Бейсенбі, 10 Қараша 2022 09:45

Әр нысан әлеуметтің әлеуеті үшін жасалмақ

Аудан әкімі Алтай Досумбаев өңіріміздегі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап қайтты. Құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады.

Ең әуелі аудан әкімі Есік қаласындағы БМҚ (блокты-модульдік қазандықтар) жұмысының қарқынын тексерді. Бүгінгі таңда Есік қаласында 15 блокты-модульдік қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Оның 4-уі аяқталып, пайдалануға берілді, қалғаны жыл соңына дейін аяқталатынын айтты «Жетісу Энерджи» ЖШС мердігерлік ұйымы. Осы ретте Шелек ауылында тағы бір БМҚ құрылысы жүргізілуде, ол да жаңа жылға дейін аяқталады. Ағымдағы жылы 79  көппәтерлі тұрғын үй орталық жылуға қосылмақ.            

Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Бүгінде ауданымыздағы Көктөбе ауылдық округіндегі Қызылжар ауылын, Бәйдібек би ауылдық округін сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде. Айталық, Қызылжар ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмысына 24 адам тартылып, 6 техника жұмылдырылған. Жұмысқа мердігерлік еткен «Таир» ЖШС-і 17 дана құдық қазып, су құбырына қажетті 3700 метр полиэтилен құбырларын орнатып үлгерген.

Сонымен қоса, Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтуде. Бюджеттен 377 млн теңге қаржы бөлінген. Күрделі жөндеу жұмысы жыл соңында аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек.

Бәйдібек би ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңғыртуда 44 адам жұмыспен қамтылып, 12 бірлік техника жұмылдырылған. Мердігер мекеме – «Алихан ойл З» ЖШС-і 7 дана құдық пен 2560 метр құбыр жолын қазып, 480 метр полиэтилен трубалар орнатқан. Биыл Шелек ауылындағы кәріз жүйесі қайтадан жаңартылуда. Қазір аталған елді мекенде кәріз қондырғысының алаңын түзету, қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Сапар барысында Алтай Машикұлы Есік қаласы мен Шелек ауылындағы 60 пәтерлік тұрғын үйді абаттандыру жұмысын пысықтап, сондай-ақ, аудан орталығындағы 1500 орындық орта мектептің құрылысын да назардан тыс қалдырмады. Қазір Есік қаласындағы екі 60 пәтерлі, Шелек ауылындағы бір 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, қабылдау актісіне қол қойылды. Жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлер маңында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде.

Есік қаласында 1500 орындық орта мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мектеп құрылысы 2023 жыл 10 маусымында аяқталады деп  күтілуде. Алайда, аталған құрылыс жұмыстары жұмыс кестесінен 3 айға кешігіп келеді. Аудан басшысы мердігер мекеме «BI Global» ЖШС-не құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуді және сапаға баса назар аударуды міндеттеді.

Шелек ауылдық округінде салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде сапарын түйіндеді. Жобаға сай қос қабатты кешен ғимаратында 180 орындық көрермендер залы, 18/12 метрлік жаттығу залы, 18/12 метрлік бокс залы, 18/15 метрлік күрес залы, әкімшілік және қосымша кабинеттер бой көтермек. Аталған кешен құрылысына бюджеттен 1 млрд 836 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Мердігер мекеме «СП НЕФТЬ» ЖШС-і кешен құрылысын мамыр айында бастағанымен, түрлі қаржылық қиындықтар мен материалдардың тапшылығы жұмыстың қарқынды жүруіне тұсау салған көрінеді. Қазір  аталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы мен жертөле жұмыстары аяқталып, қабырғалары қалана бастапты. Мердігер мекеме тиісті мәселелер оң шешімін тапса, құрылыс қарқынын тездететіндіктерін жеткізді. Аудан басшысы Алтай Досумбаев жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Өңір басшысы әлеуметтің әлеуетіне қызмет ететін әр нысанға аса жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 702 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет