Бейсенбі, 10 Қараша 2022 09:29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Рақымшылық жасау туралы

Осы Заң ізгілік қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.

1-бап. Рақымшылық жасау қолданылатын адамдар

Осы Заң 2022 жылғы 4 – 7 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының аумағында жаппай тəртіпсіздіктерге байланысты не олардың жолын кесу кезінде, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мынадай баптарында:

102-бапта (Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру);

103-бапта (Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру);

104-бапта (Абайсызда қазаға ұшырату);

106-баптың (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бірінші жəне екінші бөліктерінде;

107-бапта (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру);

112-бапта (Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру);

113-бапта (Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру);

114-бапта (Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру); 115-бапта (Қорқыту);

119-бапта (Қауiптi жағдайда қалдыру);

131-бапта (Қорлау);

132-бапта (Кəмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту);

149-бапта (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу);

155-бапта (Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау);

157-бапта (Ереуiлге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мəжбүрлеу);

187-бапта (Ұсақ-түйек жымқыру);

188-бапта (Ұрлық);

191-бапта (Тонау);

196-бапта (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу);

200-бапта (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу);

202-бапта (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру);

204-бапта (Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру);

207-бапта (Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу);

252-бапта (Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы);

269-1-бапта (Күзетілетін объектіге заңсыз кіру);

272-баптың (Жаппай тəртiпсiздiк) бірінші бөлігінде, егер бұл іс-əрекетті кəмелетке толмаған адам жасаса;

272-баптың (Жаппай тəртiпсiздiк) екінші жəне үшінші бөліктерінде;

273-бапта (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау);

274-бапта (Көрінеу жалған ақпарат тарату);

287-бапта (Қаруды, оқ-дəрiлердi, жарылғыш заттарды жəне жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);

288-бапта (Қаруды заңсыз жасау);

291-бапта (Қаруды, оқ-дəрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу);

293-бапта (Бұзақылық);

294-бапта (Тағылық);

345-бапта (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы);

350-бапта (Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру);

371-бапта (Салғырттық);

378-бапта (Билік өкiлiн қорлау);

379-бапта (Билік өкіліне бағынбау);

380-бапта (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану);

381-бапта (Прокурордың қызметiне кедергi жасау жəне оның заңды талаптарын орындамау);

384-бапта (Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру);

389-бапта (Өзiнше билiк ету);

400-бапта (Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жəне өткізу тəртібін бұзу);

401-бапта (Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау);

402-бапта (Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын əрекеттер);

414-бапта (Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау);

415-бапта (Айғақтар беруге мəжбүрлеу);

432-бапта (Қылмысты жасырып қалу);

433-бапта (Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру);

434-бапта (Қылмыс туралы хабарламау);

441-бапта (Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету);

453-бапта (Қызметке салғырт қарау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қолданылады.

2-бап. Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар

Осы Заңның күші:

1) террористік қылмыстар жасаған;

2) экстремистік қылмыстар жасаған;

3) азаптаулар жасаған;

4) кəмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдарға, мұндай қылмысты кəмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда;

5) мемлекетке опасыздық жасаған;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған;

7) жаппай тəртіпсіздіктер ұйымдастыруды жасаған адамдарға, мұндай қылмысты кəмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда;

8) жаза қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде тағайындалған адамдарға қолданылмайды.

3-бап. Рақымшылық жасауды қолдану шарттары, тəртібі жəне осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар

  1. Рақымшылық жасауға жататын адамдарға қатысты іс жүргізуде жатқан қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар туралы қылмыстық істер қылмыстық процесті жүргізетін органның осы Заңның 1-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар бөлігінде аталған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, тоқтатуына жатады.
  2. Рақымшылық жасауға жататын сотталғандар осы Заңның 1-бабында көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін жазадан (негізгі жəне қосымша) немесе оны одан əрі өтеуден босатылады.
  3. Рақымшылық жасауға жататын адамдарға осы Заңның 1-бабында көрсетілген ауыр қылмыстар жасағаны үшін сот тағайындаған негізгі жазасы – төрттен үшке, аса ауыр қылмыстар бойынша жартысына қысқартылады.

Бұл ретте, егер сотталған адамның осы Заң қолданысқа енгізілген күнге жазасын өтеуіне бір жылдан аспайтын уақыт қалса, негізгі жазасы оның бүкіл өтелмеген мерзіміне қысқартылады.

  1. Осы Заңның 1-бабында көрсетілген онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазасын өтеген немесе оны одан əрі өтеуден босатылған рақым-шылық жасауға жататын адамдардан сотталғандығы алынады.
  2. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар, сондай-ақ жазаны орындайтын мекемелер мен органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен оның орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі жəне облыстардың, республикалық маңы-зы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары мекемелерден боса-тылған еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əлеуметтік жəне өзге де көмек көрсету, сондайақ рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған белгiлi бiр тұрғылықты жері жоқ адам-дарды өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды əлеуметке қосуға арналған орталықтарға орналастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

4-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 2 қараша № 152-VІI ҚРЗ

Оқылды 648 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет