Жұма, 11 Қараша 2022 15:39

Кандидат Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысы сайлаушыларымен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдері және қоғам қайраткерлерімен кездесті.

Алғашында үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі дамытуды қамтитын азаматтық қоғам тақырыбына толығырақ тоқталды.

Тараптар республикалық және салалық кәсіподақтардың жәй-күйі туралы пікір алмасты. Қазақстанның «дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» 131 Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциясын қабылдау қажеттілігі талқыланды.

М.Қажыкен сайлаушылармен кездесу кезінде осы құжатқа баса назар аударатынын атап өтті. Конвенция  бұл – ең төменгі жалақы деңгейін (ЕТЖ) анықтауда ескерілетін факторларды көздейді. Есептеу кезінде  елдегі жалпы жалақы деңгейін, өмір сүру құнын, әлеуметтік төлемдерді және басқаларын ескере отырып, жұмысшылар мен олардың отбасыларының қажеттіліктері қаралады.

«Конвенцияда ЕТЖ заң күшіне ие екендігі және оның төмендемейтіні анық айтылған. Ережені ескермеген жағдайда қылмыстық немесе басқа шаралар қолданылады. Бұл әсіресе жұмыс берушілер ең төменгі жалақыдан да төмен ақы төлейтін аймақтарда өте маңызды», – деді үміткер.

Кездесуге қатысушылар зейнетақы аударымдары, жалақы, жұмысқа орналасу тақырыптары мен өңірдің мәселелерін талқылады.

Штабтың баспасөз қызметі.

Оқылды 658 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет