Жұма, 11 Қараша 2022 15:32

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК АГРАРЛЫҚ САЯСАТ ӘЗІРЛЕУ ҚАЖЕТ

Кеше ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов Қостанай облысына барды. Ол жергілікті халықты кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Ауыл» партиясының Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені мен ауылдық елді мекендерін дамыту мәселелеріне қатысты негізгі ұстынымдары туралы айтып берді.

Кандидаттың сенімді өкілі Қайрат Айтуғанов Қостанай ауданының Заречный кентінде орналасқан «Тарра» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті. Шаруашылық басшысы Владимир Семейкин «Тэрра» тауарлық және тұқымдық картоп, сондай-ақ қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз тәрізді көкөністер өндірумен айналысатынын айтты. Көкөністерді өндірудің тұқым отырғызудан бастап дайын өнімді сатуға дейінгі барлық үдерісі механикаландырылған, автоматтандырылған, мамандар бақылауымен жүзеге асырылады және жаңа технологиялардың барлық талабына жауап береді.

Бұдан кейін Қайрат Айтуғанов облыс фермерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде ол ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеу қажет екеніне тоқталды. Оны агроөнеркәсіптік кешенді және ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2070 жылға дейінгі ұзақ мерзімді ұлттық стратегиясын әзірлеу және қабылдау арқылы жасауға болатынына және оның төрт негізгі бағытты қамтуы тиіс екеніне назар аударды.

«АӨК – ті дамытудың Ұлттық стратегиясына бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сервистік-тұтыну кооперациясын ынталандыру негізінде ауыл шаруашылығының өндірістік инфрақұрылымын құру, екінші кезекте, түпкілікті нәтижеге бағытталған субсидиялау жүйесінен бастап ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесін реформалау қажет. Үшінші, фермерлерді салықтың барлық түрлерінен және ең бастысы, бүкіл тізбек бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, оны қайта өңдеу, азық-түлік тауарларын сату, экспорт және импорт тәрізді азық-түлік тауарларының айналымына қосылған құн салығынан босату керек. Төртінші бағыт - ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын – жолмен, сумен және электрмен жабдықтау, газдандыру, интернет, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілері және т. б.жаңғырту қажет», - деді сенімді өкіл.

Кездесу соңында Қайрат Айтуғанов фермерлермен пікір алмасып, кандидат Жигули Дайрабаевтың сайлауалды бағдарламасы туралы сұрақтарына жауап берді.

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі.

Оқылды 425 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет