Сейсенбі, 08 Қараша 2022 10:15

Көрсеткіштер көп мәселеге жауап бере алады

Статистика үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Себебі кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саясатта да, бизнес саласында да шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде де аталған саланың рөлі зор.

Статистика басқармасының міндеті – статистикалық мәлі-меттерді жинақтау, өңдеу, сақтау және тарату. Статистикалық есептердің нақты, әрі дәл мерзімінде тапсырылуы – барлық республикалық көрсеткіштердің сапасын және ресми статистикалық ақпаратты түзуді қамтамасыз етеді. Статистиканың басты функциясы – ақпаратпен жабдықтау. Кез келген салада бір нақты сан айтардан бұрын алдымен статистиканың берген мәліметіне жүгінеді. Аталған ақпараттармен қатар тұрғын үй деңгейі, жұмыссыздық, телекоммуникация байланысы, тұрмыс жағдайын анықтау бойынша сауалнамалар жыл бойы жүргізіледі.

Бүгінде штат кестесіне сәйкес аудандық статистика басқармасында 9 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Олардың 1-уі Шелек өңірінде.  Аудандық статистика басқармасының мәліметінше, өңірімізде 2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 2414 бірлікті, жеке кәсіпкерлер 10540 бірлікті және шаруа қожалықтары 9736 бірлікті құраған.

– Басқарма – негізгі есептерді жинақтаумен қатар жергілікті атқарушы органдармен, заңды тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады. Бүгінгі күні ауылдық округ әкімі аппараттарымен тығыз байланыс – «Электронды шаруашылық есеп кітабы» болып отыр. Электронды шаруашылық есеп кітабындағы мәліметтер – халық саны, статусы, ұлттық құрамы, білімі, үй жағдайы, қосалқы шаруашылығы, тағы да басқа  статистикалық есептерді жүргізуге тиімді, әрі ыңғайлы құрал. Электронды шаруашылық есеп кітабындағы мәліметтер дерек қорына енгізілетіндіктен және кезкелген деңгейде бақыланатындықтан мәліметтердің дәлдігінің маңызы орасан зор. Мәліметтердің бұрмалануы тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады, – дейді аудандық Статистика басқармасының басшысы Алуа Елеусізова.

2017 жылдың 24 ақпанынан бастап статистикалық есептілікті электронды түрде online режимде тапсыру үшін авторизацияның жаңа тәсілі және жаңа «Респонденттің кабинеті» іске қосылды. Деректерді online режимінде жинау ақпараттық жүйесі респонденттерге жүктемені азайту мақсатында әзірленген. Респонденттер өз есептерін Комитеттің www.stat.gov.kz және egov.kz интернет ресурстары арқылы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып жұмыс орнынан тапсыра алады.

Қалай десек те, мемлекеттік басқару органдарының, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздық, кедейшілік, баға, халықтың әл-ауқаты, инвестиция, төлем балансы, сыртқы экономика және тағы басқалар жөнінде сапалы және жедел статистикалық ақпараттардың мемлекеттік статистика жүйесінде өзіндік орны бар. Қысқасы, статистикалық мәліметтер – ел экономикасы мен аудандық көрсеткіштердің негізі.

Аудандық статистика басқармасының мәліметіне сүйенер болсақ, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ауданымыздың әр сала бойынша қосқан үлесі келесідей: өндіріс саласы – 5,1%, ауыл шаруашылығы саласы ең басым – 25,4%, инвестиция саласы – 11,5%, орындалған құрылыс жұмыстары бойынша – 10,0%, тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу бойынша – 6,2% және тауар айналымы саласы бойынша 10,6%-ды құрапты.  Алда бұл көрсеткіштердің жақсара түсетіні анық.

– Кәсіби мереке қарсаңында жауапты саланың жүгін арқалап жүрген жандарға тек табысты еңбек, асқан жауапкершілік және зор денсаулық тілеймін, – дейді  аудандық  статистика басқармасының басшысы Алуа Серіққызы.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 538 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет