШ есебінен жаңа жерлерді игеруге, шағын шаруа қожалықтарының кірісін арттыруға  жақсы мүмкіндік беретін, тауар өндірушілер үшін тегін майлы дақылдардың күнбағыс гибридін екті.

Кандидат Жигули Дайрабаев партияластарымен, МДТШ еңбек ұжымымен кездесу барысында тәжірибелік алқаптарды аралап, сайлауалды бағдарламасымен бөлісті, елімізді аграрлық державаға айналдыру үшін қорға осындай жақсы тұқымдар қажет екенін айтты. Бүгінде Қазақстанда жетіспейтін тұқым шаруашылығын дамытудың өте маңызды екендігіне тоқталды. Мұнда Фарид Әбитаевтың тәжірибесі, МДТШ негіз ретінде алынуы керек. Олар қолданатын технологиялардан топырақ сапасы айтарлықтай жақсартатынына көз жетті. Ал бүгінде Қазақстанда қолданылатын технология топырақ сапасын жақсартпайды, тек сақтайды. 5-10 алқапты ауыспалы егістігі бар МДТШ тәжірибе алқаптарындағы топырақ құрылымының жылдан-жылға жақсарып келе жатқаны бірден байқалады.

Кандидат бұдан кейін жергілікті голштин тұқымы өсірілетін, жоғары өнімділігімен танымал сүт және мал шаруашылығы кешеніне барды. Ұжым жоғары көрсеткішке сапалы менеджмент пен жақсы жем-шөп базасы арқасында жетіп отыр. Мұнда қызметкерлер тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген. МДТШ «Солнечный» кентіндегі ауыл тұрғындарына қашанда қамқор. Шаруашылық өз  қызметкерлері үшін жақсы, заманауи үйлер салып, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуде. Табысты фермерлік ауылдың дамуына, жергілікті ауыл тұрғындары әл-ауқатының артуына осылай сеп болып отыр.

Оқылды 485 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет